Қайталау. Спорт түрлері. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Математика
Бекітемін:________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Алимова А
125-сабақ. Қайталау. Спорт түрлері | Мектеп: Ж.Мырзағалиев | |||||
Күні:18.05.16ж | Мұғалімнің аты-жөні: Саттарова Бакыт | |||||
Сынып: 1 «б» | Қатысушылар саны: | Болмағандар саны: | ||||
Сабақта қарастырыла-тын оқыту мақсаты | Бағдарлама бойынша мақсаттың нөмірі, мақсатты анықтау. 1.4.1.10. Сандарды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге арналған есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру. 1.4.1.8. Есептерді шығаруда тірек сұлбаларды таңдау. 1.2.4.2. Заттарды белгілері бойынша жиындарға топтау, жұп құру арқылы заттар тобын салыстыру. | |||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||
Тілдік мақсат | Оқушылар игереді: есептердің тірек сұлбалары бойынша берілгенін түсіндіру. Пәндік лексика және терминология: есеп, кері есеп. Диалог/жазу үшін қажетті сөздер: Талқылау: Фигураларды қандай белгілері бойынша топтауға болады? Жазу: есептер бойынша өрнек жаз. | |||||
Алдыңғы білімдер | Өткен есеп түрлерін шеше білу Теңдеулерді шеше білу | |||||
Жоспар | ||||||
0-3 минут | Қызығушылықты ояту Мұғалім күнделікті жаттығудың және әрқилы спорт түрлерінің пайдасы туралы әңгіме ұйымдастырады. | |||||
4-6 | Белсендіру Ауызша есептеу. Ауызша санауды жүргізу үшін әрқилы спорт түрлерінің суреттері бар қиықшаларды тағы да пайдалануға болады, қиықшалардың әрқайсысында сан бойынша белгілеуі бар. Мұғалім өрнек айтады (мысалы, 19 санын 6-ға азайт), балалар жауапты айтады, осындай саны бар қиықшаны табады және спорт түрін атайды. | |||||
Ортасы 7-11 | Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Біздің кейіпкерлер әрқилы спорт түрлері туралы есептерді құрастырды, бізге өз тапсырмаларын орындауды ұсынады. Суреттерді қарастырыңдар. Есептердің мәтінін оқыңдар (№1). | Жинақ полотносы Кеспе қиықшалар | ||||
12-24 | Өткенді қайталау Бұдан арғы жұмысты топтық немесе жұптық жұмыс түрінде құруға болады. Мұғалім әр топқа есептердің бірінде толтырылмаған сұлба бар қиықшаны ұсынады. Балалар сұлбаларды толтырады да, есептерді шығарады. Бұдан әрі кері есепті құрастыруды және шығаруды ұсынуға болады.(сызбамен жұмыс) | |||||
25-40 | Өткенді қолдану Теңдеулерді шешуді (№2) орындарында түсінік бере отырып (балалар белгісіз компонентті атайды және оны қалай табуға болатынын түсіндіреді) орындайды. Оқулықтағы №3 тапсырманы кестеде көрсетілген белгілері бойынша топтайды. Фигураларды кестенің тиісті бөлігіне жапсырады. | |||||
41-45 | Рефлексия Мұғалім әр баланың алға жылжуын бағалайды. Оқу жылының соңы жақындап қалғанын, балалардың көп нәрсеге үйренгенін және көптеген тапсырмаларды өздігімен орындаудың үлкен үлесімен орындай алатынын атап көрсетеді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?