Экзо- және эндотермиялық реакциялар. Лабораториялық жұмыс № 4 «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар». Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ЭКЗОТЕРМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭНДОТЕРМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР»
ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2C Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
«Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар»тақырыбында оқушылардың 7-сыныптағы «Ауа. Жану» бөліміндегі алған білімдері одан әрі дамытылып, тереңдетіле түседі. Сабақ барысында «8.3.1.3 Экзотермиялық реакциялар жылу бөлінуімен жүретінін, ал эндотермиялық – жылу жұтуымен жүретінін түсіну», «8.3.1.4 жанғыш заттардың жануының қоршаған ортаға әсерін түсіну» оқу мақсаттары жүзеге асырылады. Оқу мақсаттарына жету үшін «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» атты № 4 зертханалық жұмысы орындалады.
Осы тақырыпты меңгерудегі негізгі мақсаттардың бірі оқушылардың оқушылардың химиялық тәжірибе жасау жағдыларын қалыптастыру мен өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыруда оқулықты, қосымша ресурстармен жұмыс жасай білуін қадағалау болып табылады.
Оқушылар химиялық реакциялардың барысында энергияның бөлінуін және сіңірілуін көру үшін арнайы көрсетілімдерді ұйымдасытырып, бағыттаушы сұрақтар арқылы өздерінің қорытынды жасауына жағдай жасауы қажет. Оқушылар кейбір жағдайларда реаакциялардың жылу эффектін шатастырып алуы мүмкін, сондықтан мұғалім оқушыларға түсіністікпен қарағаны абзал.
Сосын сабақтың ретін келесі кезеңдер арқылы құруға болады.
Химиялық реакциялар:
Экзотермиялық реакция (жылу бөле жүретін) +Q - жылу бөліну
Эндотермиялық реакция (жылу сіңіре жүретін) - Q - жылу сіңірілу
«Экзо» - гректің «сыртқа» деген сөзі. Жылудың реакция жүріп жатқан ортадан, сыртқы қоршаған ортаға бөлініп шығатынын білдіреді.
«Эндо» - гректің «ішке» деген сөзі. Жылудың сырттағы қоршаған ортадан реакция жүріп жатқан ортаға берілетінін білдіреді.
Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады.
Кез келген химиялық реакцияларда бір зат басқа затқа айналғанда жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Сондықтан барлық реакцияларды экзотермиялық және эндотермиялық деп бөледі. Яғни, экзотермиялық реакция дегеніміз - жылу бөле жүретін реакция, ал эндотермиялық реакция дегеніміз - жылу сіңіре жүретін реакциялар. Бұл реакциялар термохимиялық теңдеулермен өрнектеледі. Термохимиялық теңдеулердің басты ерекшелігі, оларда жылу эффектісінің шамасы көрсетіледі.
Реакция жылу эффектісіне қарай:
1. Экзотермиялық - жылу бөле жүретін реакциялар. мысалы, C+O2=CO2+Q
2. Эндотермиялық - жылу сіңіре жүретін реакциялар. Мысалы, CaCO3=CaO+CO2-Q
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?