Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3C бөлім Санды өрнек әріпті өрнек Теңдеулер

Күні

Сынып: 2А

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.3 тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиетін және көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдану

Сабақ мақсаттары

  • тиімді есептеу тәсілін біледі;
  • көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдана алады

Бағалау критерийлері

тиімді есептеу тәсілін біледі;

көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ – мен және қазақ тілі сабақтарымен байланыс орнайды.

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз Біз

ОМ таныстыру

  • Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданып,сандарды көбейтуді үйренесің.

оқулық;

әр топ үшін геометриялық фигуралар жиынтығы; ламинатталған қағаздар, маркерлер; белгі беретін кеспеқағаздар.

Сабақтың ортасы

(Т) Әр топқа геометриялық фигуралар жиынтығын ұсыну.Оқушылар геометриялық фигураларды әрбір қатарда 3фигурадан болатындай етіп, 5 қатарға тізіп қоюы керек.

-Қатар нешеу? (5)

-Әрбір қатарда неше фигура бар?(3 тен)

-Барлығы неше фигура бар?(15)

-Қалай білдің? (3х5)

-Ал енді фигураны басқа жағынан санаңыз

не өзгерді?

(Қатар саны мен әр қатардағы фигура саны.)

-Қандай өрнек құрастыруға болады? (5х3)

-Мәндерді тең деп айтуға бола ма?

-Неліктен?

Оқулықтағы ережемен таныстыру.

Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтінді өзгермейді. а х в= в х а

(Ұ)Әрбір қаптамада қанша теннис добы бар?

Әр қатарда қанша доптан бар?

Қанша қатар бар?

Әр қаптамадағы допты табу үшін өрнек құрастыр.

Екі өрнектің мәнін салыстыр.

Жауабы:

4x3=12 3x4=12

Ережемен таныстыру

Спорттық қонжықтар

Әр қонжыққа велосипедін табуға көмектес. Өрнектің мәнін тап.

(Ж) Шығарып көр

Семейде -7 спортшы

Көкшетауда – ? 3 есе артық спортшы

Барлығы ?

Шешуі: 1 тәсіл:

1) 7х3=21(с)- Көкшетаудан келген спортшы.

2) 21+7=28(с)

2 тәсіл: (7х3) +7 =28 (с)

Жауабы: жарысқа барлығы 28 спортшы қатысты.

Ойлан!

Теңдік дұрыс болатындай етіп, түсіп қалған сандарды қой.

7x2=2x 3x5= x3

4x6=6x 8x3= x8

Сабақтың соңы

Есте сақта! Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Шығарып көр», «Ойлан!»

Тапсырмасын орындау барысында қиындық туындаған оқушыларға жеке қолдау көрсету

Оқушыларды бақылай отырып,кімге көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданып, сандарды көбейту қиындық туғызғанын анықтау.

Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін анықтау сұрақ қою:

  • 4х8 өрнегінің мәні неге тең?
  • Егер көбейткіштердің орнын ауыстырса, көбейтіндінің мәні өзгере ме?
  • Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін көрсететін теңдікті әріп арқылы жаз.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу