Сандарды және өлшеу нәтижелерін салыстыру. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән аты: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1В Тарау : Артық және кем Математика | Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||
Күні: Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И. | |||||||||||||||
Сынып: 2А | Қатысқандар:18 Қатыспағандар саны: 0 | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Сандарды және өлшеу нәтижелерін салыстыру | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.1.1.9 «Артық/кем» ұғымдары қатынасын түсіну2.1.1.10 «Артық/кем» және «есе артық/ есе кем» ұғымдары қатынасын ажырату. | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Сандарды салыстыру және салыстырудың нәтижелерін жазу үшін сәйкес таңбаларды пайдалану.Сандарды салыстыруда берілген теңсіздік пен теңдіктерді ажыратады, дұры оқи алады.Көптаңбалы сандарды салстырады, қатесіз оқиды, берілген кез келген сөзорамдарын дұрыс қолданады және берілген сандармен теңдік, теңсіздік құрастырады. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | «артық,кем»ұғымдарының қатынасын білу, сандарды салыстыруда тиісті ұғымды дұрыс қолдана алу дағдылары бағаланады. | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
| ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сілтеме арқылы белсенді тақтадан сергіту сәтін көрсету арқылы АКТ пәгімен байланыс орнайды. | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Алудың сәйкес стратегиясын таңдау | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Әр оқушыға екі санды салыстыруға берілген карточка таратылады. Сандарды салыстырады, оқиды. Мысалы: 6*8; 12* 10; 55*55 т.б. | карточкалар
| |||||||||||||
Сабақ ортасы
| (Ұ) Оқушылардың көптаңбалы сандарды дұрыс жазып, нұсқау бойынша дұрыс орналастыра алу дағдысын қалыптастыру мақсатында төмендегі тапсырма орындалады. (Ұ) Кестемен жұмыс. Әр балада болады. «Санды орналастыр» ойыны - Оң жақ төменгі бұрыштағы әйнекшеге 629 цифрын жазыңыз. - Сол жақтағы жоғарғы бұрыштағы әйнекшеге 156 цифрын жазыңыз. - Тура ортасына ең кіші натурал санды орналастырыңыз. т.б. (Ж) Жұптасып жұмыс істеуді ұйымдастыру және оқушыларға карточкалар жинағын беру. Олар біріншісінде «... қарағанда артық», екіншісінде «... қарағанда кем», үшіншісінде «... сонша» деген үш пікірді құрастыруды талқылау үшін (бұл қажет болса, карточкаларды біріктіре отыра) керек. Карточкамен жұмыс. Салыстырыңыздар: 10 см * 1 дм 25 см * 12 см 15 см * 2 дм. 5 см 5 дм 2 см * 2 дм 5 см Тақырыбы «Менің отбасым және достарым»:оқушылардың аттары жазылған билеттерді қалпаққа салу. Оқушылардың аты жазылған екі билетті алып шығып, одан кейін «… қарағанда артық», «… қарағанда кем», «… сонша» деген сөзорамдарын қолдана отыра, әр отбасының құрамы туралы сыныпқа айтып беруге дайындалу үшін екі минуттан беру.Тағы да екі билет алып шығу және барлығы осы қызметке қатысу мүмкіндігіне ие болғанша т.с.с. Егерде оқушылардың саны тақ болатын болса, соңғы оқушы мұғаліммен жұптасып жұмыс істейтін болады. Есеп шығарайық. 1.Алмасқа анасы 80 теңге берді. Ал Айжанға 50 теңге берді. Кімнің ақшасы көп? Қанша көп? 2. Ұзындығы 8 см кесінді сызыңыздар. Енді одан 3 см кесінді сызыңыз. Екі кесіндіні салыстырыңыз. 3. Апасы 60 жаста, ал анасы 35 жаста. Кім кіші? Неше жас кіші? VІ. Жеке жұмыс 622 * 722 456 * 458 712 * 732 524 * 387 VІ. Топпен жұмыс 1-топ. Екі түсті және ұзындықтары әртүрлі ленталарды өлшеп, оларды салыстырады. 2-топ. Өз тобындағы екі баланы өлшеп, салыстырады. 3-топ. Екі түрлі гүл ұсынылады. Балалар сол гүлдерді өлшеп, ұзындықтарын салыстырады. Әр топ өз жұмыстарының таныстырылымын жарнамалайды. | https://www.youtube.com/watch?v =rzzX26xgJAY | |||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс Мен үшін бүгінгі жұмыс … , себебі, … Мен … үйрендім. Енді мен … | ||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Дифференциация сабақ барысында тапсырма бойынша қарастырылады | Сабақ мұғалім оқушылардың салыстыру дағдысынының қандай дәрежеде қалыптасқандығын қалыптастырушы бағалау жұмысы арқылы байқайды. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?