Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері". Химия, 9 сынып, қосымша материал 3.
Теориялық сипаттама;
Азот қышқылының химиялық қасиеттері
Азот қышқылы- күшті қышқыл. Судағы ерітіндісінде толық диссоцияланады.
HNO3 = H+ + NO3-
Барлық қышқылдар сияқты азот қышқылы да:
а) металл оксидтермен:
MgO+2HNO3= Mg(NO3)2 + H2O
ә) негіздермен:
Mg(OH)2 + 2HNO3 = Mg(NO3)2 + 2H2O
б) әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі:
Na2CO3 + 2HNO3 = 2NaNO3 + CO2 + H2O
Азот қышқылы – күшті тотықтырғыш. Ол алтын Au мен платинаданPt басқа барлық металдармен әрекеттеседі. Молекуласын тотықтырғыш рөлін NO3-ионы атқаратындықтан сутек бөлінбейді. Реакция нәтижесінде тұз және сумен қатар азот қышқылының тотықсыздану өнімдері түзіледі. /электронды оқулықпен жұмыс /
Cu+ 4HNO3 = Cu(NO3)2 + 2NO2 +2H2O
N+5 +1e = N+4 /2
Cu0 -2e = Cu+2 / 1
Концентрлі азот қышқыл өте күшті тотықтырғыш, ал органикалық заттар (скипидар, ағаш ұнтағы, т.б.) күшті тотықтырғыш заттар болғандықтан , олар азот қышқылымен әрекеттескенде реакцияның тез жүретіндігі сондай, органикалық заттар от алып жанады. Азот қышқылы сондай-ақ тері, жүн, жібек маталарды бүлдіреді. Сондықтан азот қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?