Логикалық есептер. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4В бөлім: Жиындар. Логика элеметтері

Күні:18.04.17

Сынып: 1В

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Логикалық есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау

1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу

Сабақ мақсаттары

Логикалық есептерді бөліктерге бөліп шығаруды үйренеді. Сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешеді

Бағалау критерийлері

Тұжырымдардың ақиқат, жалғандығын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Логикалық есеп, сызба

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық, құрмет

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі

Бастапқы білім

Диаграмма құрастыру

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2-4 мин

(Ұ)Таңғы шеңбер

Екі топқа бөлініп, «Ақиқат-жалған» ойынын өткізу.

  • Пияз- ащы
  • Орамжапырақтың дәні бар
  • Сүттің түсі қызыл
  • Қарбыз- ең үлкен жеміс
  • Чипсы- өте пайдалы тағам
  • Күріштен ботқа жасауға болады
  • Алма жер астына жасырынып өседі
  • Тамақ ішкенде сөйлеуге болмайды

1 шапалақ-қол алысады

2 шапалақ – құлақпен амандасады

3 шапалақ – арқамен амандасады

4 шапалақ – құшақтасады.

Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.

Логикалық есептерді бөліктерге бөліп шығаруды үйренеміз

Интерактивті тақта

Логикалық есептер

Сабақ ортасы

5-6 мин

8-10 мин

2 мин

3 мин

7-8 мин

5-6 мин

(Т) «Миға шабуыл»

Оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа15 түрлі дөңгелек пен 5 қағаз парағын таратып беру.

Тапсырма: Түрлі дөңгелектерді қағаздарға саны әртүрлі болатындай етіп жапсыру.Оқушыларға уақыт беріледі

(ҚБ) Әр топ жұмысын тақтаға іледі және дұрыс орындалғандығы тексеріледі.Өз ойларын дәлелдеп айтады.

Оқушыларға сұрақтар қою:

  • Сендер есептің шешуін қалай көрсеттіңдер?( аппликация жапсырдық)
  • Аппликация жапсырмай есептің шешуін көрсетуге бола ма? (сурет салу арқылы)

Оқушыларға топта сурет салуды ұсыну.Суреттерін тақтаға іліп салыстырады.

Бұл есепке салынған сызба екенін айту. Сызбада эаттар жеңілдетіліп салынады.

Оқулықтағы ережені оқыту.

(МК) Күшіктерді үйлерге орналастыр

Мақсаты:Логикалық есепті қадам-қадаммен шығаруға үйрету.

Нұсқаулық: оқушыларға сызба таратылады.Есептің шартына қарай қадам-қадамммен орындайды. Жауабын табады, дәлелдейді.

(ҚБ) Тақтамен дұрыс жауабын тексеру.

Сергіту сәті

(Ж) Отбасында неше адам бар? Оқулықпен жұмыс

Мақсаты:

Нұсқаулық: оқушылар жұпта отырып, отбасы туралы мәліметті сызбаға түсіреді

1. Отбасында неше бала болса, сонша нүкте салады.

2. Әр нүктенің үстіне бала есімінің алғашқы әрпін жазады

3.Сандарды сызық арқылы әріптермен қосады

4. Оқушылардың 1-2 жұбы жауапты оқиды.

(ҚБ) Басқа жұптағы оқушылар дұрыс жауаппен келіссе, Бас бармақтарын жоғары көтереді, келіспесе төмен түсіреді.

Жауабы: Айша 5 жаста, Тимур 8 жаста, Нұрәлі 10 жаста

(Т) Есептерді шығар

Мақсаты: Есепті сызба арқылы шығарып үйрену

Нұсқаулық:

1.Есепті оқы

2. Есепке сызба құрастыр

3. Жауабын оқы, дәлелде

1- топ:

Ардақтың туған күніне 3 досы келді. Әли, Сәуле, Жұлдыз. Жұлдыз Әлиден ерте келді, ал Сәуле ең соңынан келді.Ең бірінші кім келді?

2-топ:

Төрт дос доп лақтырып ойнады. Мерей допты Ерланнан алыс, бірақ Рауаннан жақын лақтырды. Ал Аслан Ерланға қарағанда жақын лақтырды. Балалардың қайсысы допты бәрінен алыс лақтырды? Кім бәрінен допты жақын лақтырды?

3-топ:

Коля Айдыннан бір қабат жоғары, Ал Мишадан төмен тұрады. Әр бала үш қабатты үйдің қай қабатында тұрады?

4-топ: Галя, Әмина,Ира,Майра билет алуға кезекке тұрды. Галя Әминаның алдында, бірақ Ираның артындпа тұр. Майра Ираның алдында тұр.Қыздар қандай ретпен тұр?

(ҚБ) Әр топ жұмысын тақтаға іледі, басқа топтар түсті сигналдар арқылы бағалайды

(Ө)Жұмыс дәптерімен жұмыс. 112-бет

(ҚБ) Тапсырмаларды орындайды, жетістік баспалдағы арқылы өздерін бағалайды.

Үлестірмелі материалдар, ақ қағаздар

Оқулық, есеп сызбасы

Сызба

Оқулық

Есептер

Дәптер

Сабақтың соңы

2 мин

Бекіту сұрақтары:

Рефлексия:

-Балалар, әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер бар.Әр топ бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алсын және өз таңдауын түсіндірсін.

-Кім мақсатқа жетті?

-Қандай қиындықтар болды?

-Қандай тапсырма қызықты болды?

«Өз жетістігін бағалау» парағы

Оқушыларға жасыл және сары стикерді таңдап, өз жеке жетістігін бағалау ұсынылады.

стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға жоғары деңгейлі логикалық тапсырмаларберіледі

Өзін-өзі, өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағалау.

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу