Уақыт бірліктерін түрлендіру. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 В бөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Уақыт біріктері

Күні:

Сынып: 2

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақыт бірліктерін түрлендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.3 ** уақыт: с, мин, ай, жыл мәндерін салыстыру

2.1.3.4 ** уақытты: с, мин., ай, жыл олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

оқушылар күнтізбе көмегімен қандай да бір жағдайдың датасын (күні, айы, апта күнін) анықтайды;

• уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін

олардың арақатысына сүйеніп түрлендіреді.

Көптеген оқушылар уақыт өлшем бірліктерінің ара қатынасын анықтайды

Кейбір оқушылар: уақыт өлшемдерін есептеуде қолданады.

Бағалау критерийлері

жылда 12 ай барын;

–– айлардың өз атауы болатынын және олар

реттілікпен орналасқанын;

–– бір айда 30 немесе 31, 29 немесе 28 күн барын

біледі

Тілдік мақсаттар

Ай,жыл

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ – мен байланыс, сағатпен танысады

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде өлшем бірліктері туралы тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз.

ОМ таныстыру

ұзақ уақыт аралықтарын қандай

бірліктермен өлшейтінін білетін боласың

Ай – 30 немесе 31, 29 немесе 28 тәулікке тең уақыт

аралығы. Аймен оқу айлары, нәрестенің алғашқы

жылдары, әлемнің көп елдерінде жұмыс уақыты

(жалақы бір айға төленеді) өлшенеді.

Жыл – 12 айға; 365 немесе 366 тәулікке тең уақыт

аралығы. Сонымен қатар жыл – уақыт өлшем бірлігі.

Жылмен адамның және жануарлардың жастары

өлшенеді және жылдық есептеулер

(2014 ж., 2015 ж., 2016 ж. және т.с.с.). жүргізіледі.

Ақпан айында 29 күн болса, ол кібісе жылы деп

аталады. Ол 4 жылда 1 рет келеді. Желтоқсанның

31-нен қаңтардың 1-не қараған түні түн ортасында

жыл ауысады

Туған күн

Сенің жасың нешеде?

Өткен туған күніңде сенің жасың нешеде болды?

Осы уақыт аралығында қандай оқиғалар болды?

Есіңе түсіріп көр. Келесі туған күніңде сенің жасың

нешеде болады? Осы аралықта қанша ай өтеді?

Сабақтың ортасы

(Т). Орындап көр.

Сыныптастарыңның туған күндерінің тізімін жаса.

Қай айда туған күн иелері көп?

Шығарып көр.

А. Ғылыми экспедиция 1 жыл бойы зерттеу жүргізді. Экспедиция жұмысы неше айға созылды?

Ә. Спортшылар жарысқа жарты жыл дайындалды. Олар неше ай жаттықты?

Жауабы:

а) 12 ай;

б) 6 ай.

Есте сақта! Оқушыларға айдар мәтінін оқып және

апта – 7 тәулікке тең уақыт өлшем бірлігі екенін

есте сақтауын сұрау. 1 жыл = 12 айға

Ойлан.

Бұл тапсырма оқушылардың логикалық

ойлауын дамытады. Тапсырма сұрағына жауап беру үшін оқушылар алдымен бүгін қандай күн (сейсенбі) екенін анықтап, содан соң бүгінгі күннен (сейсенбі күннен) бастап, сенбіге дейін санайды.

әр жұпқа берілетін тірек сөздер жазылған

кеспеқағаздар;

• әр оқушыға – қайшы, желім;

• әр топқа – гүл отырғызатын ыдыс, аскөк,

ақжелкен, гүлдердің және т.б. тұқымдары.

Сабақтың соңы

Сен білесің бе?

Біздің ғаламшарымыз бір жылда Күнді бір рет

айналып шығады. Төрт жылда бір рет кібісе жылы болады. Сол жылы ақпан айында 29 күн болады.Желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні түн ортасында жыл ауысады. Осы уақытта біз Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

Сабақты қорыту

2 жылда неше ай өтеді?

• «Жарты жыл», «тоқсан» сөздерін естідіңдер ме?

Бұл сөздерді қалай түсінесіңдер?

• Баласы 7 жаста. Әкесі ұлынан 25 жасқа үлкен.

Әкесінің жасы нешеде?

• Менің сіңілім 1 жас 5 айда. Сіңілім неше айлық?

• Қазір қыс мезгілі, бірақ желтоқсан да, қаңтар да

емес. Олай болса, қандай ай?

• Өткен айда біз Наурыз мерекесін тойладық.

Келесі айда оқу мерзімі аяқталады. Қазір қандай

ай?

• Әділ 6 жаста. Ол мектепке барып, онда 11 жыл

оқиды. Әділ қанша жасында оқуды аяқтайды?

Бір жылда неше ай бар?

–– Бір туған күннен екінші туған күнге дейін неше ай өтеді?

–– Бір айдың ортасынан екінші айдың ортасына дейін бір ай өтті деп айтуға бола ма?

–– Сәуірде неше тәулік бар? Наурызда ше?

–– Ақпанда неше күн бар?

–– Қандай жылды кібісе жылы деп атайды?

–– Сендердің ойларыңша, неге уақыттың өзгеруі ғаламшардың космоста орналасуына байланысты

болады? (Оқушылардың болжамын тыңдау).

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

« Күнтізбеден мереке күндерін анықтаңдар» тапсырмасы қабілеті жоғары оқушыларға ұсынылады.

.

Сабақ соңында оқушылар:

––Жұмыс дәптерінде берілген суреттер арқылы өзін- өзі бағалауды ұйымдастыру

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау оқушылармен белсенді оқыту әдістерін қолдану жүргізу барысында жүзеге асты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу