Оксидтер. Зертханалық тәжірибе №6 Оксидтердің қасиеттерін зерттеу. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал
«ОКСИДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 4-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.
Химия басқа да жаратылыстану пәндерімен сабақтаса келе, оқушылардың өмірге деген ғылыми қөзқарасын қалыптастырып, химиялық заттардың өзгерістерінің заңдылықтарын меңгеріп, оны қазіргі заманғы талапқа сай техникалық материалдар өндіруге, пайдалана білуге жол ашады. Ол үшін химияның теориялық негіздері мен химиялық есептер шығару әдістерін үйреніп, химиялық тәжрибелер, одан белгілі бір қорытынды шығара білуі керек. Зерттеу жұмысын жүргізбес бұрын оқушылар оксидтерді жақсылап жіктеп үйренуі және химиялық қаситетерін сипаттай алулары, олардың реакция теңдеулерін қатесіз жазуды үйрену керек. Жіктеуді жүзеге асыру үшін оқушылар сызбанұсқа құрай алулары керек. Мысалы.
Оксидтер
Оксидтер деп құрамы екі элементтен тұрып, оның бірі оттек болып келетін (тек оттек атомдары бір-бірімен байланыспауы тиіс) күрделі затты атайды.
Н-О-О-Н
сутектің пероксиді Na – О – O – Na – натрий пероксиді
Графикалық формуласын жазу үшін:
а) элемент валенттіліктерін анықтау керек:
ІІІ ІІ
Al2O3
ә) егер оттек атомының саны тақ болып, оксид түзуші элемент атомы еселеніп келсе, оттек атомдарының бірі оксид түзуші элемент атомдары арасына келіп түседі:
= Al – O – Al =
б) жетіспеген оттек атомдарының санын екіге бөліп, екі элемент атомымен қос байланыс арқылы байланыстыру қажет:
O = Al – O – Al = O
в) формуланың дұрыстығын әр элемент атомына келген сызықтар санын санау арқылы тексеруге болады (сызықтар элемент валенттіліктерін көрсетеді).
Оксидтердің аталуы. Егер оксид түзуші элемент тұрақты валенттілік көрсететін болса, оксид түзуші элемент атына «оксид» деген сөзді қосып атайды, ал элемент айнымалы валенттілік көрсетсе, оның валенттілігі рим цифрымен жақша ішінде жазылады.
Мысалы: Na2O – натрий оксиді, Al2O3 – алюминий оксиді
CO – көміртек (ІІ) оксиді, CO2 – көміртек (ІV) оксиді
Тұрақты тотығу дәрежесін көрсететін металдар (сілтілік және сілтілік-жер) барлық қосымша топша элементтерінің төменгі тотығу дәрежесіне сәйкес оксидтері- негіздік болса, бейметалдар мен айнымалы валенттілік көрсететін элементтердің және барлық қосымша топша элементтерінің жоғарғы тотығу дәрежелеріне сәйкестері қышқылдық оксидтер болады. Өтпелі металдар (берилий, алюминий) және барлық қосымша топша элементтерінің аралық тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері амфотерлі (екідайлы) болады.
Қосымша топша элементі (Мn) оксидтерін қарастырайық:
(4 период 7-В топшасының элементі)
ІІ ІІІ VII
Mn Mn Mn
MnO Mn2O3 Mn2O7
негіздік амфотерлі қышқылдық
оксид оксид оксид
Mn(OH)2 Mn(OH)3 HMnO2 HMnO4
негіз негіз қышқыл қышқыл
Кез келген бейорганикалық зат екі түрлі өзгеріске түседі:
1) өзінің генетикалық қатары ішінде (алынуы),
2) қарама- қарсы генетикалық қатардағы заттармен әрекеттесуі (химиялық қасиеттері).
Оксидтердің алынуы. Оксидтердің алыну әдістеріне лайықты реакция теңдеулерін жазу үшін элементтің генетикалық қатарын жазу керек. Сонда, оксидтер генетикалық қатарда екінші орында тұрады:
а) металл- негіздік оксид – негіз – негіздік тұз – орта тұз
ә) бейметалл – қышқылдық оксид – қышқыл – қышқылдық тұз – орта тұз,
Қандай қосылыстың болмасын алыну тәсілдерін қарастырғанда, оларды өзінің генетикалық қатарындағы заттардан алуға болатынын ескерген жөн.
Мысалы CO2 – көміртек (IV) және MgО – магний оксидтерін алуға лайықты реакция теңдеулері төмендегідей болады:
C – CO2 – H2CO3 – Ca(HCO3)2 – CaCO3
1) C + O2 = CO2
2) H2CO3 = H2O + CO2
3) Ca(HCO3)2 + 2HCI = CaCI2 + H2O + CO2
4) CaCO3 = CaO + CO2
Mg – MgO – Mg(OH)2 – (MgOH)2CO3 – MgCO3
1) Mg + O2 2MgO
2) Mg(OH)2 MgO + H2O
3) (MgOH)2CO3 2MgO + H2O + CO2
4) MgCO3 = MgO + CO2
Химиялық қасиеттері. Оксидтердің химиялық қасиеттерін мына қосылыстар мысалында қарастырайық (MgO, SO3, Al2O3) .
- Заттардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазу үшін қасиеті жөнінен қарама-қарсы генетикалық қатарындағы заттарға әсерін қарастыру керек.
Mg S 1) MgO + H2O = Mg(OH)2
MgO SO3 2) MgO + SO3 = MgSO4
Mg(OH)2 H2SO4 3) MgO + Н2SO4 = MgSO4 + H2O
MgCO3 CuSO4
Негіздік оксидтер қышқылдық оксидтермен және қышқылдармен әрекеттессе, қышқылдық оксид бұған керісінше, негіздік оксидтер және негіздермен әрекеттеседі және тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы мүмкін.
Сумен тек сілтілік металдар мен сілтілік-жер металдар оксидтері және бейметалдардың көпшілік оксидтері әрекеттеседі:
- SO3 + Na2O = Na2SO4
- SO3 + 2NaOH = Na2SO4 + H2O
- SO3 + H2O = H2SO4
- SO3 + H2S = 4S + H2O (тотығу-тотықсыздану)
Екідайлы (амфотерлі) оксидтер металдар және бейметалдардың да генетикалық қатарындағы заттармен әрекеттесіп, әрі негіздік, әрі қышқылдық оксидтердің қасиеттерін көрсетеді.
Na Al(III) S
Na2O Al2O3 SO3
негіздік екідайлы қышқылдық
оксид оксид оксид
Al(OH)3
H3AlO3
NaOH H2SO4
немесе
HАlO2
Қышқылдық оксид қасиеті:
Al2O3 + Na2O 2NaAlO2
Al2O3 + 2NaOH 2NaAlO2 + H2O
Негіздік оксид қасиеті:
Al2O3 + 3SO3 = Al2(SO4)3
Al2O3 + 3H2SO4 = Al2(SO4)3 + 3H2O
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?