file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

АқМешіт

 АқМешіт

Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.

Ресей империясы, Орынбор губерниясының әскери губернаторы В.А.Перовский бастаған отряд Ақмешіт бекінісін басып алуға жіберілді. Ол кезде В.Перовский Ресейдің Орта Азиядағы саясатын дербес жүргізуге толық құқылы адамдардың бірі болған екен. Ол, тарихи деректерге қарасақ, Қоқан хандығының бекінісі болып тұрған Ақмешітке 1853 жылы 2 шілдеде келіп жетіпті. Оның отрядында 2850 жауынгер, көптеген зеңбіректер, қару-жарақтар болған екен. Генерал бекіністің Түркістанмен, Ташкентпен, Бұхарамен, Хиуамен, басқа да жергілікті мекендермен қатынас жолдарына қатаң бақылау орнатып, сол жерлерге барлаушы топтар жіберіп отырған көрінеді.

Ақмешітте 400-ден астам сарбаз, зеңбіректер, қару-жарақ қоймасы болды. Жасақтарды Бекбай, Құлбай, Қаңлыбай деген қазақ жүзбасылары және Лепес есімді қарақалпақ басқарды. Тыңғылықты әзірліктен кейін 28 шілдеде генерал шешуші шайқас бастады. Оған қазақ сұлтандары Елекей (Ермұхамед) мен Мұхамеджан Баймұхамедовтің қарулы күштері де қосылды. Қорғанды алу кезінде 230 ақмешіттік қаза тауып, 77-сі (35-і жаралы күйінде) тұтқынға түсті. Ақмешіттің ойрандалуы Ресей империясының Орта Азияны одан әрі отарлауына жол ашты. Ақмешіт генералдың құрметіне 1853 жылы 31 тамыздан бастап «Перовск форты» болып аталды.

Қазан көтерілісінен кейін ғана бекініске Ақмешіт аты қайта берілді. Ол Сырдария облысының уездік орталығына айналды. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, қала 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болып тұрды.


Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?