Азот. №11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі ». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1А. | Мектеп: НЗМ. Талдықорған қаласы | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Азот. №11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі » | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсінеді - азот молекуласының құрылысын сипаттау - азотқа периодтық кестедегі орны бойынша сипаттама беру - азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалау | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар біледі:
Көпшілік оқушылар біледі:
Кейбір оқушылар біледі:
| ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Азот молекуласының формуласын біледі Азот молекуласының түзілу схемасын түсіндіре алады | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Сұрақтар қою және оларға нақты дұрыс жауап беру, азоттың
Пәнаралық лексика және терминология Азот – ауаның құрамына кіреді, көлемдік үлесі... Жер қыртысының ... салмағында ... азот болады т. б. Сұхбат/хат үшін сөздердің пайдалы топтамасы Нелер орын алады егер ...? Ауадағы азоттың мөлшері көбейсе, онда ... ? ...ағзалар өледі/ қалдықтар ыдырайды? Қалай … Азоттың тотығу дәрежелері ..................................., неліктен?
| ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Экологияны таза ұстауға тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауды және ЖА қалыптастыру | Мәңгілік ел Жалпы әлемдік және аймақтық маселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандык катысуы құндылығы тұрғысында
құндылықтарын дарыту ынтымақтастыру атмосферасын құру, әңгіме-сұхбат жасау арқылы, топтық жеке сыныппен бірлесе отырып тапсырмаларды орындау барысындағы нақты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Азотқа жалпы сипаттама беру мақсатында, азот қосылыстарының қоршаған орта мен тірі ағзаларға әсері
байланыстыру арқылы іске асады. | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Азоттың қоршаған ортаға әсерін интернет жүйесінен қарастырылады. Презентация, бейнетаспалар, суреттер, сызба кестелер көрсетіледі. | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Алдыңғы бөлімдердің барлығымен дерлік байланыс бар Атом құрылысы (2) (7.1В) Химиялық реакциялардың мысалдары (7.2В) Химиялық реакциялардың мысалдары(9.1С) | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-3 минут 4-10 минут | Ынтымақтастық атмосферасын құру Шеңбер түзе айнала дөңгелекке тұрып шаттық шеңберін ұйымдастыру. 1, 2, 3, 4-ке дейін санау және төрт топқа бөліну ұсынылады. Химия кабинетінде қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру мақсатында химия кабинетінде қауіпсіз жұмыс жасау ережелері бейнеленген суреттер мен онлайн ресурстар таратылады. | Химия кабинетінде қауіпсіз жұмыс жасау ережелері бейнеленген онлайн ресурстар, арнайы журнал | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 11-15 минут 16-21 минут 22-30 минут 31- 40 минут
41-50 минут 51-60 минут 61-66 минут
67-77 минут | Қауіпсіздік ережелері талқыланып болғаннан кейін жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылардың өздеріне тапқызамын, ол үшін оқушыларға тақырыпқа қатысты жұмбақ жасырамын. Жұмбақ: Бұл элементті алғаш рет ағылшын химигі Д.Резерфорд сипаттап, 1772 жылы, осы элементтің ресми ашылған жылы болып есептеледі. Бос күйінде бұл элемент екі атомнан тұратын жай зат түзеді. Ауаның құрамында оның 78,1% кездеседі. Байланысқан күйінде бұл элемент бейорганикалық тұздар, (селитралар) және нәруыздар шірігенде пайда болатын өнім аммиак түрінде кездеседі. Бұл қай элемент? Әңгіме-сұхбат жүргізу мақсатында азоттың периодтық кестеде орналасуына сәйкес сипаттама беру үшін оқушыларға төменде берілген сұрақтарға жауап беру ұсынылады:
(I) (F) Жеке тапсырма: Нүктелер және айқыштар арқылы азот молекуласының сыртқы қабаттағы электрондарды тауып, азот молекуласының электронды құрылымын салуы керек. Топтық жұмысТапсырма: Азот молекуласының түзілуін сутегі және оттегі молекулаларының түзілуімен салыстыру. (W) Үштік байланыстың салдарын талқылаңыз: байланыстың күшті болуы белсенділіктің төмендеуіне әкеледі. Қорытынды жасау: сутегі молекуласының байланыс реті 1, оттегі молекуласының байланыс реті 2, ал азот молекуласының байланыс реті 3-ке тең. Үштік байланыстың түзілуі салдарынан азот енжарлық танытады, байланыстың күшті болуы белсенділіктің төмендеуіне әкеледі. (G) (F) №11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі»Тапрсырма: сутегі, оттегі, азот молекулаларының шар тәрізді модельдерін құрастыру ТОПТЫҚ ЖҰМЫСБерілген суретке қарап азоттың табиғаттағы айналымын түсіндіру Азоттың табиғаттағы айналымын түсіндіру Бағалау критерийі:
Бейне баян: Бекіту:Тексеру. Топаралық бағалау Атмосферадағы бос азот оттекпен найзағай ойнаған кезде қосылып, азот тотығын түзеді, ал жаңбыр суымен қосылып, азот қышқылын түзеді. Ол өз кезегінде топырақта нитраттар түзетіндігін осылайша өсімдікке сіңуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп, атмосфералық бос азот айналымға кіреді. Азот түйнек бактерияларында жиналады. Азот қазба отындар құрамында болады. Азот белокты заттардың құрамында болады. Осылайша азот айналымға түседі. Тікелей азотты ауадан кейбір бактериялар ғана қорытады, қалған организмдер тек қосылыстарын ғана пайдаланады. Минералды тыңайтқыштар аммиак, аммоний тұздары және карбамид топырақ бактериялары арқылы нитраттарға түрленеді, өсімдіктер азотты топырақтан ион түрінде сіңіреді. Адамдар және жануарлар органикалық байланысқан азотты тамақ арқылы сіңіреді. Жоғарғы организмдерде азот метаболизмінің соңғы өнімі карбамид (несепнәр) болады. Ауадағы бос азот та түрлі себептермен толықтырылып отырады. Мысалы, ағаш, шымтезек, таскөмірді жаққанда, органикалық заттар шірігенде атмосфераға азот бөлінеді. Топырақта тіршілік ететін кейбір бактериялар да ауа жетіспейтін жағдайда нитраттардан оттекті өзіне тартып, атмосфераға бос азотты бөледі. Қосымша тапсырма:Азот қосылыстары, қоршаған орта мен тірі ағзаларға әсері ( пайдасы мен кері әсері )
Оқушыларға сұрақ беру:
2. Презентация бойынша бірнеше металл нитраттарын қарастыру. Оқушыларға сұрақ беру: Бұл заттардың арасында қандай ұқсастық бар? (оқушылар биология курсынан сілтілік металдардың нитраттары селитралар деп аталатындығын естеріне түсіреді). Азот өсімдіктерге неліктен қажет? (оқушылар азоттың ақуыз құрамына кіретіндігін және топырақты тыңайтатындығын түсіндіреді). Егер тыңайтқышты артық мөлшерде қолданса, қандай жағдайлар орын алады? (оқушылар нитраттардың адам ағзасына теріс әсерін айтады) 3.Сілтеме бойынша видео көрсетемін: https://twig-bilim.kz/film/pollution-water-5553/ Азоттың табиғаттағы айналымын қарастырады, биохимиялық процестер: шіру немесе аммонификация; нитрификация; денитрификация; атмосферадағы азоттың фиксациясы. Материалды эвтрофикация процесіне анықтама берумен аяқтаймын. Эвтрофикация дегеніміз минералды иондардың суда жиналуы, соның арқасында балдырлардың көбеюі . Бұл оттегінің төмендеуіне, судағы флора мен фаунаның өлуіне әкеледі. (анимацияны тамашалау) Осы материалдарды меңгергеннен кейін төмендегі сұрақтар қойылады:
Экологияға әсер ететін оксидтердің формулаларын және әсер ету түрлері. | Азот айналымы жөніндегі көрсетілген ресурсқа сілтеме: http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_ocr_pre_2011/chemicals/biocompoundsrev4.shtml Динамическая таблица Д. И. Менделеева Бейнетаспа https://www.youtube.com/watch?v=3ky0_7CVTx4#t=29 Бейорганикалық қосылыстардың шар тәрізді модельдері коллекциясы эфтрофикация процесі жөніндегі видео: | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 75-78 минут 79-80 минут | Рефлексия жүргізу:
Үй жұмысы: Азот жалпы сипаттама, электрондық құрылымы. | ||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалдымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
азот молекуласының құрылысын уақтылы бейнелеп үлгермеді кейбір оқушылар ғана үштік байланыстың салдарын түсіндіре біледі және азотқа қарап фосфорға болжам жасай алады | Әңгіме-сұхбат барысын оқушылар: Ақ шағын тақтаға бірін-бірі бағалайды (+ немесе -). Жеке жұмыс барысын: дұрыс жауабын тақтада көрсете отырып, әрбір оқушыны жеке дара марапаттау арқылы бағалау (қол соғу т. б.). Сыныппен жұмыс барысын: оқушылар бір-біріне «Басбармақ» көрсету арқылы | Қоршаған орта, тірі ағзаларға азоттың пайдасы мен кері әсерін экология, медицинамен байланыстыра дәйекті мәліметтер келтіру | |||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылған ба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||
Жалпыбаға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?