Оксидтер. Зертханалық жұмыс № 6 «Оксидтердің қасиеттерін зерттеу». Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс. | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Оксидтер. Зертханалық жұмыс № 6 «Оксидтердің қасиеттерін зерттеу» | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.4.7 – оксидтердің классификациясы мен қасиеттерін білу және олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: оксидтердің жіктелуін біледі Көпшілік оқушылар: оксидтердің химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза алады. Кейбір оқушылар: оксидтердің химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерінің иондық теңдеулерін жазады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -Оксидтердің жіктелуін біледі; -Оксидтердің химиялық қасиеттерін реакция теңдеулер арқылы жазады; -Оксидтердің химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерінің иондық теңдеулерін жазады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика жәнетерминалогия:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында білім құндылықтары:
көрсетілім жасау, жеке және сыныппен бірлесіп жұмыс жасау барысында орын алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика, математикамен байланысты ертінділердің қасиеті мен мөлшері қарастырылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурстары қолданылады, презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Бұрын оқып танысқан барлық тақырыптар аталған бөлім үшін қажет. Әсіресе 7 сыныптың сәйкес тараулары маңызды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Начало урока 0-3 мин | Ұйымдастырушылық кезең Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысу бойынша тексеру.
Ал енді маған қараңыз, менде сіздерде бүгін нәтижелі жұмыс жасауға шақырамын. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
4-7 мин | Оқушыларды топқа бөлу әрекеті тосыннан таңдау арқылы жүргізіледі. Сынып екі топқа бөлініп, топтардың атауларын қою өздерінен сұралады. Топ ішіндегі ережелерді айқындағаннан кейін топ жетекшісін тағайындайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
8-14 мин | Тақырыпты ашу мақсатында оқушылар назарына заттардың формулалары беріледі. H2O, CO2, CaO, SiO2
Сабақтың тақырыбының айқындалуы. Оқушылар сабақтың тақырыбын жазып, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады. Кейін тілдік мақсатқа берілген сөздерді сөздік дәптерге жазады және оқылуы емлесімен танысады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
15-20 мин | Ой қозғау сұрақтары ретінде келесі сұрақтар қарастырылады:
Оқушылардың мысалдары тыңдалып, мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
21- 35 мин | Жаңа сабақтың түсіндірілуі. Оксидтердің алынуы мен физикалық қасиеттері түсіндіріледі. Оксидтердің алынуы:
2Mg + O2 = 2MgO
H2CO3 = CO2 +H2O H2SO3 = SO2 + H2O
Cu(OH)2 = CuO +H2O
Тұз = Негіздік оксид + Қышқылдық оксид CaCO3 = CaO + CO2 Келесі физикалық қасиеттер:
Химиялық қасиеттері: Негіздік оксид+ Қышқыл → Тұз + су MgO + 2HCl=MgCl2 + H2O MgO + 2H+ = Mg2+ + H2O Негіздік оксид+ Қышқылдық оксид → Тұз СаO + CO2 = CaCO3 Оксид (сілтілік, сілтілік жер метал оксидтері) + Су → Сілті K2O + H2O = 2 KOH K2O + H2O = 2K+ + 2OH- Қышқылдық оксид + Негіз → Тұз + су CO2 + 2NaOH= Na2CO3 + H2O CO2 + 2OH- = CO32- + H2O Қышқылдық оксид + Cу → Қышқыл SO3 + H2O = H2SO4 Амфотерлі оксид + Қышқыл → Тұз + су ZnO + 2HNO3 = Zn(NO3)2 + H2O ZnO + 2H+ = Zn2+ + H2O Амфотерлі оксид + Қышқылдық оксид → Тұз ZnO + CO2 = ZnCO3 Амфотерлі оксид + Негіздік оксид → Тұз ZnO + Na2O = Na2ZnO2 Сәйкесінше реакция теңдеулерін сөзбен жазып, мұғалім тарапынан түсіндірме беріліп отырғаны дұрыс. | РРТ | ||||||||||||||||||||||||||||||||
36-40 мин | «Пазлды құрастыр». Оқушылар жұп болып, оксидтердің алынуы мен химиялық қасиеттеріне байланысты бірнеше реакция (5 реакция) теңдеулерінің қиындыларынан дұрыс реакцияларды құрастыруы керек.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
41-55 мин | Зертханалық жұмыс № 6 «Оксидтердің қасиеттерін зерттеу» а) Негіздік оксид алу (топтық жұмыс). Жағуға арналған қасықпен магний ұнтағын алып, газ жанарғысының жалынында магнийдің жануына дейін қыздырыңыз. Абай болыңыз! Магний жарқырап жанады. Магнийдің жануының реакция теңдеуін жазыңыз. Түзілген оксидтің түсін ескеріңіз. Алынған оксидті бөлек ыдысқа салып қойыңыз. б) Негіздік оксидтің сумен әрекеттесуі. Алдынғы тәжірибеде алынған оксидті (суыған соң!) химиялық стаканға салып, үстіне су құйыңыз. Магний оксидінің ерігіштігі туралы не айтуға болады? 2-3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңыз. Не өзгерді? Магний оксидінің сумен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыз. в) Қышқылдық оксидтің алынуы. Сынауыққа бордың бір кесегін салып, үстіне бірнеше тамшы тұз қышқылын қосыңыз. Не байқалды? Газ бөлініп жатырған сынауыққа газ түтікшесін орнатып, көмірқышқыл газын әк суы бар сынауыққа жіберіңіз. Не байқалды? Реакция теңдеулерін жазыңыз. г) Қышқылдық оксидтің сумен әрекеттесуі. Газ бөлініп жатырған түтікшені дистелденген суы бар сынауыққа батырыңыз. Кейін сынауыққа метилоранж индикаторын қосып, түсін байқаңыз. Не өзгерді? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз. | Қажетті реактивтер: Магний ұнтақ, дистилденген су, фенолфталеин, метилоранж, бор кесектері, тұз қышқылы, әк суы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
56-72 мин | Қалыптастырушы бағалау жұмысының жүргізілуі. Оқушылардың берілген материалды игеруіне сай бағаланады. Жетістік критерийлері ретінде: - Оксидтердің қасиеттерін біледі - Оксидтердің химиялық қасиеттерін қорытындылайды қарастырылады. Оқушылардың жеке дара отыруын қадағалау қажет. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
73-77 мин | Сабақты қорытындылау. Оқушылардың жұмыстарын бағалау. Мұғалім бағалауды стикерлар арқылы және ауызша жүргізеді. Үй жұмысы. Табиғатта қатты күйде, сұйық күйде және газ күйде кездесетін оксидтерді жіктеп жазу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 77-80 мин | Рефлексия. Көз алдарыңызға біздің сыныптың атом екендігін елестетіңіздер. Ал сіздер оның құрамындағы элементар бөлшектерсіздер. Сіз өз жұмысыңызды қалай бағалайсыз? Ол үшін сіздер қажетті түсті сынып ішінен тауып, қасына жиналуыңыз сұралады. Қызыл түс (протондар) – мен сабақты игердім және өзгеге түсіндіре аламын; Жасыл түс (нейтрондар) – бұл тақырып бойынша менде сұрақтар туындады. Көк (электрондар) – тақырыпты түсінбедім. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғары оқушыларға қандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау сабақтың кез келген кезіңінде қоладнылуы мүмкін, алайда мұғалім өз уақытын тиімді пайдалану үшін қалыптастырушы бағалау жұмысының тез немесе дұрыс орындауына қарап, қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырма бере алады. | Оқушылардың оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау кезінде жазбаша бағаланса, ал фронталды немесе проблемалық сұрақтарды шешуде ауызша бағаланады. | Денсаулық сақтау технологияларын қолдану. Интерактивті тақтаны кезегі келгенде өшіріпотыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?