Көпбұрыштардың периметрі мен ауданын табу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 С бөлім «Геометриялық пішіндер. Периметр. Аудан»

Мектеп: Көкшетау қаласы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:4 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көпбұрыштардың периметрі мен ауданын табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.3 көпбұрыштардың, қоршаған әлем заттарының ұзындықтарын өлшеу және периметрді

Р= (а+в) ·2,

Р = а · 4,

Р=а+в+с,

тіктөртбұрыш ауданын S=a·b, шаршы ауданын S=a2 табу формулаларын жалпылау, құрастыру, қолдану.

2.3.1.4 периметрі және белгілі қабырғалары бойынша фигураның белгісіз қабырғасын табу

 Сабақ мақсаттары

Тіктөрбұрыш пен шаршының ауданын табу үшін формулаларды пайдаланып есептейді. фигураның белгісіз қабырғасын табады, ол үшін формуланы түрлендіреді.

 Жетістік критерийлері

Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формуласын біледі;

Тіктөртбұрыштың/шаршының белгісіз қабырғасын анықтау үшін оның ауданын табу формуласын түрлендіре алады;

Формуланы пайдаланып, фигураның белгісіз қабырғасын дұрыс анықтай алады.

 Тілдік мақсат

 

Аудан, периметр, ара қашықтық ,метр, шаршы метр, ар, гектар,тікбұрыш,үшбұрыш, көпбұрыш, бесбұрыш,алтыбұрыш

ұзындық, ен, қабырға, бет, үлкенірек, ең үлкен, кіші, ең кіші, бөлім, алаң, корд сөздер мен терминдерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалог барысында сөйлесу мәдениетін қалыптастыру арқылы ынтымақтастық, шығармашылық және еңбек құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектеп айналасының ауданы мен периметрі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.

Саған есеп үйреткен,Пәнге қара құрметпен.Санды тура табатын,Қиын, әрі қызықты,Математика болатын.

-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін ойын ойнайық.

Сабақ ортасы

3-37 минут

,ОТ) «Тез есепте» ойыны.Барлық қабырғасы тең екен,Өлшеп көрсем төрт екен.Табуды біз үйрендік,Есептеп сен айта ғой,Периметрі нешеге тең?Бұрыштары тік болса,Қабырғасы төртеуден.Ұзындығы 3 болса,Ені оның 2 - ге тең.Есептеп сен айта ғой,Периметрі нешеге тең?

-Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?

-Оқу мақсатына қарап, қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау, бағалау критерийлерін тақтаға жазу/

Тік төртбұрыш Шаршы- Неге бұл фигураны тік төртбұрыш дейміз?- Тік төртбұрыштың неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар- Тік төртбұрыштың қандай қасиеті бар?- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?Р =а + в + а + в- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

Оқушылардың мүмкін жауабы:Оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.S = а * в

Тік төртбұрыштың ауданын 2 тәсілмен табуға болады:1 - тәсіл: оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.S = а * в2 - тәсіл: көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланамыз:S = в * а

) Жұппен жұмыс

Мақсаты:Оқушылардың жұпта бірігіп отырып, білімдері қолдана алуын анықтау. Күнтізбенің ұзындығы - 10 смЕні – 7 смР -?см

S–кв.см?

Ш:Р=(10+7)*2 = 34 см

S = 10 см * 7 см = 70 кв см

(Ұ) Cергіту сәті

1, 2, 3, Бойға жинап күш.

4, 5, 6, Отыр, тұр, шалқы.

7, 8, 9, Тартамыз біз қобыз.

10, Орныңа қон.

) Есепте

Тапсырма: Формуланы түрлендіре отырып, есепті шығар.

Мақсаты:Оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту.Формулаларды түрлендіре алу қабілеттерін байқау.

Р= a+b * 2

a - 15 см

b - ?

Р = 36 см , S = 45 кв.см

B=P- (a+a) :2 b = (36 – (15+15) :2 b = 3 см

b = S : a b = 45: 15 b=3 см Топтар тапсырмаларды орындап болған соң, парақтарымен ауысп, өзара тексеру және өзара бағалауды өткізеді.

Таныстырылым

http://en.wikipedia.org/wiki/Pitch_(sports_field)

Постер, маркер.

Үлестірмелі парақтар

карточкалар

Сабақтың соңы

37-40 мит

Кері байланыс:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңалықтарды білдіңдер?
  • Не қызықты болды?
  • Не қиын болды?

Өзін бағалау

Оқушылар түрлі-түсті стикерлер арқылы БАҒДАРШАМ әдісі бойынша өз жетістіктері мен білімдерін бағалайды.

Стикерлер мен бағдаршам

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға жұппен жұмыс орындау барысында қабілеті жоғары оқушылармен жұптастыру.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу