Алюминийю № 9 зертханалық тәжірибе "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі". Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2 С 1, 2 және 13-топ элементтері

Мектеп:

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тулубаев Н.Б.

Сынып:

9

Сабақ тақырыбы

Алюминийю № 9 зертханалық тәжірибе "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі"

Оқу мақсаттары

-алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу

 Сабақ

 мақсаттары

Барлық оқушылар үйренеді:

-алюминийдің жалпы қасиеттерін сипаттау;

Оқушылардың көбісі үйренеді:

- 13-топтағы элементтердің қасиеттеріндегі өзгерістердің құрылымы туралы қорытынды жасау.

Кейбір оқушылар үйренеді:

- алюминийдің қышқылмен және сілтімен реакция теңдеуін құрастыру.

 Бағалау

 Критерийлері

- алюминийдің жай және күрделі заттармен өзара әрекеттесу теңдеуін құрастырады;

- 13-ші топтағы элементтердің қасиеттеріндегі өзгерістердің құрылымы туралы қорытынды жасайды;- 13-топтағы зерттелмеген элементтердің қасиеттерін болжайды.

-техника қауіпсіздік ережесін сақтайды;

- алюминийдің қышқылмен және сілтімен реакция теңдеуін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Металдардың қасиеттері мен реакциялары туралы ескерту ретінде мәлімет жазу, дұрыс орфография және негізгі лексиканы қолдана отырып ауызша қорытынды жасау

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Тор, құйма, жылтыр, жез, қола, дислокация, металдар, иондар, электрондар

Қайнау/балқы нүктесі

Жылтыр, иілгіш, созылымды

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Барлық/көпшілік метал:

- жоғары қайнау/балқу температурасына ие

- үш сыртқы электроннан артық емеске ие

- оң иондарды түзейді

Барлығы/көпшілік металл:

-ион қоспалары

- жылтыр, иілгіш, созылымды

Кейбір металдар Х түзбейді/болып табылмайды/ие болмайды.

 Құндылықтарды

 дарыту

Сабақ барысында білім құндылықтары:

- Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;- Құрметтеу;

- Сыйластық;- Ынтымақтастық;- Ашықтық;- Өмір бойы білім алу.

Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу

АҚТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстары қолданылады, презентация

Өмірмен байланысы

Химия өнеркәсібін географиямен, физикамен, өндіріспен, өмірмен байланысы

Пәнаралық байланыстар

Химия өнеркәсібін географиямен, физикамен, өндіріспен, өмірмен байланысы бар. Ағылшын тілі сабақ тақырыбына қатысты сөздер арқылы.

Бастапқы білім

Бөлшектер (6.4B)

Химиялық реакциялардағы мысалдар (7.2B)

Металдардың белсенділігін салыстыру (8.1A, 8.1B)

1, 2 және 13 топтың химиясы (9.2А)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 1 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2 – 5 мин

Өткен сабақты еске түсіру үшін оқушылар келесі тапсырманы орындайды.Барийдің сұйылтылған күкірт қышқылымен реакция теңдеуін жазыңыз. Барлық элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңыз.

Презентация

Сабақтың ортасы

6 – 9 мин

10 – 17 мин

18 – 25 мин

26-37 мин

Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтап, сабақтың мақсатын болжайды.

Қостанай облысының аумағында боксит кен орындарын еске түсіріңіз.

Алюминийдің химиялық қасиеттерін түсіндіргенде, оксидтік қабат түзетінін айтып кетіңіз. Ол үшін бейнебаян көрсетіңіз.

Оқушылар келесі тапсырманы тақтада орындайды. Орындау уақыты: 5 минут

Алюминийдің келесі заттармен реакция теңдеуін жазыңыз:

  • Оттегімен;
  • Хлормен;
  • Сумен;
  • Сұйытылған қышқылмен;

Алюминийдің сілтімен және қышқылымен әрекеттесуіне байланысты бейнебачндар көру және алюминийдің амфотерлі қасиетке ие болатынын түсіндіру

https://www.youtube.com/watch?v=IP7RBIJL724

Төмендегі салыстырмалы кестеде металдардың қасиеттері қалай өзгеретінің болжаңыздар. Неліктен?

№ 9 зертханалық тәжірибе "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі"

Әр топқа алюминийдің химиялық қасиетіне байланысты кесте таратылады. Сабақтың соңында әр топ A3 қағазындағы кестені толтыру арқылы ақпаратты бір-бірімен алмасып, бір-біріне түсіндіреді.

Презентация

Бейнебаян «Алюминий + су»

Бейнебаян «Алюминий + сілті»

Бейнебаян «Алюминий + қышқыл»

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Үй жұмысы

Теориялық материалды қайталау.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы:

- алюминийдің жалпы қасиеттерін сипаттайды;

-техника қауіпсіздік ережесін сақтайды;

Көбісі:

-алюминийдің жай және күрделі заттармен өзара әрекеттесу теңдеуін құрастырады;

Кейбіреулері:

- 13-топтағы элементтердің қасиеттеріндегі өзгерістердің құрылымы туралы қорытынды жасайды.

Зертханалық жұмыс №9

Химия кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?