Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары,


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3С

16 және 17 топ бейметалдары және олардың қосылыстары

Мектеп: Алматы қ., НЗМ ФМН

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Рахимова А.К.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.4 теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу;

Сабақ мақсаттары

Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептей алады.

Сандық есептерді шығару барысында қолданылатын формулаларды талдай алады

Бағалау критерийлері

  • Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда зат шығымын есептеу кезіндегі формулаларды біледі.
  • Есептерді шығарукезінде реакция теңдеулерінің дұрыс жазылу керектігін түсінеді.
  • Формулаларды есептер шығару кезінде дұрыс қолдана алады.
  • Сандық есептерді шығару барысында қолданылатын формулаларды талдайалады
  • Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін жинақтай алады.
  • Өз бетімен ойлай алады, шешімін айта алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда зат шығымын есептеу кезіндегі формулаларды талдайды, қорытынды шығарады, тәжірибелік жұмысты ауызша және жазбаша сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

Ғылым жолында ізденетін жас ұрпақ қалыптастыру.

Мектеп миссиясы мен пайымдауын және ЖА қалыптастыру

Қазақстанда өндіріс орындарында шығарылатын заттар және олардың қолданылуын ЖА ретінде көзқарастарын дамыту

Пәнаралық байланыстар

Математика, физика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

 Алдыңғы білім

Атом құрылысы (7.4A)

Заттардың агрегаттық күйінің өзгерісі (7.1В)

Қарапайым химиялық реакциялар (7.2В)

Атомдардағы электрондардың орналасуы (8.1A)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтағы

қалыптастырушы бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен сәлемдесу.

Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушыларға өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Крестиктер мен нөлдер» ойынын ойнату

Крестиктер мен нөлдер

1.Күкірттің кең таралған қосылыстарын атаңыз:

2.Күкірттің физикалық қасиетін атаңыз.

3.Химиялық реакция кезінде күкірт тотықтырғыш әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Осыған мысал келтіріңіз:

4.Хлор суы деген не?

5.Хлорды алудың бұл әдісін К.Шееле алғаш тер 1774жылы тәжірибе жүзінде тапқан. Ол қандай әдіс? Реакция теңдеуін көрсетіңіз.

6.Галогендердің топта атом нөмірлерінің артуы бойынша балқу және қайнау температуралары қалай өзгереді?

7.Бромның физикалық қасиеті қандай?

8.Фторға тән валенттілік

9.Бөлме температурасында иодтың агрегаттық күйі қандай? Қыздырғанда қандай құбылысты байқадыңыз?

Жауаптарын сыныпта талдау

Екі топ плакатта жазылған крестиктер мен нөлдер арқылы бірін – бірі бағалайды.

Топтарға жіктеп, бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын талқылау.

Оқушылар-н тақырыптың мақсаты бойынша талқылау

Презентация 1

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

10 мин

Ой шақыру

Мұғалім презентацияны қолдана отырып, сабақтың келесі бөліміне өтеді.

… шынайы химиялық реакцияларда өнімнің массасы есептелген массадан төмен болады. Неге?

  • Көп химиялық реакциялар толығымен, аяғына дейін жүрмейді.
  • Органикалық заттардың арасындағы реакцияларда, қейде қосымша өнімдер түзіледі.
  • Гетерогенді реакция кезінде, кейбір заттар реакцияға түспей қалады.
  • Химиялық реакцияны жүргізген кезде, қолданып отырған кұрал-жабдықар маңызды рөл атқарады. Герметика жағынан, нашар қосылған құралдар, газ тәрізді заттың бірнеше көлемін жоғалтады.

Шығымға қатысты есептер шығару

Реакция өніміндегі шығымның массалық үлесі - реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі дейді. (η – «эта»-әрпімен белгілейді.) (ω - «омега»)

Формулалары арқылы есептеледі:

η = m(пр.) / m(теор.) * 100% (масса бойынша) (1)

η = V(пр.) / V(теор.) * 100% (көлем бойынша) (2)

Есепті шешу алгоритмі:

1) Есептің шартың қысқаша жазу.

2)Реакция теңдеуің жазып, теңестіру.

3)Реакция теңдеуі бойынша өнімнің

теориялық массасын табу.

4) Белгілі формула бойынша өнімнің

шығымың есептеп алу. Жауабын жазу.

1 – мысал:

1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды. Түзілген өнімнің шығымы (%)

Шешуі: NН3 + НСІ → NН4СІ

М(NН3)= 17 г/моль

m(NН3) = ν · М(NН3) = 1 моль · 17 г/моль = 17 г

М(NН4СІ) = 53,5 г/моль

m(NН4СІ) = ν · М(NН4СІ) = 1 моль · 53,5 г/моль = 53,5 г

1,7 г NН3----- х г NН4СІ

17 г NН3---- 53,5 г NН4СІ

5,35 г ----- 100 %

5 г ---- х %

Жұптық жұмыс:

32,4 г мырыш оксидінен алюмотермия әдісі арқылы 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар.

Топтық жұмыс:

«Бірге ойланамыз» әдісі бойынша

  • Есеп құрастырыңыз
  • Шешу алгоритмін ұсыныңыз
  • Есепті шешіңіз

Топтар бірін – бірі алгоритм бойынша бағалайды

Жұптық жұмыс жүргізу

Топтық жұмыс жүргізу

Дәптермен жұмыс

Химиялық реакция теңдеуін тақтаға және дәптерге жазу

Презентация 2

Сабақтың соңы

5 мин

Үйге тапсырма:

  • 1. 11,2 г темір тұз қышқылымен әрекеттескенде 4,45 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Реакция өнімінің шығымы (%) есептеңіз.
  • 2. 20 кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз.
  • 3. 5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфатын ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшері (моль) анықтаңыз.

Рефлексия.

SMS арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жазыңыз

Телефон суретінің қиындыларын оқушыларға тарату

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?