Қышқылдар. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класы. Генетикалық байланыс | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Қышқылдар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.4.8 қышқылдардың қасиеттерін, классификациясын білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын, реакция теңдеулерін жаза білу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар жасай алады:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: - қышқылдардың жіктелуін біледі - химиялық қасиеттерін біледі - реакция теңдеулерін құрастыру дағдыларын дамытады | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушы орындауы тиіс:ауызша және жазбаша жауаптарда ғылыми терминологияны қолдану Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қышқылдық, негіздік, екідайлы оқсидтер, тұз түзуші және тұз түзбейтін оксидтер;орта, қышқылдық, негіздік тұздар сілті, суда ерімейтін негіздер, екідайлы негідер Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер ....... сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар Кальций оксидін суда еріткенде құрамы ..... зат түзіледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушының логикалық ойлау дәрежесін. Қарым-қатынасын. Жауапкершілігін арттыру. Жаһандық азаматтылық. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power point Twig-bilim.kz | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 минут | Оқушылармен амандасу. І. Ұйымдастыру кезеңі Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою арқылы өткен сабақты еске түсіру. Бүгінгі тақырыптын аты және мақсаты оқушыларға әр түрлі жеміс-жидектердің суреттері беріледі. Оқушылар олардың арасындағы байланысты анықтайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2-9 минут 10-15 минут 16-30 минут 31-37 минут | Оқушылар, мына суреттерге қараңдаршы, осы заттар арасында қандай байланыс бар? (алма, лимон, айран, аскорбин қышқылының дәмдері қышқыл болады). Қышқылдар несімен ерекшеленеді? Олар табиғатта және адам өміріне қажет пе? Күнделікті өмірде қолданылып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Қышқылдармен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, жаңбырдың суы ол таза көрінгенімен, оның құрамында еріген көптеген заттар бар. Жаңағы айтқан ауадағы кездейсоқ газдар суда еріп қышқылдар түзеді де, қышқылдық жаңбыр ретінде жерге түседі, ал ол табиғатқа және адамдарға өте зиян. Біздің ағзамызда да қышқылдар бар (асқазанда – тұз қышқылы, аминқышқылдары ақуызды түзеді, ал олар біздің бұлшық еттерімізді түзеді). Егер орманда құмырсқаның илеуінің жанында көп отырып қалсаңдар, құмырсқаның шаққан жерлері көпке дейін ашиды. Себебі, құмырсқа тек шағып қана қоймай, жараға құмырсқа қышқылын жібереді. Үйде салат жасағанда, консервілегенде сірке қышқылы, лимон қышқылы қолданылады. Сонымен, қышқылдар біздің айналамызда жиі кездеседі. Қышқылдарды қандай қасиетіне сүйеніп жіктейміз? Оқушылар өздерінің тұжырымдарын айтады: екі қасиетіне сүйеніп, қышқылдарды екі топқа бөлеміз. Бірінші, сапалық жағы, құрамында оттегінің болу болмауы, екінші, сандық құрамы, қышқылдағы сутегінің саны. Қышқыл ортада индикаторлар түсін өзгертетінін демонстрациялайды. Оқушылардан индикаторлар туралы сұраңыз. Кесте толтыртыңыз.
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде көрсетіледі. Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі Mg + H2SO4→ MgSO4+ Н2↑ Zn+ H2SO4→ ZnSO4+ Н2↑ Сu+ H2SO4→ Fe + H2SO4→ FeSO4+ Н2↑
Тәжірибеден көретініміз: қышқылмен шабытты әрекеттесетін магний Mg, одан соң мырыш Zn, баяу әрекеттесетіні темір Ғе, ал мүлде реакцияға түспейтіні мыс Сu. Соңғы сынауықтан сутек бөлінбейді. Демек, металдардың қышқылдарға қатысты белсенділігі әр түрлі. Соған байланысты металдардың кернеу қатары құрылған. Li К Са Na Mg Al Zn Fe Ni Sn Pb (H) Сu Hg Ag Аu. Бұл кернеу қатарын орыс ғалымы Н.Н.Бекетов жасаған және тәжірибе нәтижесінде дәлелденген. Кернеу катарында сутектің сол жағында орналаскан металдар сутекті сұйылтылған қышылдардан (НNО3 басқа) ығыстырып шығарады. Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі. Көрнекілік тәжірибе. CuO + H2SO4→ CuSO4 + H2О Қара түсті мыс (ІІ) оксидінің ұнтағына аздап қышқыл ерітіндісін құйып, қыздырса, ол көгілдір түске айналады. Оны суалтқанда кристалл зат мыс (II) сульфаты бөлінеді. Оқушылар мына реакция теңдеуі қай реакция типіне жатады? Төменгі және жоғарғы деңгейдегі сұрақтар арқылы оқушылар қышқылдардың химиялық қасиетін қаншалықты дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз | https://www.twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-1-5730/ Магний,мырыш,мыс,темір, күкірт қышқылы https://www.twig-bilim.kz/film/glossary/acid-4996/ https://www.twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-2-5731/ | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Рефлексия - бүгінгі сабақтан алған әсерім.... - мынаны түсіндім.... - маған мынау қиын болды...... - келесі сабаққа ұсынымын.... | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталу | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттерін білсе; Көптеген оқушылар: химиялық қасиеттерін зерттей алса; Кейбір оқушылар: электрохимиялық кернеу қатарын анықтай алса; | Сынып оқушылары топтардың жұмысын бағалайды. | Сабақ бойы оқушылар мен мұғалім арасында, оқушылардың өздері арасында талқылаулар жүреді, бұл тілдесу дағдысын дамыту және басқалардың пікіріне сыпайы болуы үшін кең мүмкіндіктер береді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдерітсақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?