Заңдылықтың бұзылуын табу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1А-бөлім: Екітаңбалы сандар

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Заңдылықтың бұзылуын табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.4.3.1 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау.2.4.3.2 Берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

 Сабақ мақсаттары

Берілген заңдылық бойынша тізбек құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын анықтау.

 Бағалау критерийлері

Берілген заңдылық бойынша тізбек құрастырады.

Тізбектегі заңдылықтың бұзылуын анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

  • екі таңбалы сандардың разрядтарын атау
  • екі таңбалы санға сипаттама беру
  • бірліктер, ондықтар, разрядтар:
  • есептеу, тура ретте есептеу, кері ретте есептеу;
  • артық; кем; … қарағанда артық; … қарағанда кем;
  • разрядтық қосылғыштар;
  • разрядтық қосылғыштардың жиынтығы;

разрядтардың кестесі

 Құндылықтарды дарыту

 

Оқушылар топпен, жұппен жұмыс кезінде өзара көмек беруге, қолдау көрсетуге ұмтылады. Математика пәніне деген қызығушылықтары артады.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/

 /интернационализм

Білімдерін өмірде пайдалану

 Пәнаралық байланыстар

Жұптарға жануарларды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы кезінде дүниетану пәнімен байланысады, оқушылар жануарлардың мекендейтін жері туралы өз білетіндерін айтады.

 АКТ қолдану дағдылары

Заңдылықты табуға берілген тапсырма негізінде.

Бастапқы білім

Оқушылар бірінші сыныпта алған санау дағдыларын еске түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Психологиялық дайындық

Армысың, ару Күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

Сабақтың ортасы

25 минут

Сабақ мақсаты:

Берілген заңдылық бойынша тізбек құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын анықтау.

Сандар қандай тәртіппен орналасқан?

а) 13, 24, 35, 46, 57, 68, 79;

б) 100, 80, 60, 40;

в) 97, 85, 73, 61;

г) 19, 16, 13.

Тізбектегі заңдылық бұзылған санды қорша.

980, 870, 760, 650, 550, 430, 320, 210.

Сергіту сәті

Дифференциация

4,8,16,28,44,64, …, ….

Тапсырманы орында.

Кинотеатрда әр қатарда 10 орыннан 7 қатар бар. Бос орындарды толтыр.

Бос емес

63

67

40

59

46

Бос орын

5

20

54

12

Барлығы

70

70

70

70

70

70

70

70

70

Қалыптастырушы бағалау

Заңдылығын анықтап, бос орындарға сан қой

47, ... , 38, 35, 32, ... , 26, 23, ...

44, 48, 52, 56, 60, 64, …, …, 76.

Слайд,

үлестірмелі кима қағаздар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылар екі қатарға сандық түзу құрып тұрады.

1-қатарға заңдылықтың бұзылуын анықтай алатын оқушылар тұрады.

2-қатарға заңдылықтың бұзылуын анықтауда қиналамын деген оқушылар тұрады.

Екі қатарға екі түрлі лента қоюға болады.

Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу