Есептер шығару. «Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


9.1В

Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің А.Ә.Т:

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Есептер шығару

«Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер»

Оқу мақсаты:

9.2.3.1 -әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың есептің шарты бойынша екі әрекеттесуші заттың массасы берілген жағдайда есептеулер жүргізуді меңгеруі.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындаулары тиіс

Оқушылар: … (істей) алады.   Есепті шығару үшін реакцияға түсетін заттардың қайсысы толық әрекеттесетінін және қайсысы артық берілгенін анықтай алады,   осыдан ары қарай есептеулер толық жұмсалған зат бойынша жүргізеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:   реакция теңдеуі, m, ν. V, пропорция

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Сыныптағы диалог (жазылым) үшін пайдалы тілдік бірліктер   сабақ мазмұны бойынша алгоритм құрайды, есепті шығарады, талқылайды

Талқылауға арналған тармақтар: 

 есептің мазмұны, берілгені, берілген және теориялық мәндер,  артық алынған затты анықтайды, толық реакцияға түскен зат бойынша    есептейді

Сіз неліктен  ......   екенін айта аласыз ба?   Сандық есепті шығару үшін

Жазылым бойынша ұсыныстар:  Алгоритм бойынша  есепті жазып шығара алады

Бағалау критерийі

Оқушылар:

Есеп шығару алгоритмін құра алады

Есептің шартын қысқаша өрнектеп жазады

Есептің шартына сәйкес заттардың зат мөлшерлерін есептейді Аз мөлшерде берілген зат бойынша реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептейді.

Алғашқы білім:

Қарапайым химиялық реакциялар (7.2В)

Құндылықтармен байланыс

Бір-біріне деген құрмет, адалдық, өмір бойы оқу құндылықтары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

1-7 мин

8-10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Білімді жаңғырту:

Тапсырма №1 (І) (f)

Тест

1.Ерітіндіде қандай иондардың болуы қышқылдық ортаны береді?

А) OH  В) H + C) NH4 + ; D)H 

2.Ион алмасу реакциялары аяғына дейін жүреді, егер нәтижесінде...:

А) тұнба түзілсе

В) су түзілсе

С) газ бөлінсе

D) барлығы дұрыс

3. Тұнба алу үшін, келесі ерітінділерді араластыру қажет?

А) Na2CO3 + HCl

В) Na3PO4 + AgNO3

С) K2SO4 + CuCl2

D) LiCl + H2SO4

4. Ерітіндіде қандай иондардың бар болуы сілтілік ортаны береді?

А) NH4 + В) H + С) OH – D)OH +

5. SO4 2- анықтау үшін қай элементтің ионын қолданады?

А) сутегінің

В) аммоний

С) барий

D) калий

Өзара бағалау жүргізіледі.

Ой қозғау. Бейнероликті көре отырып сабақтың тақырыбы анықталады.

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/arekettesushi-zattardyng-bireui-artyq-molsherde-berilgen-reakcziya-tengdeuleri-bojynsha-esepteule

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстыру

Слайд №1-4

Таратпа материал

Бейнеролик

Ортасы

11-16 мин

17-24 мин

25-35 мин

Металдық мырыш пен тұз қышқылыарасындағы реакция

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/arekettesushi-zattardyng-bireui-artyq-molsherde-berilgen-reakcziya-tengdeuleri-bojynsha-esepteuler

Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу.

Есепті қарастырып толық түсіндіру

 Есеп. Массасы  20 г мыс сульфаты бар ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен араластырғанда қанша мыс гидроксидінің тұнбасы түзіледі?

Шешуі: 1. Екі затты қосқанда жүретін химиялық реакцияның теңдеуін және есептеуге қажетті заттардың мөлшерлерін жазамыз: 1)    CuSO4 + 2NaOH = Na2SO4 + Cu(OH)2↓2)        ν, моль                              1             2                                 1           М, г/моль                         160         40                                98           m, г                                   160         80                                98

          ν=  ; ν(CuSO4) =  = 0,125 моль                  ν(NaOH) =0.2 моль 

3) Eсептің шартында беріліп тұрған екі заттың мөлшерлерін салыстырамыз: ν(CuSO4) < ν(NaOH)4) Реакция барысында зат мөлшері аз зат толық жұмсалады. Олай болса, реакция мыс сульфаты бойынша жүреді. Реакция өнімінің зат мөлшері де соған тең болады.5) Зат мөлшері бойынша түзілген тұнба  мыс (II) гидроксидінің массасын табамыз: m(Cu(OH)2) = ν(Cu(OH)2) * М(Cu(OH)2) = 0,1 моль * 98 г/моль = 9,8 г.Жауабы: 9,8 г.

Тапсырма №2  (P)

Есеп шығару алгоритмін құрады.  

Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер жүргізудің алгоритмін ойлап, ұсыныңыздар.

Неліктен реакцияға қатысатын бірнеше заттың салмағы берілген кезде есептеу толық жұмсалған зат бойынша жүргізіледі?

Алгоритм    салыстырылады1.    Есептің шартын қысқаша өрнектеу.2.    Реакция теңдеулерін жазып теңестіру.3.    Теңдеу бойынша берілген және есептеп табуға қажетті заттардың сандық сипаттамаларын (ν, Mr, M, m, V) тауып теңдіктің астына жазу.4.    Есептің шартына сәйкес заттардың зат мөлшерлерін есептеу.5.    Қай заттың артық берілгенін табу.6.    Аз мөлшерде берілген зат бойынша реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу.7.    Есептің жауабын жазу.

Оқушыларды топқа бөлу.

Тапсырма №3 (G)

1-топ .Құрамында 16 г мыс(ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 12 г темір үгіндісі қосылды. Осы кезде неше грамм мыс бөлінгенін және қай зат артық қалғанын табыңдар.

2-топ . Массасы 15г калий гидроксиді бар ерітінді мен массасы 30г алюминий хлориді бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі

3-топ.104 гр барий хлоридімен 24,5 грамм күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілген тұнбаның салмағы қанша, қай зат қанша артық қалды?

Топ аралық бағалау жүргізіледі.

Бейнеролик

Слайд №5-8

Соңы

36-38 мин

39-40 мин

Рефлексия «Бағдаршам»

Үйге тапсырма:

Есеп: 21,2  грамм натрий карбонатына 4,9 грамм күкірт қышқылы бар ерітіндіні құйғанда түзілген газдың салмағын, көлемін және зат мөлшерін анықтаңыз. Реакцияға толық түспеген заттың артық салмағы қанша?

W = сыныппен жұмыс P = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау  = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?