Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Математика

2 А бөлімі: Екі таңбалы сандарды қосу және алу. Жүздіктер. Есептер

Күні:

Сынып: 2

ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Тақырыбы

Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері

Оқу мақсаттары

1.2 Сандармен операциялар

2.1.2.8 34+23, 57-23/ 27+34, 61-27/47+33, 80-47 тәрізді жағдайларда екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Сабақ мақсаты

екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін

қолдануды біледі; екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдана алады ; 34+23, 57-23/ 27+34, 61-27/47+33, 80-47 тәрізді жағдайларда екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін түсіндіре алады және өз бетінше өрнектер құрастыра алады;

 Бағалау критерийлері

Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай, аттап қосуды және азайтуды орындау үшін ауызша және жазбаша есептеу алгоритмін қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Жазбаша қосу және азайту алгоритмді айтады, математикалық терминдерді сөйлеу барысында қолдана алады.Қосу, азайту, бірліктер, ондықтар, қосынды, айырма, т.б. сөздерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру

Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім:

Өлшем бірліктерін түрлендіру және аталған сандармен амалдар

Сабақ барысы

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер

Сабақтың басы

3 минут

«Жылы алақан»

Жұптар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, басбармақтан бастап саусақтарын тигізіп, келесі сөздерді айтады:

-Барлық істе саған сәттілік тілеймін! Рахмет!

Қол.Бас.Жүрек.

-Балалар, бүгінгі сабақта бізге Шульманның 3 көмекшісі қажет болады. Олар: бас, қол, жүрек.

-Миымызбен жақсы ойланып, ойлағанымызды қолымызбен іске асырып, мейірімді жүрегімізбен сезіну керекпіз.

Интерактивті тақта

Қима карточкалар

Сабақтың ортасы

5 минут

7 минут

2 минут

10 минут

10 минут

(МК, Т) «Ойлан! Тап!» ойыны

-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін, мына парақтардағы тапсырмаларды орындау керек.

Оқушыларға парақтар таратылады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындап, санды анықтайды.

1/Графикалық модел бойынша санды анықтаңдар:

- 34 саны.

2/Өлшем бірліктерін түрлендіріңдер:

1 дм + 1 дм + 3 см=..... см - 23 саны.

3/Амалдарды орындаңдар:

(100 – 50 ) + 7 =..... -57 саны.

34, 23, 57.

/Топтар орындаған тапсырмаларымен ауысады және бірін-бірі тексереді/

-Балалар, қандай сандар шықты?

-Бұл сандардың қандай ұқсастығы бар?

Шыққан сандармен ламинатталған тақталарға екі әртүрлі өрнек құрастырып жаза қойыңдар.

34 + 23 = 57 57 – 23 = 34 немесе

23 + 34 = 57 57 – 34 = 23

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту.

-Қандай жетістіктерге қол жеткіземіз?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ө,Қ)Өрнектерді түрлендіру

-Жарайсыңдар! Енді толық шығару жолын көрсетіңдер.

/бұл тапсырманы 1-2 оқушы тақтада орындайды/

34 + 23 = (34 + 20) + 3 = 57

57 – 23 = (50- 20) + (7 – 3) = 34

-Балалар, осыны есептеу үшін біз көп уақыт жұмсадық. Неліктен деп ойлайсыңдар?

-Өйткені көп жаздық.

-Мұндай есептеу тәсілі тиімді ме екен?

-Қалай тез әрі тиімді есептеуге болады?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Енді осы қосынды мен айырманы баған түрінде, яғни жазбаша тәсілді қолданып, жаза қойыңдар.

-Кім тақтада жазып көрсеткісі келеді?

1 оқушы –қосындыны, 2 оқушы- айырманы тақтада жазады/

34 57

+ -

23 23

57 34

-Енді есептеу алгоритмін айта қойыңдар.

Қиындық бар ма?

-Иә

-Міне,балалар, осы бойынша бүгінгі сабақта жұмысты жалғастырамыз.

-Сабағымыздың мақсатын анықтап, айтайық: Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмін қолдану.

Хормен және жеке алгоритмді 1-2 рет қайталатып айтқызу /слайд б-ша/

Сергіту сәті «Көңілді көжек»

(МК,Т) «Проблемалық жағдаят»

-Балалар, бізге бүгін қонаққа Көжеке келіп отыр. Оның сендерге бір өтініші бар екен.

Тыңдаймыз ба?

/аудиожазбаны тыңдау/

Көжек: «-Сәлем, балалар! Қалдарың қалай? Маған сендердің көмектерің қажет. Мен екі таңбалы сандарды жазбаша қалай қосып азайту керек екенін білмеймін.Сендер маған оны үйретіңдерші.Өтінемін! Ол үшін бірінші менің орындаған тапсырмамды тексеріңдер. Қате болса, түзетіп, маған түсіндіріңдер.Сендерден жауап күтемін, балалар!»

............................................................................................

/Оқушылар Көжекенің тапсырмаларын топта отырып тексереді. Қателерін анықтайды. Түсіндіреді./

-Қай өрнектер қате шығарылған?

52 77 38 79

+ - + -

25 25 43 37

302 25 71 309

27 61 47 80-47=33

+ - +

34 72 33

511 40 377

79 – 37 = 42

79

-

37

309

- Көжеке неліктен бұл өрнектердің мәнін қате тапты?

Мүмкін болатын жауап:-Өйткені, Көжеке екі таңбалы сандардың жазбаша қосу және азайту алгоритмін білмейді.

-Иә, дұрыс, балалар! Оған түсіндіріп, үйретеміз бе?

-Иә!

/Оқушылар Көжектің қате шығарылған өрнектерінің жазбаша орындау тәсілін түсіндіреді. /

Топтар бір-бірінің жұмыстарын шапалақпен бағалайды.

-Балалар, ауызша есептеу мен жазбаша есептеудің қандай айырмашылығы бар?

Мүмкін болатын жауаптар:-Ауызша есептеулерді үлкен разрядтардан бастайды, амалды солдан оңға қарай жылжи отырып орындайды.

- Ал жазбаша есептеулерді бірліктер разрядынан бастап, оңнан солға қарай жылжиды.

/Көжек оқушыларға ризашылығын айтып, қоштасып кетеді/

(Ө,Қ)Өздік жұмыс

Ауызша есептеу тәсілін көрсете отырып, амалдарды орындаңыз.

42 + 36 = 18 + 52 =

75 – 21 = 80 – 41 =

• Баған түрінде жазыңыз және түсіндіре отырып шығарыңыз.

18 + 23 59 + 36 61 – 27 40 – 28

Жұмысты ерте орындаған оқушыға өздігінен өрнектер құруды ұсынамын.

Ұлестірмелі парақтар

Ламинатталған тақталар

Сергіту сәті аудиоматериал

Көжектің тапсырмалары,

қима өрнектер

Аудиожазба

үлестірмелі парақтар

ҚБ парақтары

Сабақтың соңы

3 минут

  • Рефлексия:

-Балалар, Шульманның «Үш көмекшісінің » пайдасы тиді ме?

-Бүгін не үйрендіңдер?

-Көңіл-күйлерің қандай екен?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Менің де көңіл-күйім өте жақсы! Енді өздеріңді стикер арқылы бағалай қойыңдар.

  • Өзін-өзі бағалау.

«Өз жетістігін бағалау парағы»

Оқушылар түрлі-түсті стикерлер арқылы өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма:Жұмыс дәптерінің 78-бетіндегі тапсырманы орындау.

Стикерлер арқылы

Қосымша ақпарат.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті жоғарылау оқушылар өздігінен өрнектер құрастырады, талдайды.

Шапалақтау арқылы бағалайды. Өздік жұмысты бағалау.

  • Дене шынықтыру
  • Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу