Көбейту және бөлу амалдары туралы түсініктің қалыптасуы. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 В тарау «Көбейту мен бөлуге арналған есептерді шығару» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Мерзімі: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | ||||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Көбейту және бөлу амалдары туралы түсініктің қалыптасуы | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.14 Көбейтуді (көбейтудің белгілі және белгісіз жағдайын қарастырып) және қалдықпен бөлуді орындау | ||||
Сабақ мақсаттары | Қалдықпен бөлуді үйрену | ||||
Бағалау критерийлері | Көбейтудің белгілі және белгісіз жағдайын қарастырып, қалдықпен бөлуді орындай алады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Қалдық, қалдықпен бөлу, толымсыз бөліндінің мәні тіркестерін қолдана отырып, математикалық тілді дамыту. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар жұппен жұмыс кезінде өзара көмекке үйренеді. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады. | ||||
АКТ-ны қолдану | Флипчартта мысалдар орындайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Нысанның бағытын және орналасуын зерттеді. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Ауызша сұрау арқылы көбейту және бөлу кестесі бойынша білімдеріне шолу жасау. (Қ) Оқушыларға ламинат қағазда орындау үшін кестелік көбейту мен бөлуге байланысты тапсырмалар беріледі. | Маркер, ламинат қағаздар | |||
Сабақ ортасы 25 минут | (Ұ) 10х10 ға дейінгі көбейту кестесін еске сақтауға көмектескен әдіс туралы пікір алмасу. Көбейту кестесін 11 және одан да ары жалғастыратын болсақ не болады? - деген сұраққа оқушылардың жауабын тыңдау. Ойын «Кім жылдам?» 2 мысықтың неше аяғы бар? 5 тышқанның неше құлағы бар? 7 торғайдың неше қанаты бар? 3 пілдің неше құлағы бар? (МК) (Ұ) Сергіту. Мысалдар орындау. Қызанақтарды тәрелкелерге тең бөліп салу11: 3=3 (қалд. 2) Тексеру: 3∙3=9+2=11 31 асықты балаларға 4 асықтан қалай бөліп беруге болады? Неше бала асықтар алады? Түсіндіру. 31 – дің ішінде төрт - төрттен неше рет болады? Барлық асықтар балаларға бөліп берілді ме? Неліктен? Тексер.Жазуды оқы:31: 4 = 7 (қалд. 3)31 – бөлінгіш, 4 – бөлгіш, 7 – бөліндінің мәні, 3 – қалдық.Тексеру: 7 ∙ 4 + 3 = 31 (Ж) Егер 16 орындықты әр қатарға 5 орындықтан қойса, неше қатар шығады? Неше орындық артылып қалады? Бөлінгішті, бөлгішті, бөліндінің мәнін және қалдықты атап көрсет.16: 5 = 3 (қалд. 1)16 – бөлінгіш, 5 – бөлгіш, 3 – бөліндінің мәні, 1 – қалдық.Тексеру: 3 ∙ 5 + 1 = 16 (Т) Оқушыларға қалдықпен бөлуге байланысты ептілікті бекіту қажет болған жағдайда, есептеуіш материалдары: түйебұршақ, ойыншықтар және т.б. пайдаланып практикалық тапсырмаларды орындау. | Суреттер Флипчарт Оқушылар нұсқамалар жазатын таза карточкалар, суреттер, ойыншықтар | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Оқушылар өзін-өзі бағалап, жеткен деңгейлерін көрсете топтарға жиналады. | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға практикалық тапсырма кезінде қабілеті төмендеу оқушыларға көмектесу керектігі ұсынылады. | Қалдықты табу және атау білігі бағаланады | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Интерактивті тақтада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесі ескертілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?