Ғылым қызметтері. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Бөлім: 5.1А Ғылым әлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ғылым қызметтері

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

5.1.1.1 ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау

 Сабақтың мақсаты

ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

*Ғылыми білім мысалдарын, оларды мәселелерді шешудегі қолданыстары мен жаңа тауарларды шығару мысалдарымен дұрыс сәйкестіреді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар жазбаша және ауызша түрде ғылым қызметтерін түсіндіреді.

Тақырып лексикасы мен терминологиясы: Ғылым, Ғылымның қызметтері, зерттеу жоспары, гипотеза, тәжірибе, зерттеу сұрағы, мәліметтерді өндеу.

Пайдалы сөйлемдер:

Бұл … түсіндіріледі.

Менің түсіндірмем .. негізделеді.

Алдыңғы білім

Қажет етпейді

Жоспар

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақ кезіндегі жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақ басы

(К) Оқушылар «Ассоциация ағашы» жаттығусын орындайды. Бұл үшін әр оқушы стикерге «ғылым» сөзін естігендегі естерінде туындайтын сөздерді немесе сөз тіркестерін жазады. Стикерлер тақтаға немесе ағаш сабағы мен бұтақтары бейнеленген плакатқа жабыстырады. Нәтижені оқушылармен талқылаңыз, «ғылым» сөзінің ғылыми аныөтамасымен салыстырыңыз.

Ағаштың суретін үйдің суретімен алмастыруға болады. Онда оқушыларға үйді кірпіш-кірпішпен қалауға ұсыныс беріңіз.

Стикеры, плакат с изображением дерева или дома.

Сабақ ортасы

(Т,Э) Оқушылар доптың бірнеше түрін зерттейді: Футбол, Волейбол, Теннис, пинг-понг ойындарына арналған.

Зерттеу барысында келесі сұрақтарға жауап береді:

    • Неліктен берілген доптарды тек белгілі спорт түрлерінде қолданылады?
    • Берілген доптар бір бірінен қалай ерекшелінеді?

Зерттеу аяқталғаннан соң оқушыларға кішкентай зерттеу жүргізгендері туралы түсіндіріңіз.

(Т) Оқушылар ғылымның негізгі қызметтерімен танысады:

  • Ғылым жаңа білімдерді тудырады
  • Ғылым мәселелерді шешеді
  • Ғылым жаңа заттарды шығарады

Талқылаудан кейін оқушылар топтарда мысалдарды ғылым қызметтерімен сәйкестіндіреді.

(Т, О) Оқушылар ғылыми білім мысалдарын, оларды мәселелерді шешудегі қолданыстары мен жаңа тауарларды шығару мысалдарымен сәйкестіреді. Оқушыларға келесі мысалдарды ұсыныңыз.

Ғылыми білім мысалдары:

Балапан жұмыртқаны жарып шығады

Мұз жылығанда ериді

Қант суда ериді

Мәселерді шешу мысалдары:

Инкубаторда ауа температурасы құстың дене температурасына сәйкес

Мұз ерімес үшін оны термосқа салды

Қант суда тізер еру үшін, суды оттың үстінде қыздырады

Жаңа тауарларды шығару мысалдары:

Еуропада электрондық сандық ИБМ-30 Э инкубаторы шықты. Ол жұмыртқаларды автоматты түрде айналдыра алады

1892 жылы Д.Дьар мұзға арналған ең алғаш термосты ойлап тапты

Профессор Лесли Хьюидің басшылығымен Лондон корольдік колледжінде алғаш қант алмастырғыш ойлап табылды

Доптың бірнеше түрі

Ғылымның негізгі қыметтері мысалдары бар карточкалар.

Ғылымның негізгі қыметтері туралы мәліметтер: http://science_philosophy.academic.ru

Орыс тіліндегі сайт «Мир идей» http://miridei.com/interesnye-idei/izobreteniya/

Сабақ соңы

Сабақтың аяғында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Нені білдім?
  • Түсініксіз болып қалды
  • Жетілдіретін не бар?

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз ба? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік.

АКТ-мен байланыстар.

Құндылықтармен байланыстар (тәрбие элементтері).

Барлық оқушылар «ғылым» туралы өз ойларымен бөлісе алады. Оқушылардың көбісі әр түрлі доптарға зерттеу жүргізіп, ғылыми білім мысалдарын, оларды мәселелерді шешудегі қолданыстары мен жаңа тауарларды шығару мысалдарымен сәйкестіре алады. Қабілеттіліктері төмен оқушыларға дәптерге жазып алуға дайын мәліметтерді ұсынуға болады.

Қалыптастырушы баағалау (мұғалімнің бағалауы)

Жеке жұмыс (өзінді өзі бағалау)

Топтық жұмыс (өзінді өзі бағалау мен сыбайлас бағалау)

Сабақ барысында ҚТ сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу