Ауырлық күші қай жерде әсер етеді? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Жаратылыстану

3-сынып

Табиғат физикасы

Күш және қозғалыс

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Ауырлық күші қай жерде әсер етеді?

Оқу мақсаты:

3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу

Сабақтың мақсаты:

Ауырлық күшін зерттейді және оның білінуіне күнделікті өмірден мысал келтіреді

Бағалау критерийі

Ауырлық күшін білінуін анықтайды;

Ауырлық күшін білінуіне мысал келтіреді.

Тілдік мақсат:

Жаңа ұғымдарды пайдаланып ауырлық күшінің білінуін сипаттайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Күш, серпімділік, ауырлық, үйкеліс күші, деформация, тартылыс заңы, т.б.

Құндылықтар:

Дүниетанымын кеңейту;

өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану, қазақ тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Серпімділік күші, ауырлық күші туралы біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Аулада серуендеу (немесе суретпен жұмыс)

Мақсаты: өткенді қайталау, есте сақтауды қайта жаңғырту. Ауладағы серпімділік және ауырлық күшінің білінуін бақылау, сипаттау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін анықтау.

Ауырлық күші қай жерде әсер ететінін анықтаймыз, оның білінуін сипаттап үйренеміз, мысал келтіреміз.

Кіріспе тапсырма. «Аулада не болып жатырСуретпен жұмыс. Суретті сипаттау

(Әткеншек ауырлық күшінің әсерінен жоғары-төмен қозғалады, бұрқақтағы су төмен құлайды, бадминтон шары төмен құлайды, ағаштың жапырақтары жерге түседі. Суреттегі барлық денелерге ауырлық күшінің әсері бар)

Саралау тапсырмасы: Ауырлық күшінің әсерінен қозғалатын денелерге мысал келтіру. Ауырлық күшінің әрекетін талдау, себеп-салдарлық байланысты табу

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Таныстырылым

Оқулықтағы сурет (таныстырылым арқылы көрсету)

Сабақтың ортасы

Өзен қалай ағады? Глобуспен (немесе физикалық картамен жұмыс істеу)

-Жердің пішіні қандай?

-Картада көк түспен не көрсетілген?

-Судың қандай табиғи көздерін білесің?

-Жер шар пішінді болса, неге теңіздер мен өзендер төгілмейді? (Суға ауырлық күші әсер етеді)

-Өзен мен көлдің айырмашылық қандай? (Өзен ағады)

-Өзендер қай бағытта ағады? (Картадан, глобустан өзендердің ағу бағытын анықтау)

-Өзеннің ағысына не әсер етуі мүмкін? (ауырлық күші)

-Өзендер көпшілік жағдайда қайдан бастау алады? Өзендер қайда ағады? (Өзендердің көбі таудан бастау алып, ауырлық күшінің әсерінен төмен қарай ағады)

Ғаламшарлар. Жұппен талқылау

-Ауырлық күші тек Жерде ғана әсер етеді ме?

-Ауырлық күшінің басқа ғаламшарларда бар екеніне дәлел келтір.

-Неге Сатурнның мұз бен шаңнан тұратын сақиналары бар? (Мұз бен шаң бөлшектері ғаламшарға тартылады) –Неге Айда кратерлар болады? (Айдың тартылыс күші бар, сондықтан түрлі ғарыш денелері оның бетіне құлайды)

ҚБ. Жұптардың өзара бағалауы

Ғарышта

-Жердің ауырлық күші үлкен бе? (Жердің ауырлық күші үлкен, себебі, ғаламшардың массасы үлкен)

-Аспаннан метеорды, басқа да «жұлдыз ағып барады» деп аталатын құбылысты көрдіңдер ме? Бұл Жердің тартылыс күшінің әсерінен құлап келе жатқан аспан денесі. Ғарышта алып ғаламшарлардан басқа көптеген астероид деп аталатын ұсақ денелер қозғалады

- Жерге тартылатын ғарыш денелері неліктен оның бетіне құламайды? (оларға әсер ететін ауырлық күші Жер бетінде орналасқан заттарға әсер ететін ауырлық күшінен кем; олар өте алыс орналасқан; ғарыш денелерінің өз тартылыс күші бар, барлық ғарыш денелері бір біріне әсер етеді)

Өткен материалды еске түсіріп, қорытынды жасау:

-Ауырлық күші неге байланысты? (Ауырлық күші ғаламшар мен дененің массасына және олардың арасындағы қашықтыққа байланысты)

Зерттеу жүргізу. Оқушыларды шағын топтарға біріктіру.

-Тік және көлденең жазықтық дегеніміз не? Тігінен немесе көлденеңінен келетін жазықтықты атау.

-Қай дене тік, ал қайсысы көлденең: аттың ба әлде адамның ба? (Аттың денесі көлденең, адамның денесі тігінен.)

Зерттеуге дайындық

  • Зерттеу сұрағын қою, зерттеу мақсатын анықтау
  • Болжам жасау
  • Эксперимент жоспарын құру
  • Ресурстарды тарату (дайындау)

Зерттеу жүргізу үшін нұсқау беру

  • Жайпақ табақты үстел үстіне қою.
  • Оған су құю.
  • Астына қағаз парақтарын умаждап сала отырып, алдымен табақтағы судың деңгейінің бір жаққа басым болатын жағдайға жеткізу.
  • Содан кейін табақ астына қағаз сала немесе алып тастай отырып, судың табақ бетінде неғұрлым бірдей деңгейде болуына қол жеткізу.
  • Нәтижені тіркеу. Қорытынды жасау.
  • Эксперимент жоспарын оның жүзеге асырылуымен салыстыру.

(Экспериментті орындау барысында оқушылар көлденең жазықтықтың үлгісін жасады. Егер жазықтық көлденең болса, оның бетіндегі сұйықтық жылжитынын, оның жылжуына ауырлық күшінің әсерін бақылайды. Жұмыс барысында оқушылар эксперимент жоспарын құру мен оны жүзеге асыру дағдыларын арттырады).

Ойлан. Болжам жасау. Ауырлық күшінің Жер бетіндегі тіршілік үшін маңызын пысықтау. Сұрақ қою:

-Егер ауырлық күшінің әсері кенеттен тоқтаса, әлем қалай өзгеруі мүмкін? (Денелер тартылуын жоғалтады)

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Сен білесің бе? Ағылшын ғалымы Исаак Ньютон және оның ауырлық күші туралы заңды ашуы жайлы аңызды айтып беру

Өзіндік жұмыс

29-жұмыс парағы. Ауырлық күшінің көрінісі

Жауап: Жаңбыр тамшысы жерге түседі, себебі оған ауырлық күші әсер етеді.

Дененің массасы неғұрлым үлкен болса, ауырлық күші соғұрлым көп болады.

Дене неғұрлым Жерден алыс болса, оған әсер ететін ауырлық күші соғұрлым аз болады.

Дұрыс-бұрыс. Жауап: «Ауырлық күші тек Жерде ғана әсер етеді» – дұрыс емес. «Жердің ауырлық күші Айға қарағанда күштірек» – дұрыс. «Ауырлық күшінің әсерінен барлық денелер Жерге құлайды» - дұрыс. «Массасы үлкен денелерге үлкен ауырлық күші әсер етеді» - дұрыс. «Айда ауырлық күші бар» - дұрыс. «Жоғарыға лақтырылған зат аспанға ұшып кетеді» - дұрыс емес.

30-жұмыс парағы. «Ауырлық күшіне мысал»

Салыстыр. Жауап: Ең күшті ауырлық күші пілге, ең азы шыбынға әсер етеді.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы

Глобус, карта

Сабақтың соңы

Рефлексия.

- Сен бүгін не үйрендің?

-Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неліктен?

-Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

«СМС-хабарлама» арқылы өзін –өзі бағалау

парақтар

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс барысында саралау.

Сұрақ қою арқылы саралау.

Тапсырма түрлері арқылы саралау: Ауырлық күшінің әсерінен қозғалатын денелерге мысал келтіру.

Оқушылар өзіндік және жұптық жұмыстар арқылы қалыптастырушы бағаланады. Мұғалім ауызша және жазбаша кері байланыс ұсынады.

Денсаулық сақтау технологияларын қолдану, сабақ барысында қозғалу, қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу