Алмас Темірбай (Жасанды әйел)

 Алмас Темірбай (Жасанды әйел)

Шүлдірлеген әр тілде тілің қандай жасанды,
Еліктеген әркімге түрің қандай жасанды.

Алдап, арбап қарайтын көзің қандай жасанды,
Жұртты ақымақ санайтын сөзің қандай жасанды.

Бетіңдегі бояуды-ай, ұн жаққандай жасанды,
Жалғап алған сояудай тырнақ қандай жасанды.

Шашқа да шаш жалғай ма, шашың қандай жасанды,
Шығып кеткен маңдайға қасың қандай жасанды.

Ойлап қалдым «маска» деп, макияжың жасанды,
Қабақ бөлек, қас бөлек, татуажың жасанды.

Силиконмен жөнделген кеудең қандай жасанды,
Фотошоппен өңделген бейнең қандай жасанды.

«Коко Шанель» деп жүрген иіссуың жасанды,
Өп-өтірік ерніңмен сүйісуің жасанды.

Екі көзің жылтыңдап, күлгенің де жасанды,
Екі бөксең бұлтыңдап, жүргенің де жасанды .

Жап-жас қыздай киініп, жас болғаның жасанды,
Еркек көрсең қиылып, мас болғаның жасанды.

Түнде ойнақ саларсың «жігіт» тауып жасанды,
Сосын, бала табарсың ұрықтанып жасанды.

Көрінесің қоғамға тіптен, ерсі, жасанды,
Бала тусаң... оған да сүт берерсің жасанды?!

Айта берсем, әй енді, барлығы да жасанды,
Демек, ондай әйелдің тағдыры да жасанды...

Әлденеге өкініп, қиналғаның жасанды,
Өтірік қой, өтірік, ұялғаның жасанды.

Көрсетші бір, көрсетші, қылығыңды шынайы,
Мінезіңе жасанды... шыдай берем қашанғы???

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?