Логикалық есептер шығару. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Талдықорған қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Шарипова А.А. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Логикалық есептер шығару. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушының көру арқылы есте сақтау дағдысын жетілдіру.Ширату жұмыстарын ұйымдастыра,ойлауын дамыту. | |||||
Бағалау критерийлері | Көру арқылы есте сақтай алады. | |||||
Тілдік мақсат | Көз арқылы есте сақтау, тустерді таңдау . | |||||
Миссия, пайымдау және жаһандық азаматтық | Адами қасиеті жоғары тұлға ,көшбасшы болу | |||||
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілік құндылықтарын дарыту. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиет пәнімен байланыс , математика | |||||
Алдыңғы білімдер | Көру,есте сақтау,қисынды ойлау ,іздену дағдылары қалыптасты. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақ басы
| Психологиялық ахуал Ауызша логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға «Ширату» 1.Торда көжектің 10 құлағы көрініп тұр. Торда неше көжек? (5 көжек) 2.Жалқау, мұртты,ұйқышыл. (мысық) 3.Қабат-қабат киінген Төбесінде шашы түйілген (пияз) 4. Қарама қарсы мағыналы сөздерді тап: Тәтті-......... , Суық-........ , Көп-....... (ащы, ыстық, аз) Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау Көру арқылы есте сақтау. | Суреттер, сызбалар, үлестірмелі парақтар. | ||||
Сабақтың ортасы
| «Не көрдім? » ойыны Тақтада 4 түрлі заттың суреті ілінеді .30 с көрсетіледі Оқушылар қағаз бетіне түсіру қажет. Мысалы:4 түрлі түстегі дөңгелек (қызыл), шаршы (сары),үшбұрыш (жасыл), тіқтөртбұрыш (көк) бейнелері беріледі . Сөздік жұмысы жүргізіледі. Слайд арқылы сурет көрсету , өшіріп суретте қандай заттар көргенін атайды. (Доп,секіргіш, күшік,гүл ,екі қыз , бір ұл) (Ойыншықтар ,аю, қуыршақ, шайнек, шәугім, текшелер, қыз бала т.б) (T) Ойын «Артығын сыз» Бірнеше топтағы суреттер беріледі . Сол суреттегі артық затты сызып тастау. (Қосымша 1) Сызған суреттерге талдау жасату. (Ө) Дәптермен жұмыс Тез жауап бер тапсырма: *Орнынан қозғалмай жүреді- *Ыстық сусын- * «С»әрпіне басталатын тағам аттары-(самса,сорпа,су,сарымсақ, т.б) *Кепкен жүзім- Ойланып ,суретін сал тапсырмасы: Үлгіге қарап бес,алты бұрышты пішіндерден сурет сал. Сергіту сәті (Т) Кемпірқосақ» ойыны. 1.Кемпірқосақтың суретінің 5 түсін тақтаға іліп көрсету , сол бойынша алдыларында жатқан түрлі түсті қағаздарды орналастыру. 2. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қызанак (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), аю (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады | Жұмыс дәптері Қызыл,сары,көк,жасыл,қоңыр түсті қағаздар | ||||
Сабақтың соңы | Өзін өзі бағалау алдыларындағы дөңгелек пішіндерге смайликтердің суретін өз жұмысына лайықтысын таңдап салу, дәптеріне жапсырып, өзін-өзі бағалайды. Рефлексия Сұрақ –жауап әдісімен
|
Үлестірмелі материал | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар мәтінді өз бетінше оқып, қажетті ақпаратты таба алады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Бөлімше 3.3Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу
Оқу мақсаты2.3.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу
Бағалау критерийіБілім алушы
•Мәтінге жоспар құрады
•Мазмұндама жазуда тірек сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Астананы көру Гүлзаттың арманы болатын. Ата-анасы жазда Астанаға апаруды жоспарлап та қойған. Міне, жазғы демалыс та басталды. Шілде айының ортасында олар отбасымен бас қалаға жол тартты. Астанаға пойызбен келді.
Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелері түрлі гүлдерге толы. Биік ағаштар жайқалып тұр. Қаланың көшелері таза, кең. Әдемі ғимараттар көп. Қаланың ортасын Есіл өзені бөліп жатыр. Астана үлкен әрі көрікті қала екен.
Гүлзатқа Астана қаласы қатты ұнады. Ол жақсы демалып қайтты.
•Сұрақтардың көмегімен мәтін бойынша жоспар құр.
СұрақтарЖоспар
1.Гүлзат нені армандайтын?
2.Ол қайда келді?
3.Астана қандай қала?1.
2.
3.
•Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жаз.
Тірек сөздер: жазғы демалыс, арман, Астана, үлкен, әдемі,таза, кең, ғимараттар,өзен,жақсы демалу.
ДескрипторБілім алушы
-мәтінге жоспар құрады;
-мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
-мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
-орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес);
-пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?