Тура және жанама сұрақтары бар есептерді шығару. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A-бөлім: Шамалар. Есептер | Көкшетау қаласы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалім: Қатысқандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 2 | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Тура және жанама сұрақтары бар есептерді шығару | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасына сілтемеу) | 2.5.1.3** есептерді талдау және шешу/тура және жанама сұрақтары бар есептерін талдау және шешу | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Есептерді талдау және шешу/тура және жанама сұрақтары бар есептерін талдау және шешу | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Есептің шарты,сұрағы, шешуі,жауабы, сандық модель, алгоритм, т,б, сөздер мен терминдерді пайдаланады. | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Cабақ барысында тапсырмаларды орындау үшін топта, жұпта бірігіп жұмыс істеу арқылы ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық құндылықтарын дарыту. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүниетану | ||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы Меңгерілген білім | Есептерді тиімді әдіспен шығара алады. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңбарысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Оқушылар тұрып, бір-біріне қарап сәттілік тілейді. -Кел, жаныма тұр, сыныптас, Өз алақаныңды маған аш. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос! Оқушылар қарсы тұрып, басбармақтан бастап кезек-кезек саусақтарының ұштарын бір-біріне тигізеді. 1- барлық 2- істе 3-саған 4-сәттілік 5-тілеймін 6-алақандарын қосады -РАХМЕТ! Сабақтың тақырыбын ашу «Викториналық сұрақтар»
Бүгінгі сабақтың тақырыбы:Тура және жанама сұрақтары бар есептер Сабақтың мақсаты арқылы критерийлерді анықтау. Есептерді талдау және шешу/тура және жанама сұрақтары бар есептерін талдау және шешу | слайд | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 13 минут 7 минут 5 минут 5 минут | (Ұ,Қ)Тақтамен жұмыс. Тапсырма:Есепті шығар және кері есеп құрастырыңдар: 27 алманы үш себетке тең бөліп салу керек. Әр себетте неше алма болуы керек? Жауабы: 9 алма Бұл қандай есеп? Сөзді есеп. Оқушылар топта отырып, кері есеп құрастырады.Соңында өзара тексеру мен бағалау өткізіу Жанама сұрақтары бар есептер Бір себетте 9 алмадан. Бұл үш себеттегі алмадан 3 есе кем. Үш себетте неше алма?
(Ө) Жұмыс дәптерінен есептер шығару № 4 жұмыс дәптері, 23-бет 24 см, бұл 2 есе кем (Т,Қ)Топтық жұмыс «Ойлан тап» ауызша есептеу тәсілі Мақсаты:Сабақта алған білімдерін пысықтау, топта жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Сыныпта 30 бала болды, 10 бала шығып кетті, 5 бала қайта кірді. Сыныпта неше бала болды? Қай өрнек есептің шешуі бола алады? (30-10)-5= (30+10)-5= (30+10)+5= (30-10)+5= (Ж,Қ)Жұптық жұмыс. «Дұрыс есептей білейік» Тиісті жерге жақша қой: 10+60-40=30 70-20+10=20 100-50-50=0 70-20+10=40 80-30-30=20 100-50-50=100 Оқушылар дайын үлгі бойынша өздерін бағалайды.Балл санын есептейді. (Ө,Қ)Өздік жұмыс Карточкамен жұмыс. Мақсаты:Оқушылардың білімдерін бекіту. | Үлестірмелі парақтар Үлестірмелі парақтар, жұмыс дәптерлері карточкалар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: Не үйреніп,не білдік?
Бағалау «Жетістік баспалдағы» арқылы оқушылар критерийлер бойынша өздерін бағалайды. | Стикерлер жетістік баспалдағы | |||||||||||||||||||||||
Дифференциация Қабілеті жоғары оқушыларға топтық жұмыс түрлерін беру |
Кері байланыс кестені толтыру арқылы жасау: | Денсаулық сақтау Қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?