Мектеп айналасының ауданы мен периметрі. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

бөлім: « Геометриялық фигуралар. Периметр.Аудан»

Күні: 4 тоқсан

СЫНЫП: 2

Көкшетау қ.ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімніңаты-жөні:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Мектеп айналасының ауданы мен периметрі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.3.1.3 көпбұрыштардың, қоршаған әлем заттарының ұзындықтарын өлшеу және периметрді

Р= (а+в) ·2,

Р = а · 4,

Р=а+в+с,

тіктөртбұрыш ауданын S=a·b, шаршы ауданын S=a2 табу формулаларын жалпылау, құрастыру, қолдану.

Сабақ мақсаттары

Қоршаған ортадағы төртбұрышты заттардың ұзындықтарын өлшеу және периметрді формулалар арқылы анықтау.

Р= (а+в) ·2, Р = а · 4.

Бағалау критерийлері

  • Төртбұрышты заттардың периметрін табады.

Тілдік мақсаттар

 

Периметр, ұзындық, ені, қоршаған орта заттар,т.б. сөздер мен сөз тіркестерін, математикалық терминдерін қолданады.

Құндылықтарды дарыту

 - құрмет;

 - ынтымақтастық;

 -өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Есептерді шешу

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

І Ұйымдастыру бөлімі

Мақсаты:Сыныпта жағымды ахуал орнату.

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Математика ілімін

Лезде қағып аламыз.

(Ұ,Қ) «Миға шабуыл»

Мақсаты: оқушының қызығушылығын арттыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

-Балалар, айналамызға қарайықшы, нені көріп тұрсыңдар?

- Аталған заттарда қандай ұқсастық бар?

- Олардың пішіндері қандай?

- Ал, оларды қалай өлшеуге болады?

- заттарды өлшеу үшін қандай құралдарды пайдаланамыз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-Бүгінгі сабақта не үйреніп, не білеміз деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптарын тақтаға критерий ретінде жазу.

Презентация

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

(МК,Ұ) Периметр дегеніміз не?

Мақсаты: периметр ұғымын сөздік қорларына енгізу, түсінік қалыптастыру.

  • Периметрмен таныстыру, түсіндіру, формуласын енгізу.

Тік төртбұрыштың формуласы: Р= (а+в) ·2,

Шаршының формуласы: Р = а · 4,

Үшбұрыштың формуласы: Р=а+в+с.

) Топпен жұмыс.

Мақсаты: Периметр жайлы алған білімдерін тиянақтау, пысықтау.

Енді топта мынадай жұмыс жасаймыз.

1-топ: сыныптағы кілемнің ұзындығы мен енін өлшеп, периметрін табыңыздар.

2-топ: сынып есігінің ұзындығы мен енін өлшеп, периметрін табыңыздар.

3-топ: топта отырған бір партаның ұзындығы мен енін өлшеп, периметрін табыңыздар.

4-топ: шкафтың ұзындығы мен енін өлшеп, периметрін табыңыздар.

5-топ: кітап сөресінің ұзындығы мен енін өлшеп, периметрін табыңыздар.

Топтар бірін-бірі тексереді, бағалайды, қателіктер талданады.

(Ө, Қ) Оқушылар слайдта берілген тапсырма бойынша жұмыс істейді.

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білімдерін анықтау.

№1.Тік төртбұрыш тәріздес ұзындығы 10 м, ал ені 5 м. Бақшаның периметрін тап.

№2 Ұзындығы 5 см, ені 3 см болатын тік төртбұрыш сыз. Периметрін тап.

№3Қабырғалары 9 см тең шаршының периметрін тап.

Дескрипторлар:

  • Тік төртбұрышты бақшаның периметрін табады.
  • Тік төртбұрыш сызады.
  • Тік төртбұрыштың периметрін табады.
  • Шаршының периметрін табады.

Әрбір дескрипторға 1 баллдан беріледі.

Жоғарғы балл-4 балл.

Жұптасып бір – бірінің жұмыстарын дескирпторлар арқылы тексереді, бағалайды.

Слайд, үлестірмелі парақшалар

Өздік тапсырмалары

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

     -Бүгін  сабақта  не істедік?

    -Қандай  тапсырма қиын  болды?

-Не жеңіл болды?

Өзін бағалау:Бағдаршам арқылы өздеріңді бағалаңдар.

Бағалау кезінде сабақтың басында қойылған критерийлерге қайта оралу.Критерийлерді оқып, стикерді бағдаршамның көздеріне жапсыру арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

Стикерлер Бағдаршам

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау –оқушылардың прогресін/білімін қадағалауды сіз қалай жоспарлайсыз?

Оқу байланыстарыДенсаулық пен қауіпсіздік

Топтық жұмыста мотивациясы төмен оқушыларға есепке сәйкес тірек сөздерді беріп, қолдау жасап отыруды жоспарладым.Мотивациясы жоғары оқушылар өздігінен тапсырманы орындады.

  • Бақылау, сұрақ қою, топтық жұмыстың нәтижелері,ЖБ нәтижесі.
  • Сыйласытқ, ынтымақтастық

Рефлексия

Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қолжеткізілетіндей болды ма?

Бүгін оқушылар неге үйренді?

Оқыту атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолдан келді ме?

Мен уақыттық кестені ұстандым ба?

Мен жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен?

Уақыта ясы?

Мен жоспарыма қандай өзерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Неғұрлым жемісті екі сәтті атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ықпал ететіндей екі жайтты атаңыз (сабақберуде де, оқытуда да)?

1:

2:Мен сынып пен жекелеген оқушылар туралы жаңа нені білдім және бұл менің келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу