Сутек, алынуы, қасиеттері. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«СУТЕК, АЛЫНУЫ, ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ»ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.2 D Сутек. Оттек және озон
Сабақ жоспары оқушылардың өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған.Сабақтың тақырыбын оқушылар жұмбақты шешу арқылы анықтайды. Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылған кейін сутектің қасиеттері жайлы бейнематериалды көру ұсынылады. Бейнематериалды көру барысында оқушыларға өздеріне берілген жұмыс парағындағы ‘Missing gap’ тапсырмасын орындайды, яғни бос орындарды кажетті сөздермен толықтырады. Бұл тапсырманың мақсаты оқушыларды пассивті тындарманнан активті орындаушыға айналдыру, сонымен қатар сутектің физикалық қасиеттері жайлы ақпарат ала отырып тыңдалым дағдысын дамыту. Тапсырма орындап болған сон оқушыларға презентацияда көрсетілген дұрыс жауаппен өздерін бағалауды ұсыныңыз, бұл оқушылардың өздеріне деген сенімін арттыра түседі.
Жаңа тақырыпты оқушылардың алдынғы білімдеріне сүйене отырып зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында топтық зерттеу жұмысы негізінде ұйымдастыруға болады. Оқушыларды 3 топқа бөліңіз, әр топқа жеке зерттеу жұмыстарын жүргізуді және зерттеу нәтижесін постер түрінде ұсынуды тапсырыңыз: 1 –топ Сутекті алу әдістері; 2-топ Сутекті жинау әдістері; 3-топ Сутек газына сапалық реакция. Оқушылар қосымша әдебиет көздерін немесе ғаламторды қолдануына болады.Тапсырма уақытылы аяқталған соң топтар өз постерлерін қорғайды, мұғалім қосымша сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімдерін пысықтайды. Мысалы: сутекті алу реакциясында мырыш металының орнына мыс металын қолдануға болады ма? Не себепті болмайды? Сутекті не себепті төңкерілген сынауық астында жинайды? Сутек ауадан неше есе ауыр?.
Қауіпсіздік ережесін ескете отырып, мұғалім зертханада сутектің алынуын, оны жинау тәсілдерін және сапалық анықтау барысын демонстрациялайды және келесі сабақта оқушылардың өздері практикалық жұмысты орындайтынын айтып өтеді.
Білімді бекіту масатында «60 секунд» ойыны ойнатылады, үлгі ретінде тек 3 сұрақ ғана ұсынылды. Мұғалім шеберлігіне қарай тапсырма санын көбейтуге болады.
Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмаларқатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?