34+23 түріндегі жазбаша қосу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Екітаңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер.

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

34+23 түріндегі жазбаша қосу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.2.6 Мынадай жағдайларда: 34+23, 57-23/ 27+34, 61-27/47+33, 80-47, 100-35 екі таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмын қолдану.

 Сабақ мақсаттары

34+23 жағдайындағы екі таңбалы сандарды қосу алгоритмын қолдану.

 Бағалау критерийлері

Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосуды орындауда жазбаша есептеу алгоритмін қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін айтады, математикалық терминдерді сөйлеу барысында қолдана алады.Қосу, азайту, бірліктер, ондықтар, қосынды, айырма, т.б. сөздерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

 

Еңбек және шығармашылық

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/

 /интернационализм

Білімдерін өмірде пайдалану

 Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру

Дүниетану пәнімен байланысты

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырыпқа берілген тапсырма негізінде.

Бастапқы білім

Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Математикалық диктант жазу

5 ондық 7 бірліктен тұратын сан

Бірлігі 3, ондығы 9.

Барлығы 74 бірліктен тұратын сан

Тек 8 ондықтан тұратын сан

Сабақтың ортасы

5 минут

7 минут

2 минут

10 минут

10минут

(МК, Т)

-Сабағымыздың мақсаты:

34+23 жағдайындағы екі таңбалы сандарды қосу алгоритмын қолдану.

«Ойлан! Тап!» ойыны

-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін, мына парақтардағы тапсырмаларды орындау керек.

Оқушыларға парақтар таратылады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындап, санды анықтайды.

1/Графикалық модел бойынша санды анықтаңдар:

- 34 саны.

2/Өлшем бірліктерін түрлендіріңдер:

1 онд + 1 онд + 3 бірл=..... бірл - 23 саны.

3/Амалдарды орындаңдар:

(100 – 50 ) + 7 =..... -57 саны.

34, 23, 57.

/Топтар орындаған тапсырмаларымен ауысады және бірін-бірі тексереді/

-Балалар, қандай сандар шықты?

-Бұл сандардың қандай ұқсастығы бар?

Шыққан сандармен ламинатталған тақталарға екі әртүрлі өрнек құрастырып жаза қойыңдар.

34 + 23 = 57 57 – 23 = 34

23 + 34 = 57 57 – 34 = 23

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту.

(Ө,Қ)Өрнектерді түрлендіру

-Жарайсыңдар! Енді толық шығару жолын көрсетіңдер.

34 + 23 = (34 + 20) + 3 = 57

57 – 23 = (50- 20) + (7 – 3) = 34

-Балалар, осыны есептеу үшін біз көп уақыт жұмсадық. Неліктен деп ойлайсыңдар?

-Өйткені көп жаздық.

-Мұндай есептеу тәсілі тиімді ме екен?

-Қалай тез әрі тиімді есептеуге болады?

-Енді осы қосынды мен айырманы баған түрінде, яғни жазбаша тәсілді қолданып, үйренеміз.

34 57

+ -

23 23

57 34

Сергіту сәті

(МК,Т) «Проблемалық жағдаят»

-Балалар, бізге бүгін қонаққа Көжеке келіп отыр. Оның сендерге бір өтініші бар екен.

Тыңдаймыз ба?

Берілген тапсырманы қатесін түзетіп,

топта отырып тексереді.

-Қай өрнектер қате шығарылған?

42

+25

76

Топтар бір-бірінің жұмыстарын бас бармақпен бағалайды.

-Балалар, ауызша есептеу мен жазбаша есептеудің қандай айырмашылығы бар?

Мүмкін болатын жауаптар:

-Ауызша есептеулерді үлкен разрядтардан бастайды, амалды солдан оңға қарай жылжи отырып орындайды.

-Ал жазбаша есептеулерді бірліктер разрядынан бастап, оңнан солға қарай жылжиды.

(Ө,Қ)Өздік жұмыс

Жазбаша есептеу тәсілін көрсете отырып, тапсырмалар орындау.

42 + 36 =

15 + 52 =

75 – 21 =

83 – 41 =

Оқулықтың 12-бетіндегі «Сабақ кестесі» тапсырмасын орындау.

Қалыптастырушы бағалау

• Баған түрінде жаз және түсіндіре отырып шығар.

16 + 23 52 + 36 67 – 23 48 – 24

Жұмысты ерте орындаған оқушыға өздігінен өрнектер құруды ұсынамын.

Берілген сызба бойынша есеп құрастыру, шығару.

Шаңғы- 23б.

Коньки- ?, 9б. Артық

Өздік тапсырма

«Ойлан» тапсырмасы

Қосындысы 50 болатын сандар жұбын таңда.

Үлестірмелі парақтар

Сергіту сәті

Аудиожазба

үлестірмелі парақтар

ҚБ парақтары

Сабақтың соңы

3 минут

  • Рефлексия:

-Бүгін не үйрендіңдер?

  • Өзін-өзі бағалау.

«Өз жетістігін бағалау парағы»

Оқушылар түрлі-түсті стикерлер арқылы өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма:Жұмыс дәптерінің 11-бетіндегі тапсырманы орындау.

Стикерлер арқылы

Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

[attachment=36112:matematika-2-synyp-2a-blim-ekitabaly-sandardy-osu-zhne-azajtu_-3423-trindegi-ysamerzimdi-zhospar.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу