Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ТЕҢДЕУЛЕРІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 2-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В Стехиометриялық есептеулер
Бұл сабақта химиялық реакцияларды теңестіру және зат мөлшері ұғымдарын қалыптастыру жалғастырылады. Оқушылар бұл сабақта реакция теңдеулері бойынша есептеулар жүргізіледі. Алдыңғы өтілген тақырыптарды қорытындылап жүйелеуге және қайталауға, білімді бекітуге мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім реакция теңдеулері бойынша есептердің түрлерін көптеп шығарта алады.
Алдымен химиялық реакцияларды жазу және теңестіруді қайталау ұсынылады. Әрине осы сәтте мұғалім зат массасының сақталу заңын қайталай отырып, реакция теңдеулеріне сүйене отырып сандық есептерді жүргізуге болатынын айтып өтеді. Ол үшін жұпта оқушыларға келесідей реакция теңдеулерін беруге болады, орындап болған соң оқушылар бірін бірі бағалай алады.
1-нұсқа | 2-нұсқа |
…. + O2→ CaO NaOH + H2SO4 → …. + H2O CaCO3 → CaO + …. Fe + HCl = …. + H2 | …. + H2SO4 → ZnSO4 + ….. H2O → H2 + ……… NaCl + HNO3 → …. + …. Cu + O2 → ….. |
Алдымен оқушылар оңайырақ есептерді шығарып машықтануы керек, содан кейін ғана күрделірек есептерді қосуға болады. Дегенмен, мұғалімнің оқушылар қарапайым есептерді шығара алғандығына көзі жетпейінше күрделісіне көшудің қажеттілігі жоқ. Ол үшін оқушылар есепті шығарудың ретін нақты білулері және ажырата алулары керек.
Химиялық реакция теңдеуі бойынша есеп шығару реті
1. Есептің шартымен мұқият танысу.
2. Есеп шартын таңбалармен жазып, есептің берілгенің жазу.
3. Реакция теңдеуін жазу.
4. Реакцияны теңестіру.
5. Есеп шартында айтылған заттардың астын сызу.
6. Теңдеу бойынша есеп шығаруға қажет мәліметтерді анықтау (есеп шартына байланысты молекулалық масса, зат мөлшері, көлем, атом саны).
7. Теңдеудегі формула үстіне есеп шартында берілгенін, ал астына теңдеуден табылған шамаларды жазамыз.
8. Пропорция құрып теңдеуді есептейміз.
Мысал. 20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО массасы қанша?
Берілгені: m (Са)=20 г
Табу керек: m (СаО)- ?
Шешуі:
1) Кальций металының ауада жанғандағы реакция теңдеуін жазып теңестіреді?
2Ca + О2 = 2CaО
2) реакцияға қатысатын қажетті заттардың формулалары бойынша массаларын есептейді:
Мr (Са) = 40 2М(Са)= 40 г∙2= 80 г
Мr (СаО) = 40+16=56 2М (СаО)= 56г∙2= 112 г
3) тиісті формулалардың астына берілген және іздейтін шамалар жазылады.:
2Ca + О2 =2CaО
80 г – 112 г
20 г- х г
4) теңдеу бойынша:
80г Са оттекпен әрекеттескенде 112г СаО түзілді,
Ал 20 г Са оттекпен әрекеттескенде х г СаО түзіледі. Бұдан мынадай пропорция құруға болады.
80г : 20г =112г : х г, х=20 г ∙ 112г / 80г = 28 г CаО түзіледі.
Жауабы m(СаО)=28 г
Мольмен шығару мысалы. Кальций мен оттек әрекеттескенде 56 г СаО түзіледі. Реакцияға қатынасқан оттектің массасы мен зат мөлшері қанша?
Берілгені: m (СаО) = 56 г
Табу керек: m (О2) - ?
ν (О2) - ?
Шешуі:
2Ca + О2 =2 CaО
32 г 112 г немесе 1 моль - 112 г
х г 56 г 2 моль -56г
Бұдан х=32г∙56г / 112г = 16 г (О2 ) түзіледі, және ν= m / М
ν= m / М =16 г/ 32г/моль = 0,5 моль (О2) табылады.
Жауабы: m (О2)=16г
ν (О2)=0,5 моль
Сабақты бекіту мақсатында келесі есептерді шығартуға болады:
- 8 г мыс (ІІ) оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі?
- Нәтижесінде 4 моль сутек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?
- Массасы 6,5 г цинк оттекпен әрекеттессе цинк оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?
- 1 моль алюминий күкіртпен реакцияға түсу үшін қанша күкірт қажет және түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңдер?
- Оттегінде 54 г алюминий жанған кезде, алынған алюминий оксидінің массасы қандай?
- Массасы 360 г алюминий сульфидін алу үшін, оған жұмсалған алюминий мен күкірттің массасын есептеп шығар.
- 8 г мыс(ІІ) оксидінен мысты жеке бөліп алу үшін, қанша грамм сутегі жұмсалады?
- 8 г сутегі жанғанда түзілетін судың массасы және зат мөлшері қанша?
- Реакцияға 16 г оттегі түскенде судың қандай зат мөлшері шығады?
- Реакциядан 9 г су түзіледі. Реакцияға түскен оттегінің массасын және зат мөлшерін табыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?