Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2А Ерігіштік және ерітінділер

Мектеп: Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудербаева Г.Ф.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.2 әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу

 Сабақ мақсаттары

-әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу;

 Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

-әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептерді шығара алса

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология: мольдік фактор, артық-кем, зат мөлшері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мольдік факторды ............табамыз.

Есептеуді реакция теңдеуі бойынша ......зат бойынша шығарамыз.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

• Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет:

-сабақты уақытында өзара амандасумен бастау, өз уақытында аяқтау;

-оқушылар бір-бірінің жауабын бөлмей тыңдайды;

-өзара бірін-бірі оқытады

• Жауапты азаматтық позиция:

-үй тапсырмасын орындап келеді;

-сабаққа белсенді қатысады

Ашықтық:

-мұғалім барлық оқушыларға бірдей жағдай жасайды;

-мұғалім және оқушылар бір-бірін ашық бағалайды

 Пәнаралық байланыстар

Математика- артық, кем, пропорция арқылы есептеу

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз

Бастапқы білім

Қарапайым химиялық реакциялар (7.2В)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 минут

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

«Өзіңе тілегенді басқаға тіле!» ойыны

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Сабақтың ортасы

4-9 минут

10-17 минут

18-22 минут

23-29 минут

30-37 минут

(C) Оқушылармен бірге реакция теңдеулерлері бойынша есептер шығару алгоритмдерін қайталаймыз. Реакцияға қатысатын реагенттердің белгілі масссы бойынша реакция өнімінің массасын есептеуге есеп шығарамыз.

    • 54г алюминий оттегіде жанған кезде, алынған алюминий оксидінің массасы қандай?
    • Нәтижесінде 4 моль сутек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?

(С) Одан кейін оқушыларға: «Реакция өнімінің массасын барлық реагенттердің массалары белгілі болған жағдайда қалай есептеуге болады?» деп сұрау арқылы бүгінгі сабақта осындай есептерді шығаратынымыз хабарланады.

(М) артық және кем мөлшерде ұғымдармен берілген есептерді шешу үшін мысал ретінде бір есепті талдау.

Мысал: Массасы 15г калий гидроксиді бар ерітінді мен массасы 30г алюминий хлориді бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі.

Берілгені:

m (AlCl3) = 30 г

m(KOH) = 15 г

Табу керек: m(AlOH)3 - ?

Шешуі: AlCl3 + 3KOH = Al(OH)3 + 3KCl

1.Әрекеттесуші екі заттың да массалары берілгендіктен олардың қайсысы артық, қайсысы кем екендігін анықтау керек. Ол үшін заттың берілген массасы оның теңдеу бойынша қажетті массасына бөліп, мольдік факторын анықтаймыз:

2.Олай болса, калий гидроксиді аз мөлшерде берілген 0,089 ˂ 0,22, ол реакцияда толығымен жұмсалады. ЕСТЕ САҚТА! Реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын кем заттың массасы бойынша есептейміз:

m (Al(OH)3 = n * M m (Al(OH)3 = 0,089 * 78 = 6,9 г (Al(OH)3)

Жауабы: m (Al(OH)3 = 6,9 г

(Т) Топта осы берілген есептің шешілу алгоритмін құрастыру. Барлық топтарды тыңдағаннан кейін әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізудің нақты алгоритмін қалыптастырылады.

Алгоритм 1.    Есептің шартын қысқаша өрнектеу.2.    Реакция теңдеулерін жазып теңестіру.3.    Теңдеу бойынша берілген және есептеп табуға қажетті заттардың сандық сипаттамаларын (ν, Mr, M, m, V) тауып, теңдіктің астына жазу.4.    Есептің шартына сәйкес заттардың зат мөлшерлерін есептеу.5.    Қай заттың артық берілгенін табу.6.    Аз мөлшерде берілген зат бойынша реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу.7.    Есептің жауабын жазу.

(Т)алгоритмін қолдану арқылы оқушыларға топта есеп шығаруға есептер беру.

1) Массасы  29,2 г  тұз қышқылы мен массасы  44 г натрий гидроксиді бар ерітінділерді араластырғанда түзліген ас тұзының массасын есептеңіздер.

Жауабы:  46,8 г.

2) Массасы  47 г  калий оксидіне массасы  40 г  азот қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген  калий нитратының массасын есептеңіздер.

Жауабы:  64,12 г.

3) Массасы  40 г  мыс (II)  оксидіне массасы  49 г  сусыз күкірт қышқылымен әсер етті. Түзілген тұздың массасын есептеңіздер.

Жауабы:  80 г.

(Б)Есепті шешу алгоритмін меңгергенін тексеру үшін әр оқушы өз бетімен есеп шығарады.

1) Массасы  36 г алюминийге массасы  64 г  күкіртпен әсер еткенде, түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңіздер.

Жауабы: 100 г.

2) Массасы  53 г  натрий карбонаты бар ерітіндіге массасы  49 г  күкірт қышқылының ерітіндісімен әсер етті.  Реакция нәтижесінде түзілген тұздың массасын есептеңіздер.

Жауабы: 71 г.

3) Массалары  34 г  күміс нитраты бар және  34 г  натрий хлориді бар ерітінділерді араластырды. Реакция нәтижесінде түзілген күміс хлоридінің массасы мен реакцияға түспеген натрий хлоридінің массасын есептеңіздер.

Жауабы: 28,7 г және 22,3 г.

Табысты оқушыларға реакцияға заттардың стехиометриялық мөлшерде берілуіне байланысты, яғни қалдықтарсыз бір-бірімен әрекеттесетін нұсқадағы есеп ұсынуға болады.

Сонымен қатар, сыныпта шешуге қатысты есептерді шешкен кезде кейбір жағдайларда (мысалы, қышқыл немесе қышқылдық оксид артық берілсе), есепті шешу екі пропорцияны есептеумен шектелмейді, өйткені реакция қышқыл тұзының пайда болуымен бірге жалғасатындығын есте сақтаған жөн. Бұл материалдың күрделілігін арттырады.

Кейбір жағдайда екі зат әрекеттескенде реакция нәтижесінде әрекеттесуші заттардың қатынасына сай әртүрлі заттар түзілуі мүмкін. Мысалы, натрий гидроксиді мен фосфор қышқылы әрекеттескенде төмендегідей реакциялар жүруі мүмкін:NaOH + Н3РO4 = NaH2PO4 + Н2O2NaOH + Н3РO4 = Na2HРO4 + 2Н2O3NaOH + Н3РO4 = Na3РO4 + 3Н2OКөрініп тұрғандай, түзілген тұз әрекеттесусі заттардың зат мөлшерінің қатынасына тәуелді. Егер

v(NaOH) : v(Н3РO4) = 1 : 1болса, онда NaH2PO4 түзіледі.Егер

v(NaOH) : v(Н3РO4) = 2 : 1 болса, онда Na2HРO4 түзіледі.Егер

v(NaOH) : v(Н3РO4) = 3 : 1 болса, онда Na3РO4 түзіледі.Аралық жағдайда сәйкесінше екі тұз түзіледі.

Егер1 < v(NaOH) / v(Н3РO4) < 2 болса, онда NaH2РO4 и Na2HРO4 түзіледі. Егер2 < v(NaOH) / v(Н3РO4) < 3 болса, онда Na2HРO4 и Na3РO4 түзіледі.Бұл жағдайда Na2HРO4 түзілгенде натрий гидроксиді артық болады, Na3РO4 түзілгенде натрий гидроксиді кем болады.

Есеп 1.   Массалық үлесі 0,042 және тығыздығы 1,045г/мл көлемі 228 мл натрий гидроксиді арқылы 5,6л (қ.ж) күкірт (IV) оксидін жібергенде түзілген тұздың массаын табыңдар.

Шешуі. Әрекеттесуші заттардың зат мөлшерін табамыз.v(SO2) = V / VM = 5,6 л / (22,4 л/моль) = 0,25 моль.m(NaOH) = V • ρ • w = 229 мл • 1,045 г/мл • 0,042 = 10 г. v(NaOH) = m/M = 10 г / (40 г/моль) = 0,25 моль.Әрекеттесуші заттардың қатынасына сай реакция нәтижесінде екі (қышқыл және орта) тұз түзілуі мүмкін.

NaOH + SO2 = NaHSO3 

2NaOH + SO2 = Na2SO3 + H2OМұнда 1-ші жағдайда v(NaOH) : v(SO2) = 0,25 : 0,25 = 1 : 1,онда натрий гидросульфиті NaHSO3 түзіледі. Олардың зат мөлшері (NaHSO3) = v(NaOH) = v(SO2) = 0,25 моль.M(NaHSO3) = 104 г/моль,m(NaHSO3) = v • M = 0,25 моль • 104 г/моль = 26 г.

Есеп 2.  4 %-тік 49,0 г фосфор қышқылында 1,8 г NaOH ерітілді. Ерітіндіде түзілген заттардың массалық үлестерін есептеңдер.

Шешуі. Әрекеттесуші заттардың зат мөлшерін табамыз.v(H3PO4) = mр-ра • w / М = 49 г • 0,04 / (98 г/моль) = 0,02 мольv(NaOH) = m / M = 1,8 г / (40 г/моль) = 0,045 мольМұндай қатынаста (0,045 : 0,02 = 2,25 : 1) NaOH және H3PO4 толық әрекеттеседі, екі тұз — натрий гидрофосфаты және натрий ортофосфаты түзіледі.2NaOH + H3PO4 = Na2HPO4 + 2Н2O (1)3NaOH + H3PO4 = Na3PO4 + 3Н2O (2)

Егер  v1(H3PO4) = х моль және  v2(H3PO4) = у моль деп белгілесек, онда реакция теңдеуіне сай v1(NaOH) = 2х моль,v2(NaOH) = 3у моль болады.Сондықтан

v1(H3PO4) + v2(H3PO4) = х + у = 0,02 моль,v1(NaOH) + v2(NaOH) = 2х + 3у = 0,045 моль.Теңдеулер жүйесін шешеміз:х + у = 0,022х + Зу = 0,045у = v2(H3PO4) = 0,005 моль,х = v,(H3PO4) = 0,015 моль.(1) реакция теңдеуі бойынша v(Na2HPO4) = v1(H3PO4) = 0,015 моль.(2) реакция теңдеуі бойынша v(Na3PO4) = v2(H3PO4) = 0,005 моль.Табамыз

m(Na2PO4) = v • M = 0,015 моль • 142 г/моль = 2,13 гm(Na3PO4) = v • M = 0,005 моль • 164 г/моль = 0,82 г,mерітінді = 49,0 г + 1,8 г = 50,8 г,w(Na2PO4) = m(Na2HPO4) / mерітінді = 2,13/50,8 = 0,042,w(Na3PO4) = m(Na3PO4) / mерітінді = 0,82/50,8 = 0,016.

Презентация

Презентация

Алгоритм

Жұмыс парағы № 1

Жұмыс парағы № 2

Жұмыс парағы № 3

Сабақтың соңы

38-40 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын төмендегі критерийлер бойынша бағалай алады

  • Есептің шартын қысқаша жазды.2.    Реакция теңдеулерін жазып теңестірді.3.    Теңдеу бойынша берілген және есептеп табуға қажетті заттардың сандық сипаттамаларын (ν, Mr, M, m, V) тауып, теңдіктің астына жазды.4.    Есептің шартына сәйкес заттардың зат мөлшерлерін есептеді.5.    Қай заттың артық берілгенін тапты.6.    Аз мөлшерде берілген зат бойынша реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеді.7.    Есептің жауабын жазды.

8. Жауабы дұрыс есептелген.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Нақты оқушыдан күтілетін нәтиже

- әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептерді шығара алады

Қабілеті жоғары оқушылар:

-реакцияға заттардың стехиометриялық мөлшерде берілуіне байланысты, яғни қалдықтарсыз бір-бірімен әрекеттесетін нұсқадағы есептерді шығара алады;

-екі зат әрекеттескенде реакция нәтижесінде әрекеттесуші заттардың қатынасына сай әртүрлі заттар түзілуі мүмкін есептерді шығара алады.

Сұрақтарға жауап сапасына байланысты оқушылардың білімін бағалау жүргізіледі

Есептердің топта, жеке дара дұрыс шығарылуы бағаланады.

Денсаулық сақтау мақсатымен көзге арналған жаттығуларды жасап отыру

Топтық жұмыс кезінде оқушылар орындарынан тұрып, қозғалып жүрулеріне жағдай жасалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?