Уақыт туралы түсінік Уақыт өлшем бірліктері туралы түсіну.Минут. Сағат. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3C бөлім: Уақыт туралы түсінік

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 10/03.16

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

3C бөлім: Уақыт туралы түсінік

Уақыт өлшем бірліктері туралы түсіну.Минут. Сағат.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.10 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, тәулік, апта күндері, ай) білу, тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолдану және олардың өзара байланысын білу

 Сабатың мақсаттары

Тиісті уақыт өлшемдерін пайдалану және олардың өзара байланысын білу.тәжіирибелік тапсырмаларды орындату арқылы оқушыларға бір минуттық уақыт ұзақтығы туралы түсінік қалыптастыру

Уақыт өлшемі «минут» туралы түсінік енгізу.

 Жетістік критерийлері

  • минут уақыт аралығы екендігін;
  • бір минут ішінде қандай іс әрекеттерді орындауға және қанша рет орындауға болатынын;
  • минуттың уақыт өлшем бірлігі екеніні түсінетін болады.

 Сөздік қор

минут

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқиғаларды уақыт бойынша орналастыру

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

3минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

ОМ анықтап алу

  • Уақыт туралы білетін боласың

презентация,

сағат моделі,

тапсырмаларжазылған кеспеқағаздар

30 минут

Ой шақыру

Жұмбақ

Сыртылдайды күнімен

Сыртылдайды түнімен

Білгің келсе уақытты

Көрсетеді тілімен

(Ұ,Қ) Оқушылардан олар естіген және түсінетін уақыт бірліктері туралы сұрау.

Мысалы, телебағдарламаның жүру ұзақтығы, тағам пісіруге кететін уақыт, мектепке дейінгі аралықты жүріп өтуге кететін уақыт.

(ҰМК) Бір күн нені білдіретінін білу үшін,

Бұны Жердің Күнді айналуымен байланыстыра отырып, Күн Жердің ең жоғары нүктесіндегі болатын уақытты «талтүс» деп атайтынымызды түсіндіру Бір тәулік 24 сағат болады.

Ертеде адамдар сағат пайда болмас бұрын уақытты күнгеқарап, әтештің шақырғанына қарап тіпті кей елдерде есектің шақырғанына қарап та ажырата білген. Қазақтар күнге қарап уақытты былай болжаған.

Таңертеңгі күн шыққан уақыт-сәресі

Күн тас төбеге келген кез- талтүс

Түс қайтқан уақыт-бесін

Күн байыр шақ- екінді

Күн ұясына қонған шақ –ақшам деп аталған

Сағат түрлерімен таныстыру.

Ертеде алғашқы сағаттар Қытай елінде пайда болған. Қазіргі кезде сағат түрлері өте көп

сағат моделмен тәжірибе жүргізе отырып уақытты анықтауға үйрету.

Уақыттың өлшем бірлігі-минут.

Біз «1 минут күте тұршы»- деп айтамыз сендер қалай ойлайсыңдар ? Бұл көп пе? аз ба?

Сендер қалай ойлайсыңдар?

Зерттеу жүргізу1 минут ішінде қай әрекеттерді неше рет қайталай аласың?

  • өз есімін жазу;
  • қағазға нүктелер салу;
  • жіпке моншақтар тізу.

оқушыларды минут уақыттың өте қысқа аралығын көрсететін өлшем бірлігі, бірақ осы уақыт аралығында да кейбір іс-әрекеттерді орындап үлгеруге болатындығына назар аударту.

Сен білесің бе?

Дені сау адамның жүрегі 1 минутта 60-65 рет соғады.

Өз тамыр соғысыңды анықта. Сенің жүрегің 1 минутта қанша рет соғады?

(ҚБ)

1.Өз пікіріңді білдір.

Пікірлер

иә

жоқ

білмеймін

Минут-уақыт өлшем бірлігі

Минут- ең ірі уақыт өлшем бірлігі

Минут сөзін қысқартып жазуға болмайды.

Бір минутта үлкен кітапты оқуға болады

Сабақтың соңы

5 минут

Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?

«Бес жолды» өлең құрастыру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

уақыт өлшемін анықтауда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

уақыт өлшемін анықтап үйренеді

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу