Осы санды берілген мәнге дейін толықтыратын сандарды табу 78 + □ = 80, 850+ □ = 1000. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 А бөлімі «Сандар жүйесі»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 1-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Осы санды берілген мәнге дейін толықтыратын сандарды табу

78 + □ = 80, 850+ □ = 1000

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

СО 2.7 Бүтін санды алу үшін, мына түрдегі 78 + □ = 80, 850+ □ = 1000 сандарды қосу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар бүтін сандарды алу үшін тиісті тәсілдерді меңгереді.

 Бағалау критерийлері

СО 2.7 Бүтін санды алу үшін 78 + □ = 80, 850+ □ = 1000 түріндегі амалдарды орындай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Бүтін сан, қосу амалы, азайту амалы, санды толықтыру, тәсіл терминдерін қолдану арқылы оқушылардың математикалық тілін дамыту.

 Құндылықтарды дарыту

Дидактикалық ойындар барысында оқушылардың бойында математика пәніне деген қызығушылықтар пайда болады. Жұппен және топпен жұмыс үстінде ұйымшылдыққа, өзара көмек беруге ұмтылады.

 Пәнаралық байланыстар

АКТ-ны пайдалану кезінде информатикамен байланысады.

 АКТ-ны қолдану

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі. Оқушылар АКТ-да тапсырмалар мен мысалдарды орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ойша санау дағдылары қалыптасты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7

минут

(Ұ) Оқушылар көңілді музыка әуенімен шеңберге жиналады.

Ойын «Мен қандай сан ойладым?» шеңбер бойымен біріне бірі төмендегідей сұрақтар қояды.

11 мен 7-нің қосындысы;

45 пен 13-тің айырмасы;

5 ондық 8 бірлік;

4 жүздік 2 ондық, 6 бірлік.

Сабақ ортасы

30

минут

Оқушылар жұмыс орнына отырғаннан кейін ойынды мұғалім жалғастырады.

(Ұ, Қ) Ойынның көмегімен алдын ала бағалау жүргізіледі. Мұғалім санды атайды, оқушы осыны 20-ға дейін толықтыратын санды айтуы (дабыл карточкасынан көрсетуі) тиіс. Мысалы, 14 /6/; 18/2/; 10/10/ т.б.

Жұмыс парақтарына жазу.

20=14+6

20=18+2

20=10+10

(М.Т) Жалпы берілген санды шығару үшін сандарды таба білудің пайдасын түсіндіру. Олар «толықтауыш сандар» деп аталады.

(Ж. Дифф.) Әсіресе бүтін ондыққа дейінгі сандарды толықтыру пайдалы болып табылады. 23, 56, 89 сияқты сандар үшін жұппен жұмыс ұйымдастыру.

+

80

70

90

23

56

24

19

64

-

80

100

90

23

56

19

64

Қабілетті оқушыларға:

+

500

650

1000

230

566

190

640

(Ө,Қ) 1-100 карточкалар жинағынан карточканы таңдап алынып, оқушыларға көрсетіледі. Толықтауыш мәнді бүтін ондыққа дейін толықтыратын санды ауызша немесе дабыл карточкасының көмегімен немесе параққа жазып табуы тапсырылады.

Дабыл карточкалары

Оқушылардың бір мысалды талқылауы АКТ-да түсіндіріледі.

Дабыл карточкалары, ламинат қағаздар, парақтар, маркер.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Топ қатысушылары сөздер, іс-әрекет және сезімдер арқылы бүгінгі сабақтан қаншалықты түсінік алғандарын талқылайды. Топ басшылары көмек қажет ететін оқушылардың тізімін береді.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға мадақтау сөздер, шапалақтау, смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Бүтін ондыққа дейінгі сандарды кесте бойынша толықтыру тапсырмасы әр деңгей бойынша құрылып, жұп бойынша беріледі.

Әр оқушының өздік жұмыстары сырттай бақыланады.

Ойынның көмегімен алдын ала бағалау жүргізіледі. Мұғалім санды атайды, оқушы осыны 20-ға дейін толықтыратын санды айтуы (дабыл карточкасынан көрсетуі) тиіс.

АКТ-ны пайдалану және ламинат пен маркерді қолдану кезінде қауіпсіздік ережелері ескеріледі.

Жұппен жұмыс кезіндегі қаламды дұрыс ұстау себептері айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу