Жанама сұрақтары бар есептер. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 4А:20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова А.А | ||||||||||||
Сынып: 1А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жанама сұрақтары бар есептер | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1 Есептер және математикалық үлгі | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 1.5.1.3 қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару. 1.5.1.6 амалдарды таңдауды негіздеп және қосу мен азайту есептерін шешу тәсілдерін түсіндіру | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Сөздік қор
| Заттардың саны, қаншалықты көп ,аз ,артық, кем, | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқушыларды жұптасып, топтасып жұмыс жасай отырып, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу. | ||||||||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Ауызша есептей білудің адам үшін маңыздылығына тоқталу. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі (Мысал есептерді оқығанда сауатты ,түсінікті оқу ) дүниетану(Ормандағы тиін тіршілігі және зергерлік бұйымдар туралы әңгімелеу) , дене шынықтыру( сергіту сәті) пәндерімен байланыс. | ||||||||||||
Алдын игерілген білім | Оқушылар теңгенің қолданылымын, төлем төлеп, қайтарым ақша алуды біледі. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 7минут |
-Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн болсын! Бүгінгі күн міне, Сәттілікке толсын. Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру Сабаққа дайындық Ауызша есептеу: 9+5 5+4 20+30 9+2 6+5 50-40 8+3 7+4 60+10 *Мен бір сан ойладым ,оған 7 қостым 13 болды. Қай сан ойладым? *Мен ойлаған саннан 5 азайттым ,6 қалды.Мен кандай сан ойладым? 2. Оқу мақсатын анықтау. Есептерді талдау және шығару. | Суреттер , қораптар, теңгелер. тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар | |||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (Ұ) Оқушыларға талқылаулары бар алуан түрлі салыстырулардан құралған есептерді шешуді жүктеу Бір санның екінші саннан қаншалықты үлкен екенін табу, заттардың әрқайсысының саны туралы айту 1.Екі оқушының суреттерін іліп қою арқылы есепті талдату.
20тг 50тг Маратта 20 теңге , ал Жанатта 50 теңге бар. Жанаттың ақшасы қаншаға көп ? Жауабы : 30 теңгеге көп Мараттың қолындағы ақша туралы не айтасыңдар? Жанаттың қолындағы ақша туралы айтыңдар. 20<50 2.Критерий: - есептің қысқаша шартын жазады. -есепті шешу амалын таңдап, өрнек түрінде жазады; -өрнектің мәнін табады; -есептің жауабын жазады; (Т) Зергер 6 жүзік және 9 сырға жасады . Жүзік нешеге кем?
Қаншаға аз және көп екенін қалай білгенін сұрау. Есептің шартын құру. Оқушылар топта орындайды. Жүзік-6- ? кем Сырға-9 Ш: 9-6═3 Ж:3 жүзікке кем Сергіту сәті Ал балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық (Ж) Жаттығуларды практикалық түрде орындату. Екі қорапты алып 1-ші қорапқа 40 теңге салу, бұл 2-ші қорапқа қарағанда 10 теңгеге артық екенін айту . Екінші қорапта қанша ақша бар? 40 санынан көп пе, әлде аз ба? Неліктен? (Егер бірінші қораптағы ақша 10 теңгеге көп болса, екінші қораптағы ақша 10 теңгеге аз. Бұл екінші қорапта 30 теңге жатыр дегенді білдіреді) Дәптермен жұмыс:
Ш:40-10═30 Ж: екінші қорапта 30теңге (Т) 1.Аулада 7ұл ,бірнеше қыз балалар ойнап жүр.Ұлдар қыздардан 2 ге қөп .Қыздар нешеу? 2. Тиін 6 орман жаңғағын және жер жаңғағын жинады.Орман жаңғағы жер жаңғағына қарағанда 3 жаңғаққа көп.Жер жаңғағы қаншау? 3.Жанарда 10 теңге ,бұл Маржандікіне қарағанда 5 теңгеге көп.Маржанда неше теңге ? 4. Бірінші қорапта 7 қарындаш бар.Бұл екінші қорапқа қарағанда 2 қарындашқа көп. Екінші қорапта неше қарындаш?
| ||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Қорытынды -Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер? -Қандай қиындықтар болды? -Тапсырмалар қиын болды ма? Рефлексия | ||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Есептерді талдап,шығарғанда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету. | Есептердің шешу тәсілдерін үйренеді. | Сергіту сәті арқылы жүргізіледі. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Жұптық жұмыс Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?