Еріген заттың массалық үлесі. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


3С.ЕРІТІНДІЛЕР ЖӘНЕ ЕРІГІШТІК

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3С

Ерітінділер және ерігіштік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Еріген заттың массалық үлесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.5 еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу

 Сабақ мақсаттары

  • Ерітіндінің массалық үлесі бойынша ерітіндіні дайындау үшін қажетті еріген зат пен судың массасын есептеу
  • Ерітіндіні сұйылту кезіндегі ерітінді құрамындағы еріген зат пен массалық үлесін есептеу
  • Ерітінділерді араластыру арқылы алынған ерітіндінің құрамындағы еріген зат пен массалық үлесін анықтау
  • Ерітіндіні суалту арқылы алынған ерітіндінің құрамындағы еріген зат пен массалық үлесін анықтау

Бағалау критерийлері

  • Ерітіндінің массалық үлесі мен ерітінді массасы бойынша ерітінді дайындауға қажетті еріген зат пен судың массасын анықтайды
  • Суалту, сұйылту кезіндегі ерітінді құрамын есептейді
  • Ерітінділерді араластыру кезіндегі ерітінді құрамын есептейді

 Тілдік мақсаттар

 

Ерітінді, еріткіштер, еріген зат, еру, ерігіш, ерімейді сөздерді қолданып оқушылар мәтінді толықтырады

 Құндылықтарды

 дарыту

Оқушылар жұптық , топтық жұмыс барысында бір-бірін тыңдап, біріне-бірі қолдау көрсетеді

 Пәнаралық

 байланыстар

математика

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылар видеоны жеке тыңдау үшін планшетпен жұмыс жасауына болады

Бастапқы білім

Қоспа, біртекті, әртекті қоспа түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-cабақ

1-2минут

3-7 минут

Ұйымдастыру кезеңі

І. Өтілген тақырыпты пысықтау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін өтілген білімді қайталап, пысықтайды.

Оқушылар өткен білімін белсендендіру мақсатында «Химиялық диктант» тапсырмасын алады

1-қосымша

8-10 минут

11-14 минут

15-19 минут

20-26 минут

27-33 минут

34-37 минут

38-40 минут

ІІ. Жаңа тақырыпты оқып білу.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, сабақ мақсаты, күтілетін нәтижелермен таныстырады.

Қызығушылықты ояту. Мұғалім оқушылардың сабақта қарастырылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында пайызы көрсетілген сүт және қаймақ қорапшаларын көрсетіп, сұрақтар қояды.

Сұрақтар:

  • Қораптың сыртындағы сандар қандай ақпарат береді?

Күтілетін жауап: көрсетілген пайыздар құрамындағы майдың пайызын көрсетеді.

Оқушыларға көрсетілген пайыздарды құрамындағы майдың концентрациясын меңзейтінін түсіндіреді.

Түсінікті тереңдету мақсатында келесі сұрақтарды қояды.

  • Пайыз деген не? Пайыздың

күнделікті өмірде маңызы қандай?

Күтілетін жауап: Медицинада адам ағзасына қажетті дәрі жасау үшін құрауыштардың белгілі бір мөлшері болуы керек. Мысалы жоғары пайызы көрсетілген заттың күйдіргіш әсері болады.

Мұғалім оқушылардың пайыз ұғымын қолданып еріген заттың массасын практикада анықтау жолын түсіндіру үшін топтық жұмысты ұйымдастырады.

Активити. Оқушыларды « 1,2,3» стратегиясы бойынша үш топқа бөліп әр түрлі пайыздар көрсетілген сүт қораптарын ұсынып, сүттегі майдың массасын есептеуін сұрайды.

1-топ: 3.2% 1000гр

2-топ: 2.5% 1000гр

3-топ: 1.5% 1000гр

Тапсырмаларын орындағаннан кейін, топтардың әрқайсысы сыныпты өз жұмыстарымен таныстырады.

Жауаптарын сынып тақтасына жазады.

Бағалау: өзін-өзі және өзара бағалау

Мұғалім оқушылардың жауаптарына кері байланыс жасап, массалық үлес формуласын ерітіндідегі еріген заттың және судың массасын анықтауда қалай қолданылатынын формуласымен қорытынды жасайды

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері жазылған презентация

Сүт, қаймақ қорапшалары

Оқушы дәптерлері

2-қосымша

Тақта мен бор, маркерлік тақта

2-сабақ

41-42 минут

43-47 минут

48-52 минут

53-57 минут

58-62 минут

63-72 минут

73-77 минут

Оқушыларды 4 топқа бөлу

Оқушылар станция тапсырмаларын топпен бірге орындайды.Мұғалім топтарды аралап, оқушылардың тапсырманы орындаудағы сұрақтары мен жетістіктерін бақылайды. Әрбір 5 минут өткен сайын оқушылардың станциялармен тапсырма орындауына белгі беріп тұрады

Дифференциация: Мұғалім оқушылар жұмысын бақылау барысында тапсырманы орындауда қиындықтары бар оқушыларға есепті шығару алгоритмін ұсынады.

Алматы станциясы: Алматыда тұратын Асқар120 грамм суды 25%-дық 80 грамм қант ерітіндісіне қосып алып, өзінің неще грамм су қосқанын ұымытып қалған. Асқардың ерітіндісінің пайыздық концентрациясы неге тең болады? Ерітіндідегі қант массасын анықтаңыз.

Астана станциясы:Заттың  300г  25%-дық  және  400г  40%–дық ерітінділерін араластырғанда алынған ерітіндідегі еріген заттың массасы мен  массалық  үлесін анықтаңыз .

Шымкент станциясы: Массасы 400г 20% –дық ерітіндіні салқындатқанда 50г зат тұнбаға түскен. Қалған ерітіндідегі еріген заттың массасын және заттың массалық үлесін есептеңіз

Қызылорда станциясы:Көлемі 5 литр 8 % ерітінді дайындауға натрий сульфитінің неше грамы қажет?(тығыздығы 1,075 г/мл)

Кері байланыс: Мұғалім оқушылардың әрбір станциядағы есептерін тақтада көрсетуін сұрайды. Топтағы қалған оқушылар жұмыстарын тақтамен салыстырып, өзін-өзі бағалайды.

Мұғалім оқушылардың оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін өлшеу мақсатында шығу парағы тапсырмаларын таратады

3- қосымша

станция тапсырмалары,

қоңырау,

таймер

Ақ тақта, борға арналған тақта, маркер

Шығу парағы

Сабақтың соңы

78-80 минут

Оқушылар орындаған тапсырмасы бойынша рефлексия жасайды

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация: Мұғалім оқушылар жұмысын бақылау барысында тапсырманы орындауда қиындықтары бар оқушыларға есепті шығару алгоритмін ұсынады.

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мұғалімнің кері байланысы сабақтың барлық кезеңдерінде орын алады

Партада дұрыс отыру ережесін сақтау,кабинет ауасын жиі желдетіп отыру

1-қосымша

Химиялық диктант

Тапсырма

А

В

С

1

Қатты затты ерітетін сұйықтық

Еріген зат

еріткіш

ерітінді

2

Сұйықтықта еріген қатты күйдегі зат–

Еріген зат

еріткіш

ерітінді

3

Қант бұл-

Еріген зат

еріткіш

ерітінді

4

Су бұл-

Еріген зат

еріткіш

ерітінді

5

Еру-

химиялық процесс

физикалық процесс

Биологиялық процесс

6

Саз суда ерімейді, ол

Еріткіш зат

ерімейтін зат

еріген зат

Бағалау дескрипторлары

Заттың еріген зат екендігін ажыратады

Заттың еріткіш екендігін ажыратады

Еру процесінің табиғатын анықтайды

Суда еритін ерімейтін затты ажыратады

2-қосымша

3-қосымша

Алматы станциясы:

Алматыда тұратын Асқар120 грамм суды 25%-дық 80 грамм қант ерітіндісіне қосып алып, өзінің неще грамм су қосқанын ұымытып қалған. Асқардың ерітіндісінің пайыздық концентрациясы неге тең болады? Ерітіндідегі қант массасын анықтаңыз.

Астана станциясы:

Заттың  300г  25%-дық  және  400г  40%–дық ерітінділерін араластырғанда алынған ерітіндідегі еріген заттың массасы мен  массалық  үлесін анықтаңыз .

Шымкент станциясы:

Массасы 400г 20% –дық ерітіндіні салқындатқанда 50г зат тұнбаға түскен. Қалған ерітіндідегі еріген заттың массасын және заттың массалық үлесін есептеңіз

Қызылорда станциясы:

Көлемі 5 литр 8 % ерітінді дайындауға натрий сульфитінің неше грамы қажет?(тығыздығы 1,075 г/мл)

4-қосымша

Шығу парағы

Араластыру жолымен алынған ерітінідінің пайыздық концентрациясы неге тең?

Араластыру жолымен алынған ерітінідінің пайыздық концентрациясы неге тең?

200 грамм массалық үлесі 5 пайыздық қант ерітіндісін дайындау үшін неше грамм қант және су қажет?

20 пайыздық ерітінді дайындау үшін 10 пайыздық 200 грамм тұз ерітіндісіне неше грамм тұз қосу керек?

500 грамм 10 пайыздық тұздық ерітіндісін дайындау үшін неше грамм ас тұзы және су қажет?

Жарақатты зарарсыздандыру үшін йодтың спирттік ертітіндісі қолданылады,бұл йодтың 10%-тік ерітіндісі. 200грамм йод ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм йод және спирт қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?