Көбейту және бөлу амалдары туралы түсініктің қалыптасуы. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3B тарау: Көбейту мен бөлуге арналған есептерді шығару Математика | Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И. | ||||||
Сынып: 2А | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Көбейту және бөлу амалдары туралы түсініктің қалыптасуы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.14 Көбейту және бөлу амалдарын (кестелік және кестеден тыс) орындау және қалдықпен бөлу 2.4.1.3 Көбейту мен бөлудің мағынасын түсіну үшін заттар жиынын құрастыру, разряд бірліктерін анықтау (жүздік, ондық, бірлік) | |||||
Сабақ мақсаттары | Кестелік және кестеден тыс көбейту орындау | |||||
Бағалау критерилері | көбейту және бөлу кестесін біледі және оларды қолданып амалдар орындай алады. | |||||
Тілдік мақсат | Көбейту, бөлу, разряд бірліктері (жүздік,ондық,бірлік) | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Тақырып бойынша презентация қолдану арқылы АКТ – мен байланыс, екіден болатын дене мүшелерін айту арқылы Ғылымға кіріспе пәнімен байланыс орнайды. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сызбаның дәлме-дәл құрылысы | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | (Ұ) Оқушылармен шеңбер құру. Кел ортаға шығайық, Шеңбер жасап тұрайық. Ақпыз, сары, қарамыз, Ағайынбыз бәріміз. Сұрақтарға тез, әрі біріге отырып жауап берулерін сұрау.
|
| ||||
Сабақ ортасы
| (Ж) Жұппен жұмыс Ламинад қағазбен жұмыс.Үш таңбалы сандарды жаза алу дағдыларын байқау. 489, 245, 506, 200, 189. ( жазу барысында көршілерін сұрау)
Миға шабуыл. Төмендегі сұрақтарға ауызша жауап берулерін сұрау. 48 саны 4-тен неше есе артық? 4 санының 48-ден нешеуі кем? 9 бен 6 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап. Ұзындықтың өлшем бірлігін ата. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? Шаршының ауданын қалай табамыз? 1 км-де неше метр бар? Санды 1-ге көбейткенде шығатын сан Альбомның 5-ші және 18-ші беттерінің арасында неше бет бар? (Ұ) Дәптермен жұмыс. Математикалық диктант. 35 : 7, 90:2, 42:6, 16:4, 45:9, 72:8, 45:5, 36:9, 9х9, 8х7, 6х6, 4х9, 7х6, 8х3,5х5. Оқушылар тек өрнектің мәнін жазады. (Ұ) Жаңа сабақ. 10,100 – ге көбейту қарастырылады. (Ж) Жұппен жұмыс. Берілген тапсырманы жұппен орындайды (Ұ) Тақтада берілген тапсырманы дәптерге орындау. 10х2 15х10 2х10 10х15 3х10 180:10 22х10 120:10 Қалыптастырушы бағалау жұмысы орындау. | Ламинад қағаз, маркер.
| ||||
Сабақтың соңы | Рефлексия. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
дифференциация сабақ барысында тапсырма бойынша қарастырылады,қосымша тапсырма әзірленеді. | Берілген тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?