Оксидтер. Зертханалық тәжірибе №6 Оксидтердің қасиеттерін зерттеу. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 8.4 А Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

Мектеп:

Күні:

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Оксидтер. Зертханалық тәжірибе №6 Оксидтердің қасиеттерін зерттеу

Сабақтың оқу мақсаттары

8.3.4.7 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу

Сабақтың мақсаты

  • Оксидтердің құрамын, жіктелуін, номенклатурасын білу
  • Оксидтердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

Бағалау критерийлері

  • Оксидтердің жіктелуін біледі
  • Химиялық қасиеттерін дәлелдейтін реакция теңдеулерін құрастыра алады

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Негіз, сілті, қышқыл, негіздік оксид, қышқылдық оксид

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Оксидттер жіктеледі.....

Негіздік оксидттер әрекеттеседі......

Қышқылдық оксидттер әрекеттеседі ......

Құндылықтар/

ЖА:

  • Сыни ойлау, шығармашылық
  • Өз-өзіне деген сенім, рефлексия бере алу

Жауапкершілік, тиянақтылық, тазалық, ұқыптылық

Пән аралық байланыс

Биология, география, физика.

ИКТ қолдану

Презентация, интерактивті тақта, ноутбуктер

Алдыңғы білім

8.2.В Стехиометриялық есептеулер

8.3.С Ерітінділер және еріткіш

8.2 А Зат мөлшері

8.1В заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Сабақ барысы

Сабақ барысы

Жоспарланған іс-әрекеттер

Resources

0 – 3 мин

3-25 мин

25-35 мин

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал.

Мұғалім сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырады.

Оқушылар Лабораториялық тәжірибе істеуге кіріседі.

Көміртегі оксидінің сумен, магний оксидімен, натрий гидроксидімен әрекеттесуі.

Кальций оксидінің сумен, хлорсутекті қышқылмен, көмірқышқыл газымен әрекеттесуі.

Алюминий оксидінің хлорсутекті қышқылмен, натрий гидроксидімен әрекеттесуін зерттеу.

Мұғалім оксидттердің химиялық қасиеттеріне сызбанұсқа таратады , оқушылар жұпта осы сызбанұсқаны жүзеге химиялық реакциялар көмегімен асырады. Мысалы натрий оксиді және күкірт оксиді негізінде.

Мұғалім оқушыларды бақылап дұрыс бағытайды. Жұмыстарын дұрыс орындаған оқушылар басқаларына көмек көрсетеді.

Презентация

1,2,3 слайд

Жұмыс парағы

Презентация

4 слайд

Презентация.

5 слайд

30-35 мин

36-40 мин

Сабақ қорытындысы:

  • Химиялық қасиеттері бойынша оксидттер тұз түзуші және тұз түзбейтін болып жіктеледі.
  • Тұз түзбейтін оксидттерге қышқыл, негіз сәйкес келмейді.
  • Тұз түзетін оксидттер негіздік, қышқылдық және екідайлы болып жіктеледі.
  • Қышқылдық оксидттерге қышқылдар сәйкес келеді, негіздік оксидттерге сәйкес негіздер келеді.
  • Негіздік оксидттерге сумен, қышқылдармен, қышқылдық оксидттермен реакциялар тән.
  • Қышқылдық оксидттерге сумен, негіздермен, негіздік оксидттермен реакциялар тән.

Рефлексия:

«Пияз сақиналары» оқушылар екі шеңбер құрады, бір-біріне бетпе-бет. Ішкі щеңбер оқушылары оксид атайды, сыртқы щеңбер оқушылары оксид типін атайды. Шеңбер ылғи қозғалыста болады.

Презентация 6 слайд

Презентация 7 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?