Күкірт қышқылы және оның тұздары. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

9.3А Күкірт қосылыстары

Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күкірт қышқылы және оның тұздары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.1.14 – күкірт қышқылы ерітіндісінің және оның тұздарының физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- техника қауіпсіздік ережесі бойынша күкірт қышқылын сұйылту ережелерін біледі;

- күкірт қышқылы мен оның тұздарын сапалық реакция көмегімен анықтайды;

Көпшілігі:

Күкіртті қышқыл мен күкірт қышқылы тұздарын сапалық реакция көмегі арқылы ажыратады;

Кейбір оқушылар:

Практикалық жұмыс дағдыларын жетік меңгереді, күкірт қышқылын өндірудің маңыздылығын сипаттайды.

 Бағалау критерийлері

- күкірт қышқылы мен оның тұздарын сапалық реакция көмегімен анықтай алады;

- техника қауіпсіздік ережесі бойынша күкірт қышқылын сұйылту принциптерін біледі.

 Құндылықтарды дарыту

Жаһандық азаматтық:

Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу.

Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу.

Салауатты өмір салтын ұстану.

Қарым-қатынас:

- топтық жұмыс

 Пәнаралық байланыстар

Физика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

4-7 мин

8-14 мин

15 – 23

24 - 34 мин

35 - 37 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабақтың тақырыбы мен қол жеткізілетін мақсаттар таныстырылады.

Кім жылдам

1. Төменде берілген заттардың қайсысы қышқылдарға жатады:

H2SiO3, NaOH, HCl, H2O, CO2, BaCl2, H2SO4

«Қышқылдар» ұғымына анықтама беріңіз.

2. Қышқыл формуласы мен атауын сәйкестендіріңіз:

Қышқылдар формуласы

Қышқылдар атауы

1. HNO3

1. Фосфор қышқылы

2. H2SO4

2. Азот қышқылы

3. H3PO4

3. Күкіртті қышқыл

4. H2SO3

4. Күкірт қышқылы

3. Берілген қатардан артығын көрсетіңіз. Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз:

а.NaOH, KOH, HCl;

b. H2SO4, HCl, H2SiO3;

c. HNO3, H2CO3, H2SO4.

4. Төменде берілген заттардың қайсысымен тұз қышқылы ерітіндісі әрекеттеседі:

Cu, KOH, CO2, Zn, CuO, AgNO3

Күкірт қышқылын алудың өндірістік әдісі мен лабораторияда алу жағдайлары видео-роликте көрсетіледі.

Оқушылар дәптерлеріне реакция теңдеулерін жазып отырады.

Видео-роликке сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мақсатында төмендегідей тапсырма беріледі. бағалайды.

Мұғалім түсіндірмесі

Слайдпен жұмыс. Күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиетін оқушыларға түсіндіру.

Практикалық жұмыс: «Күкірт қышқылы тұздарына сапалық талдау»

Оқушыларға жұмыс парағы таратылады. Техника қауіпсіздік ережесін оқушылармен бірлесе талқылап, оқушылар топ бойынша зерттеу жүргізеді.

Жұмыс барысы:

  • 3 сынауыққа кезекпен 1 мл калий сульфаты, натрий сульфиті және аммоний сульфиді ерітіндісін құйыңыз.
  • Бірінші сынауыққа 2-3 тамшы барий хлоридін тамызыңыз.
  • Екінші сынауыққа 1 мл тұз қышқылын құйыңыз.
  • Үшінші сынауыққа 2-3 тамшы қорғасын нитратын құйыңыз.

Нәтижесі:

Анықталатын ион

Анықтауыш зат

Химиялық реакция

Не байқалды?

сульфид -

сульфит-

сульфат-

Қорытынды:

Сульфатты басқа тұздардан қалай ажыратуға болады? Тиісті реакция теңдеулерін молекулалық, толық, қысқарған иондық теңдеу түрінде жазыңыз.

Топ мүшелері бір – бірін бағалау критерийлеріне сай бағалайды.

Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс парағын мұғалім жинап алады.

Оқушыларға сұрақ: Күкірт қышқылы қайда қолданылады? (Оқушылар өз ойларын айтады. Оқушылардың пікірін тыңдау барысында сөздерін бөлмей тыңдап, қорытынды шығару маңызды).

Қосымша 1

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/kukirt-qyshqyly-zhane-onyng-tuzdary

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы: Күкірт қышқылы өндірісінің пайдасы мен зияны жөнінде эссе жазу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?