Экзо- және эндотермиялық реакциялар. Химия, 8 сынып, қосымща материал.
«ЭКЗОТЕРМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭНДОТЕРМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР»
ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.2CХимиялық реакциядағы энергиямен танысу
Сабақ мұғалімнің тақырыпты және оқу мақсатын таныстырудан басталады. Тақырыпты ашу мақсатында «Ой қозғау» кезеңі ұйымдастырылады. Онда оқушыларға ойлануға бірнеше сұрақтар қойылады. Мысалы, бірінші сұрақта температура өзгерісіне назар аудара отырып, оқушылар реакция нәтижесінде жылудың сыртқа бөлінгенін және оның экзотермиялық болып табылатынын түсінеді.
Келесі тапсырмада оқушылар жылдам салқындатқыш пакеттер туралы мәліметті тыңдай отырып, өз тұжырымдарымен бөліседі. Құбылыстың эндотермиялық реакцияларға мысал болып табылатынын анықтай отырып, оның ережесін құрастырады. Одан соң твиг-білім ресурсынан осы тақырыптағы видео ұсынылады. Видеоны талқылай отырып, алғаш рет реагенттер мен өнімдердің ішкі энергиясы ұғымы талқыланады.
Сабақ оқушылардың жұпта зертханалық жұмысты орындауымен жалғасады. Олар температура өзгерісі арқылы тақырыпты қорытындылай алады.
Мұғалімнің түсіндірмесі арқылы химиялық реакциялар кезінде реагенттер мен өнімдердің ішкі энергиясы жұмсалатынын, соның нәтижесінде жылудың белгілі бір мөлшері бөлінетіні/сіңірілетіні айтылып өтіледі. Сондай-ақ өнімнің ішкі энергиясы активтену энергиясынан жоғары/төмен болу арқылы белгілі бір диаграмманың өрнектелетінін түсіндіруге болады. Осы аталған процестердің барлығын термохимия саласы зерттейтінін, термохимиялық теңдеулер арқылы реакция барысында жылу мөлшерін сипаттау мүмкіндігі айтылады.
Сабақтың соңғы бөлігі оқушылардың қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын ауызша және жазбаша орындаумен жалғасады. Соның негізінде термохимиялық теңдеулерді дұрыс жазу, анықтай алу, есептей алу дағдылары қалыптасады. Үй жұмысы ретінде «жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсері» атты шағын видеоролик дайындау немесе презентация жасап келу тапсырылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?