Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындайды:

теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептей алады.

Көпшілігі орындай алады:

Сандық есептерді шығару барысында қолданылатын формулаларды талдай алады

Кейбіреуі орындай алады:

Өмірден мысал келтіре отырып есептерді болжайды.

Бағалау критерийлері

  • Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда зат шығымын есептеу кезіндегі формулаларды біледі.
  • Есептерді шығару кезінде реакция теңдеулерінің дұрыс жазылу керектігін түсінеді.
  • Формулаларды есептер шығару кезінде дұрыс қолдана алады.
  • Сандық есептерді шығару барысында қолданылатын формулаларды талдай алады
  • Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін жинақтай алады.
  • Өз бетімен ойлай алады, шешімін айта алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда зат шығымын есептеу кезіндегі формулаларды талдайды, қорытынды шығарады, тәжірибелік жұмысты ауызша және жазбаша сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

Ғылым жолында ізденетін жас ұрпақ қалыптастыру.

Мектеп миссиясы мен пайымдауын және ЖА қалыптастыру

Қазақстанда өндіріс орындарында шығарылатын заттар және олардың қолданылуын ЖА ретінде көзқарастарын дамыту

Пәнаралық байланыстар

математика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

 Алдыңғы білім

Бөлшектер (6.4B)

Химиялық реакциялардағы мысалдар (7.2B)

Металдардың белсенділігін салыстыру (8.1A, 8.1B)

1, 2 және 13 топтың химиясы (9.2А)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен сәлемдесу.

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Топтарға жіктеп, бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Өткен сабақпен байланыстыра отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

10 мин

(М) Бірнеше мысалдармен оқушыларға «өнім шығымы» ұғымын түсіндіріемін. Өнім шығымының массалық/ көлемдік үлесін есептеудің математикалық формуласын жазамын.

… шынайы химиялық реакцияларда өнімнің массасы есептелген массадан төмен болады. Неге?

  • Көп химиялық реакциялар толығымен, аяғына дейін жүрмейді.
  • Органикалық заттардың арасындағы реакцияларда, қейде қосымша өнімдер түзіледі.
  • Гетерогенді реакция кезінде, кейбір заттар реакцияға түспей қалады.
  • Химиялық реакцияны жүргізген кезде, қолданып отырған кұрал-жабдық армаңызды рөл атқарады. Герметика жағынан, нашар қосылған құралдар, газ тәрізді заттың бірнеше көлемін жоғалтады.

Реакция өнімдегі шығымның массалық үлесі --- реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі дейді. (η – «эта»-әрпімен белгілейді.) (ω - «омега»)

Формулалары арқылы есептеледі:

η = m(пр.) / m(теор.) * 100% (масса бойынша) (1)

η = V(пр.) / V(теор.) * 100% (көлем бойынша) (2)

Есепті шешу алгоритмі:

1) Есептің шартың мұқият оқып шығу.

2) Жазып ал: не берілді, не табу керек?

3) Реакция теңдеуің жазып, теңестіруге ұмытпа.

4) Реакция теңдеуі бойынша өнімнің теориялық массасың табу.

5) Белгілі формула бойынша өнімнің шығымың есептеп алу. Жауабын жазу.

Мысал:

  • Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%)
  • 1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды. Түзілген өнімнің шығымы (%)

Тәжірибелік бөлім

Тапсырма. Суда ерімейтін тұзды алмасу реакциясының көмегімен алып, содан кейін (фильтрлеу, құрғатудан кейін) өнім шығымын есептеу. Мысалы, орынбасу көмегімен мыс алу керек. Өз жоспарларыңызды құрып тәжірибе жүзінде дәлелдеңіздер. Оқушылардың деңгейіне қарай топтарға нұсқаулық беруге болады.

1, 2топқа Нұсқаулық

Суда ерімейтін тұзды алмасу реакциясының көмегімен алып, содан кейін (фильтрлеу, құрғатудан кейін) өнім шығымын есептеу үшін өз қадамдарыңызды ұсынып, жоспар құрып мәселенің шешімін табыңыздар.

  • топқа Нұсқаулық
  • Темір пластинасын мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісіне салыңыз.
  • Темір пластинасының бастапқы массасын сосын түзілген мыспен бірге массасын өлшеңіз.
  • Түзілген мыстың массасын есептеңіз.
  • Тәжірибе жүзінде алынған мыстың массасын теория жүзінде есептелген массамен салыстырыңыз.
  • Теориялық және практикалық шығымның айырмашылығын түсіндіріңіз.
  • Мыстың теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы массалық үлесінің шығымын есептеңіз.

Дескриптор:

  • Эксперименттің болжамын жасайды;
  • Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда зат шығымын есептеу кезіндегі формулаларды біледі.
  • Есептерді шығару кезінде реакция теңдеулерінің дұрыс жазады.
  • Формулаларды есептер шығару кезінде дұрыс қолданады.

Бағалау: үш шапалақ

(Т) немесе (Ж)(Б) Өнім шығымының массалық/ көлемдік үлесін есептеуге жетклікті мөлшерде тура және кері бағыттығы есептер шығаруды ұсынамын.

Жеке жұмыс.

1. 32,4 г мырыш оксидінен алюминийтермия әдісі арқылы, 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар.

2. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 92% болса, онда 23,4г алюминий гидроксидінен алынған металл оксидінің массасын табыңдар.

3. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 80% болса, онда темір (ІІІ) оксидіне, көміртек (ІІ) оксидімен әсер етсек, нәтижесінде 11,2г темір алынды. Реакцияға жұмсалған темір (ІІІ) оксидінің массасын табыңдар. 

4. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде 131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%)

5. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді. Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%)

http://festival.1september.ru/articles/633813

Сабақтың соңы

5 мин

Үйге тапсырма:

  • 1. 11,2 г темір тұзқышқылымен әрекеттескенде 4,45 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Реакция өнімінің шығымы (%).
  • 2. 20 кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз.
  • 3. 5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфаттын ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшері (моль)

Рефлексия.

1.Сабақта жұмыс жасадым2.Сабақтағы өз жұмысыма3.Мен үшін сабақ….. болды4. Сабақта5.Көңіл-күйім....болды6. Сабақ материалы мен үшін 7.Үй жұмысы мен үшін ……сияқты

белсенді / енжарризамын / риза емеспінқысқа / ұзақшаршаған жоқпын/шаршадым

жақсы / нашарладытүсінікті / түсініксізпайдалы/ пайдасызқызықты / іш пысарлықжеңіл / қиынқызықты/ қызықсыз

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?