Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А Көміртек және оның қосылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері

Оқу мақсаттары

8.4.3.5 көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру;

8.4.3.11 көміртегінің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу;

Сабақ мақсаттары

Көміртектің құрылысы мен табиғатта айналымын түсіндіру;

Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерін атау;

Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысы мен қасиеттерін салыстыру;

Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын анықтау;

Бағалау критерийлері

Көміртектің сыртқы электрондық қабатындағы электрон санын атайды;

Көміртек айналымының сатыларын атайды;

Көміртектің кең таралған аллотропиялық түр өзгерістерін атайды және олардықұрылысы, қасиеттері және қолданылуы бойынша салыстырады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерін химиялық терминдерді қолдана отырып, салыстырады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

көміртек, электрондар, сыртқы қабат, байланыстар, қосылыс, көміртектің үш аллотропиялық түрөзгерістері,құрылысы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Себебі, сыртқы қабатта n электрон

Көміртегі байланыс ... түзе алады/қалыптастырадыКөптеген қосылыстарда көміртегі валенттілігі ........

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу-топтық жұмыс барысында оқушылар бір бірін тыңдап өз ойларын бөлісе отырып құрметтеу.

Айқындық-тапсырмалар орындау барысында нақтылық қажет екенін түсіну.

Пәнаралық байланыс

Физика (көміртектің және қосылыстарының физикалық қасиеттерін қарастру), география ( Қазақстан картасынан көміртек қосылыстарының кен орындарын қарастыру)

Бастапқы білім

7.4B Геологиялық химиялық қосылыстар

8.1А Атомдағы электрондарждың қозғалысы

8.3А химиялық элементтердің периодтық жүйесі

8.2D Сутек. Оттек және озон

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой шақыру

0 – 2 минут

3 – 5 минут

Сәлемдесу. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру

Сабақтың тақырыбымен танысу. Сабақ мақсаттарын талқылау.

Мағынаны тану

4-10 минут

11-15 минут

16-30 минут

31-37 минут

Миға шабуыл

Әр бір оқушыға тапсырмалар таратылып беріледі. Үш минут өткеннен соң жұптағы оқушылар бірін –бірі тексереді. Дұрыс жауаптар презентацияда көрсетіледі.

Сыныппен талқылау жүргізіледі. Мұғалім кейбір оқушыларға көмек көрсетеді.

Жұптық жұмыс

4 картинкаларда бір сөз .

Презентациядағы сұрақтарға оқушылар жауап береді. Кейбір оқушылар жауаптарын айтады.

Топтық жұмыс

Мұғалім оқушыларды бірнеше топқа бөледі. Әр бір үш топқа 1 эксперт сайланады.

Оқушылар көміртек қасиетін кестеге толтырады.

Ресурс көзі ретінде интернетті, мәтінді, оқулықты және басқа кез келген ресурс көздерін қолдануға болады.

Эксперттерде дайын схемалар болады, сол арқылы олар басқа оқушыларға көмектеседі.

Мұғалім осы кезде көмекті көп қажет ететін оқушыға көмектеседі.

Тапсырманы уақытынан ерте аяқтаған топ мүшелері, тағы да тапсырмалар орындайды.

Жеке жұмыс

Оқушылар қима қағаздағы сұрақтарға презентация бойынша жауап береді. Жауаптар талқыланады.

Өзін өзі тексеру.

Сабақтың мақсатына қайта оралу.

Сабақты қорытындылау.

Презентация

1-қосымша

Презентация

2-қосымша

3-қосымша

39 – 40 минут

Рефлексия. Сабақта:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасы: көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің салыстырмалы кестесін құру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Көміртектің табиғатта айналым циклін түсіндіре алады.

Барлық оқушылар:

көміртегі аллотропиялық түр өзгерістерін атай алады, қолданылуы мен қасиеттерін айдады;

Көптеген оқушылар: аллотропиялық түр өзгерістердің қолданылуына нақты мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар:

Алмаз бен графиттің құрылысын атом құрылысы тұрғысынан салыстыра алады.

Сабақта өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалау орын алады. Сонымен қатар сабақ барысында оқушылардың тапсырмалар орындауы мен талқылауларын бақылау арқылы мұғалім оқушыларды бағалайды

Физика пәнімен пәнаралық байланыс

Сабақ барысында оқушылардың алған білімдерін қалай қолданатындығына көп мән беріледі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?