Барлық мүмкін комбинацияларды табу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Математика

-бөлім: «Жиындарды және олардың элементтерін белгілеу. және таңбалары»

Күні:2 тоқсан

Сынып: 2

ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Барлық мүмкін комбинацияларды табу

Оқу мақсаттары

2.4.4.1 қоршаған әлем заттарынан «үш-үшеуден» комбинациялар нұсқаларын құру

Сабақ мақсаты

Оқушылар әр түрлі заттардан өз бетімен жиын құрып, көп комбинациялар құрастырады.

 Бағалау критерийлері:

 

Үш элементтен тұратын комбинациялар жиынын құра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

  • Венн диаграммасы, жиын, жиын элементтері, қиылысу аумағы, жиынға тиісті, жиынға тиісті емес, комбинация,т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру

Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім:

Сандарды тексеру үшін Венн диаграмманы қолдану: сандардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Сабақ барысы

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер

Сабақтың басы

10 минут

«Ертеңгілік шеңбер»

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./

(МК,Ұ) Топтарды анықтау

Венн диаграммасы арқылы оқушылар қима фигураларына байланысты 3 жиын құрады: үшбұрыштар, шаршылар, бесбұрыштар.

Фигуралардың айырмашылығы мен ортақ қасиеті анықталады.Қиылысу аумағында ортақ қасиеті айтылады.

(Т,Ұ,Қ) Тақырыпты ашу

-Балалар, барлығы неше жиын құрдық?

-Фигуралардың орналасу ретін өзгертуге бола ма? Қалай?

Оқушылар өздерінің нұсқаларын айтып, өз орындарын ауыстырады.

-Одан элементтердің ортақ қасиеті өзгере ме?

-Фигуралардың орнын ауыстыру арқылы сендер неше тәсілді пайдаландыңдар?

-Неше комбинация құрылды?

-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

-Сабақтың соңында қандай жетістіктерге қол жеткізесіңдер?

Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау, тақтаға жазу.

Интерактивті тақтада санамақ

Сабақтың ортасы

10 минут

2 минут

8 минут

7 минут

, Ө)Топтық жұмыс

1-топ:Сандарды неше түрлі тәсілмен орналастыруға болады? 13, 45, 189.

2-топ: Жемістерді қандай реттілікпен орналастыруға болады?

3-топ: Қоян, жолбарыс және аю бір қатарға тұрмақшы болды. Оларды неше түрлі тәсілмен орналастыруға болады?

4-топ:Өсімдік топтарын неше комбинациямен орналастыруға болады.

Оқушылар топта ақылдаса отырып, комбинациялар құрып, қима сандар мен суреттерді флипчартқа желімдейді. Содан кейін жұмыстарымен ауысып, топтар бірін-бірі бағалайды.

Сергіту сәті «Көңілді қоян»

(Ө,Ж) Дәптермен жұмыс

Оқушылар жұпта отырып, бірін-бірі тексереді және бағалайды.

-Балалар, ал сыныптағы заттардан, топтағы оқушылардан комбинациялар құруға бола ма? Қандай кобинациялар ұсынасыңдар?

Мысалы: Оқушылардың ұлты бойынша

Орыс, қазақ, ингуш.

Орыс, ингуш, қазақ.

Қазақ, орыс, ингуш.

Қазақ, ингуш, орыс.

Ингуш, қазақ, орыс.

Ингуш, орыс, қазақ.

/Оқушылар өз ойларын айтады, көрсетеді. Оқушылардың жауаптарын тыңдау, бағалау/

Слайд

А3 қағаздары

Қима карточкалар флипчарт желімдер

Аудиоматериал

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

3 минут

  • Рефлексия:Сұрақтарға жауап беру

-Не үйрендім?

-Не білдім?

-Не қиын болды?

  • Өз-өзін бағалау:

Жетістік баспалдағына стикерлер жапсыру арқылы өздерін бағалайды.

«Жетістік баспалдағы»

Қосымша ақпарат.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

ҚБ жұмыстары арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті жоғарылау оқушылар бірнеше заттың комбинациясын құрастырады.

Стикер арқылы өз-өзін бағалау

  • Дене шынықтыру
  • Сергіту сәті


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу