Формулаларды пайдаланып периметрді табу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Матматика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 С бөлім «Аудан және периметр»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күн

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып:

Қатысқандар:17

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Формулаларды пайдаланып периметрді табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.8 Үшбұрыштың (Р=а+в+с), тіктөртбұрыштың (Р=(а+в)·2), шаршының (Р= а·4) периметрін табу

2.3.2.5 Фигуралардың формасын өзгерту және периметрі мен ауданы қалай өзгеретінін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Формулаларды пайдаланып берілген фигуралардың периметрін, ауданын есептей алады. Фигуралардың өзгеруіне қарай периметрі мен ауданы қалай өзгеретінін түсінеді.

 Бағалау критерийлері

Үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың, шаршының периметрлерін табу формулаларын біледі;

Фигуралардың периметрін формулалардың көмегімен дұрыс анықтай алады.

 Тілдік мақсат

 

Аудан, периметр, ара қашықтық ,метр, шаршы метр, ар, гектар,тікбұрыш,үшбұрыш, көпбұрыш, бесбұрыш,алтыбұрыш

ұзындық, ен, қабырға, бет, үлкенірек, ең үлкен, кіші, ең кіші, бөлім, алаң, корт.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектеп айналасының ауданы мен периметрі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.

Тым еңкейме, қатты кетпе шалқаңа,

Салмақ салма, беліңе һам арқаңа.

Зейінді бол оқығанда, жазғанда,

Түзу, еркін, тыныш отыр партада.

Сабақ ортасы

(Ұ) Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрін табу үшін:

1-тәсіл: Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;

2-тәсіл: Оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған қосындының мәнін 2-ге көбейту арқылы

Шаршының периметрін былайша табуға болады:

1-тәсіл: Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу.

2-тәсіл: Оның бір қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту

,ОТ,Т) Топпен жұмыс.

«Кім жылдам?» ойыны.

Әр қатарға бір топқа тапсырма беріледі.

1 – тапсырма.

1-қатарға. Берілген үшбұрыштың қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.

2-қатарға. Берілген төртбұрыштың қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.

3-қатарға. Шаршының қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.

2 – тапсырма.

Р = 2см + 2см + 3см + 3см = 10смР □ = 1см + 1см + 1см + 1см = 4 смР ◊ = 2 см + 3 см + 4 см + 1 см = 10 см

,ОТ) Шығармашылық есеп

Барлық қабырға тең екен, 

Бұрыштары тік болса,

Өлшеп көрсем төрт екен.

Қабырғасы төртеуден.

Табуды біз үйрендік, 

Ұзындығы 3 болса, 

Ені оның 2ге тең.

Есептеп сен айта ғой,

Периметрі нешеге тең?

(Ұ) Сергіту сәті.

Екі қолды созып алға,

Деміңді ал дұрыстап.

Екі аяқты қосып бірге,

Денеңді тұр тік ұстап.

Бір,екі,үш,

Тізе бүкпей иілесің

Қиын санап шошыма.

Қолдың ұшын тигізесің

Аяғыңның басына.

) Жұппен жұмыс. Берілген үшбұрыштың периметрін есепте.

Таныстырылым

Постер, маркер.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға жұппен жұмыс орындау барысында қабілеті жоғары оқушылармен жұптастыру.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу