Онлайн нөмірін қайта тіркеу – алғаш рет Қазақстанда!

Онлайн нөмірін қайта тіркеу – алғаш рет Қазақстанда!

Еуропалық Tele2 операторы www.tele2.kz сайтында онлайн нөмірлерді қайта тіркеу бойынша жаңа қызметтің іске қосылғандығы туралы хабарлайды.

Қызмет белгілі мерзім аралығында Tele2 нөмірін қолданып, бірақ Қазақстан Республикасының ұялы байланыс қызметін көрсету ережелеріне сәйкес белгілі бір себептермен нөмірді тіркеуге үлгермеген абоненттердің қолайлылығы үшін жасалған. Енді нөмірді ұялы оператордың сайтында арнайы тарауда қайта тіркеуге болады. Абонентпен ұсынылған деректер Tele2 клиенттерге қызмет көрсету Департаментіне жіберіледі және келесі 7 күнтізбелік күнде нөмір өтініш берушіге тіркеледі.

Егер тіркеу сәтті өтсе, абонент бұрында оған қолжетімсіз болған Tele2-нің ресми қызметтерін ала алады. Мысалы, нөмірін дұрыс тіркеген абонент Tele2 байланыс салондары мен анықтамалық-ақпарат орталығына хабарласқанда Tele2-нің қосымша қызметтерін қосуға құқығы бар.

Сонымен бірге, нөмірді қайта тіркеуге міндетті қосымша ақпараттар тізіміне жиі терілетін 5 нөмір немесе теңгерімді толтырған сома мен шамамен алғандағы күн (дата) кіреді. Бұл деректер нөмірдің абонентке тиесілі екеніне көз жеткізу және даулы жағдайдайларды болдырмау үшін қажет.

«Қазақстан Республикасының ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережелеріне сәйкес әр ұялы нөмір абонентке тіркелуі керек. Алыстағы қайта тіркеу қызметін іске қосу- бұл біздің клиенттерге жасалған көмектің тағы бір қадамы. Енді біздің клиенттер өз уақыттарын үнемдеп, Tele2 қызметтерінің толық спектрін тез арада ала алады», - дейді Tele2 Kazakhstan Басқарма Төрағасы Пиетари Кивикко.

www.tele2.kz сайтында тіркелген нөмір онлайн-тіркелу мезетіне дейін 45 күнтізбеліккүн бұрын іске қосылуы тиіс. Алыстан тіркелу абонентті салонға келу қажеттілігінен босатпайды. Абонент операторға «тірі» қолы қойылған тіркеу нысанының түпнұсқасын міндетті түрде ұсынуы керек. Алайда компанияның барлық қызметтеріне және шоттың детализациясы нөмір оператордың жүйесінде тіркелген сәттен бастап (ол туралы ақпаратты абонент электрондық поштаға жіберілген хабарлама арқылы алады) қолжетімді болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!