Қосу және алу амалдарының жазбаша тәсілдері. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1A Тарау : Сандар жүйесі

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күн

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қосу және алу амалдарының жазбаша тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.9 Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды есептеу алгоритмін қолданып, ондықтан аттау арқылы жазбаша қосу және азайтуды орындау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Екітаңбалы және үштаңбалы сандарды баған түрінде жазбаша қосу және азайтуды орындау тәртібін үйренеді.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Екітаңбалы және үштаңбалы сандарды баған түрінде жазбаша қосу және азайтуды орындау тәртібін жазып есептейді.

Кейбір оқушылар істей алады:

Екітаңбалы және үштаңбалы сандарды баған түрінде жазбаша қосу және азайтуды орындау тәртібін жазып есептейді және түсіндіреді.

 Бағалау критерийлері

Екітаңбалы және үштаңбалы сандарды баған түрінде жазбаша қосу және азайтуды орындау тәртібін орындай алулары жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

 Тілдік мақсаттар

 

Екітаңбалы және үштаңбалы сандарды қосу кезінде және азайту кезіндегі ауызша айта алу.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады.

 Пәнаралық байланыстар

Жануарлардың тапсырмаларын орындау арқылы дүниетану, ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс орнайды.

  АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барсында тақырыпқа байланысты таныстырылым қолдану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосу және алу амалдарының жазбаша тәсілдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

,Сабақтың басы

1. (Ұ) Оқушыларды шеңбер құру. Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

«Артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 - дөңгелек сан емес)12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 - үш таңбалы)24, 11, 13, 15, 17, 19, 12. (24 - екі ондық)

Сабақ ортасы

2. (Ж) Жұппен жұмыс.

37 48

37+ 48 =

Графикалық модель арқылы берілген екітаңбалы сандарды ата және жұптасып баған түрінде қосып көрейік.

«Жұбыңды тексер, бағала!»

тапсырмасын орында.

+ 427 +4м 2дм 7см -710 -7м 1дм 0см

283 2м 8дм 3см 427 4м 2дм 7см

710 7м 1дм 0см 283 2м 8дм 3см

тапсырмасын орында.

(Т) Топпен жұмыс.

Логикалық есептер:1. 8 адам кезедесіп бір - бірімен қол алысты. Олар барлығы неше рет қол алысқан?2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады?3. Оңынан оқысың да – сол санСолынан оқысаң да – сол санОл қандай екі таңбалы сан?(қырық)

Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жазайық.

Қарлығашқа ұқсап,

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

«Миға шабуыл»1. Аптаның неше күні бар? Бүгін аптаның нешінші күні2. Сандарды немен белгілейміз? (цифрмен)3. Цифрді не істейміз? (көреміз, жазамыз)4. Кесіндіні немен өлшейміз? (см, дм)5. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?6. Заттарды бір - біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз? (+)7. Заттарды бөліп алуда қандай амалды қолданамыз? (Азайту)8. Қосудың компоненттерін ата.9. Азайтудың компоненттерін ата.10. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы не білесің?

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақты түсіндім. Жасыл түсті смайлик.

Сұрақтарым бар. Сары түсті смайлик.

Түсінбедім, қиын болды. Қызыл түсті смайлик.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация сабақ барысында тапсырма бойынша қарастырылады. Қабілеті жоғары оқушыларға үштаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу,ондықтан аттап жазбаша қосу жәнеазайту тәсілдері күрделендіріледі.

Бағалау оқушылардың жұппен жұмыс орындау барысында мадақтау, әр жұптың дұрыс орындауларын қол шапалақтау, таратпа материалдарда берілген бағалау критерийлері арқылы бағаланады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу