Хакімжан Наурызбаев (1925 – 2009)

 Хакімжан Наурызбаев (1925 – 2009)

Хакімжан Наурызбаев (1925 – 2009)Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев (27.08.1925 жылы туған, қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) — қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, Қазақ КСР халық суретшісі (1969). 1951 жылы Харьков көркемсурет институтының мүсін факультетін (О. Н. Кудрявцева шеберханасынан) бітірді. 1952 жылы Алматы көркемсурет училищесінде түңғыш рет мүсіншілер үйірмесін ұйымдастырып, 1966 жылға дейін сонда сабақ берді. Алматыдағы «Абай» (1960, қола, гранит), «Шоқан» (1969, қола, 1970 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді), «Калинин» (1973, гранит, У. Рахмановпен бірге), Жамбыл қаласындағы «Жамбыл» (1963, шойын, гранит) атты монументті ескерткіштерінде пропорция, ритм заңдылықтарын тиімді пайдалану арқылы образдарды шынайы бейнеледі, әрі ұлттық колоритке аса көп көңіл бөлді. «Жасөспірім Жамбыл» (1957, қола) «Салт атты Жамбыл» (1958, қола), «Жеңімпаз қаһарман» (1953, бояулы гипс, 1953 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді) атты композицияларында мүсінші силуэт пен фактураны үлкен шеберлікпен пайдаланды. «Аманкелді портреті» (1948), «Бала Жамбыл» (1950), «Құрманғазы» (1957), «Алдабергенов» (1959), «М. Хакімжанова» (1961), «Сәкен» (1964, бәрі де гипс пен мәрмәрден жасалған). «Шопан портреті» (1965, қалайы, Мәскеу, Третьяков галереясы), «Ленин портреті» (1970, мәрмәр, Ульяновск, Орталық Ленин музейінің филиалы) атты еңбектерінде кейіпкерлердің жан дүниесін терең де жан-жақты ашты. Ол — Социалистік Еңбек Ерлері Қ. Досанов, Б. Шаяндин, Д. Серіков т. б. мүсіндік портреттерінің авторы. 1952–54 жылдары Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. 1961–65 жылдары Лениндік сыйлықтар комитетінің, 1959–65 жылдары және 1973 жылдан КСРО Суретшілер одағы басқармасының мүшесі. Шәкірттері: Т. С. Досмағамбетов, Б. Төлеков. X. Наурызбаев еңбектері негізінен Қазақтың көркемсурет галереясында сақтаулы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?