Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге арналған есептер. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
| |||
Пәні: математика | Мектеп : Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар: | ||
Сабақ тақырыбы | Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге арналған есептер | ||
Оқу мақсаттары | 1.5.1.4 сандарды бірнеше бірлікке арттыру, азайту, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу | ||
Сабақтың мақсаты | Санды бірнеше бірлікке арттырады және кемітеді; айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есептер құрастырады және шығарады; | ||
Бағалау критерийі | Бағалау критерийлер: Сандарды қолдана отырып, өрнек құрастыра алады. Дөңгелек сандарды ауызша қосып, азайтып түсіндіреді.. Сандар мен шамаларды салыстырады,олардың теңдік немесе теңсіздік болатынын дәлелдейді. | ||
Тілдік мақсат | Есепті сараптауда оқушыларға есептің құрамдас бөліктерін, яғни “Шартын”, “Сұрағын”, “Шешуін”, “Жауабын” атауды және “...-еуі артық”, “... -еуі кем” сөз тіркестерін дұрыс қолдануды, оларды “+” және “–” математикалық амалдармен байланыстыруды үйренеді. | ||
Алдыңғы білім | Теңдік және теңсіздіктер туралы біледі. Өрнектер құрастыруды және оның мәнін табуды біледі | ||
Жоспар | |||
Жоспарланған уақыт есебі | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |
Басы 2 мин 7 мин 2 мин 5мин 10 мин 5 мин 5 мин | 1.Психологиялық кезең. Математика, достарым Ең маңызды, керекті. Қатал да нақты пәніміз. Ол - қызықты, сүйікті Математика пәніміз.
Өткенді қайталау. «Ішкі, сыртқы шеңбер»
/өзара бағалау/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Бағалау критерийлерін оқушылар құрастырады. Топтық жұмыс. Топтарға үлестірмелі материалдар таратылады. Топтар есептің бөліктерін анықтау керек. Анықталған бөліктерді сәйкес сөздермен байланыстырады. 1-топ. Есептің шартын анықтау. 2-топ. Есептің сұрағын анықтау. 3-топ. Есептің шешуін анықтау. Дескриптор: Есептің бөліктерін анықтай алды. Бөліктерді сәйкес сөздермен сәйкестендірді. Өз жұмыстарын қорғай алды. Топтық жұмыс. 1-топ. Есепке сұрақ ойластыр. Айдынның топтамасында 8 марка бар, ал Әселдің топтамасында 2 марка кем. 2-топ. Егер есеп 6 + 4 = 10 (ашықхат) түрінде шығарылса, есепте қай сөз түсіп қалған?Мәриям саяхат кезінде үйіне 6 ашықхат, ал Нұрай 4 ашықхат жолдады? 3-топ. Есептің шешуін анықтау. Айдынның топтамасында 8 марка бар, ал Әселдің топтамасында 2 марка кем. Дескриптор: Есепке сұрақ қоя алды. Түсіп қалған сөзді анықтады. Есетің шешуін анықтай алды. Дәптермен жұмыс «Орындап көр» | ||
Рефлексия: 5 мин | -Сендерге сабақ ұнады ма? - Естеріңде не қалды? - Сабақта қандай қиындықтар болды ? -Сабақта кім бәрінен жақсы жұмыс істеді? | ||
Саралау | -Сіз қандай қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? -Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | ||
Бағалау | -Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Оқушыларға қызықты, тартымды болу үшін әртүрлі бағалау түрлерін қолданамын. | ||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі Дүниетану АҚТ | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?