Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері". Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: НЗМ, Астана қаласы | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Уайесов Әлішер Жәнібекұлы | |||||||||||||||||||
Сынып: 9 |
| |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері" | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру; 9.2.1.18 азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру; 9.2.1.19 азот қышқылының басқа қышқылдар-мен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы мақсатқа жетеді, егер:
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика қолданады:
| |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика; Математика; Биология; География. |
Сабақ жоспары
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Оқушылармен амандасу. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру. Сабақта сәтті, табысты жұмыс тілеу.. Ауызша сауалнама түрінде үй жұмысын қайталау. Сонымен, бүгінгі сабақта азот қышқылының қасиеттерін зерттейміз! 1. Келесі қосылыстарды атаңыздар: 2. Осы заттардағы азоттың тотығу дәрежесін анықтаңыздар. 3. Азот қышқылында азоттың валенттілігі нешеге тең? Проблемалық сұрақ: Неліктен азот қышқылында азоттың тотығу дәрежесі +5, ал валенттілігі IV-ке тең. | Презентация Power point | |||
Сабақтың ортасы | Түсіндіру: Азот қышқылы – ұшқыш, түссіз сұйықтық, суда шексіз ериді, өткір иісі бар Тбалқу = -41 °C; Тқайн = 82,6 °С, ρ = 1,52 г/см3. Қышқылдану кезінде азот қышқылының ең аз бөлшектерінен тұратын тұман пайда болады. - Зертханалық алу әдісінің өндірістік әдістен айырмашылығы қандай? Проблемалық сұрақ: Өнеркәсіпте азот қышқылын қалай алуға болады? Мұғалім әртүрлі нұсқаларды тыңдайды, содан кейін оның өндірістік әдісі туралы айтады. Алынуы: Сұйылтылған азот қышқылын өндіру үдерісі үш кезеңнен тұрады: 1) азот оксидін алу үшін аммиак түрлендіру4NH3 + 5О2 → 4NO + 6Н2О 2) Азот оксидінің азот диоксидіне дейін тотығуы2NO + О2 → 2NO2 3) азот оксидінің сумен абсорбциясы4NO2 + О2 + 2Н2О → 4HNO3 Азот қышқылы түзілуінің жалпы реакциясы NH3 + 2О2 → HNO3 + Н2О Азот қышқылының қандай қасиеттері бар? -қасиеттерін зерттеу үшін тәжірибелік зертхана жүргізейік. Мұғалім алдын-ала дайындалған әр тәжірибе сипатталған жұмыс парағын оқушыларға таратады. №13 тәжірибелік зертхана. Мақсаты: азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттерін зерттеу. Реактивтер мен құрал-жабдықтар: азот қышқылы ерітіндісі, лакмус, фенолфталеин, калий оксиді ұнтағы, сілті ерітіндісі, сынауықтар, тамшуыр, бор немесе калий карбонаты ерітіндісі, газ құбыры, әк суы, тығын, штатив. Тәжірибе №1. 1. Қышқыл диссоцациясы: Сынауыққа 3-4 мл азот қышқылы ерітіндісін қосыңыз, содан соң 2 тамшы лакмус ерітіндісін тамызыңыз. Азот қышқылының диссоциация теңдеуін жазыңыз. ______________________________________________________ Қорытынды: ……………………………………………………………….…… (оқушы ұсынуы қажет жауап: индикатор түсінің өзгеруі сутегі катионының болуын дәлелдейді) Тәжірибе №2. Негіздік оксидтермен әрекеттесуі: Сынауыққа 3-4 мл азот қышқылы ерітіндісін қосыңыз, содан соң 2 тамшы лакмус ерітіндісін тамызыңыз. Содан соң түсі өзгергенше калий оксидін қосыңыз. Ерітіндінің түсі неге өзгерді? Реакция теңдеуін жазыңыз. ______________________________________________________ Қорытынды: ……………………………………………………………….…… (оқушы ұсынуы қажет жауап: азот қышқылы негіздік оксидтермен реакцияға түседі) Тәжірибе №3. Сілтімен әрекеттесуі: Сынауыққа 3-4 мл сілті ерітіндісін қосып, 2 тамшы фенолфталеин тамызыңыз. Содан соң түсі өзгергенше азот қышқылы ерітіндісін құйыңыз. Ерітіндінің түсі неге өзгерді? Реакция теңдеуін жазыңыз. ______________________________________________________ Қорытынды: ……………………………………………………………….…… (оқушы ұсынуы қажет жауап: азот қышқылы сілтілермен реакцияға түседі) Тәжірибе 4. Тұздармен әрекеттесуі, әлсіз қышқылдарды тұздарынан ығыстырады. Сынауыққа бор салып, оған азот қышқылын қосыңыз. Бөлінген газдың көмірқышқылы екенін қалай дәлелдей аласыз? Реакция теңдеуін жазыңыз. ______________________________________________________ Қорытынды: ……………………………………………………………….…… (оқушы ұсынуы қажет жауап: азот қышқылы әлсіз қышқыл тұздарымен реакцияға түседі) Жұмыс бойынша жалпы қорытынды: ……………………………………………………………….…… ……………………………………………………………….…… ……………………………………………………………….…… Азот қышқылы басқа қышқылдарға тән қасиеттерін көрсетеді. | ||||
Сабақтың соңы
| Рефлексия: Стикердегі сөйлемдерді жалғастырыңыз.
Үй жұмысы: Карточкадағы жаттығуларды орындаңыздар. Нұсқа І 1. Қай жүйеде азот тотықтырғыш қасиет көрсетеді? 2. Қандай молекулалық реакция теңдеуі төмендегі иондық теңдеуге сәйкес келеді? Нұсқа ІІ 1. Қай жүйеде азот тотықтырғыш қасиет көрсетеді? 2. . Қандай молекулалық реакция теңдеуі төмендегі иондық теңдеуге сәйкес келеді? Жауаптар: Нұсқа І
2. б | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалд ымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілетті оқушылар жұптарда талқылауды ұйымдастырады. Жұлдызша белгісіндегі дифференциалды тапсырмаларды орындайды * | 1. Тақырыптың мәселелерін талқылағанда топтардағы өзіндік бағалау және өзара бағалау. | Партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?