Уақыттың өлшем бірліктері .Тәулік. Апта күндері. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3В: Шамалар.Уақытты білу.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова А.А

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақыттың өлшем бірліктері .Тәулік.Апта күндері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері

 Сабақ мақсаттары

1.1.3.5 Циферблат бойынша уақытты анықтау/уақытты өлшеу бірліктерін ажырату: минут, сағат, күн, апта, ай.

1.1.3.1 ** Шамаларды ажырата білу: ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт; өлшеу үшін шамалар мен құралдарды таңдау; өлшем жүргізу.

1.1.3.2 **Өлшем бірліктерді пайдалана отырып, шамаларды өлшеу: с.

 Бағалау критерийлері

  • уақытты өлшеу бірліктерін ажыратады.
  • Өлшем бірліктерді пайдалана отырып, шамаларды өлшейді

 Сөздік қор

 

уақыт, алғашында, сосын, бұрын, кейінірек, таң, күн, кеш, түн

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды жұптасып, топтасып жұмыс жасай отырып, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

  Мектеп миссиясы мен мектеп

  пайымдауы және жаһандық

  азаматтықтың іске асуы

Уақыт өлшеу, білудің және уақытты үнемдеудің адам үшін маңыздылығына тоқталу.

 Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, ғылымға кіріспе , дене шынықтыру( сергіту сәті) пәндерімен байланыс.

Алдын игерілген білім

100-ге дейін жұп, тақ сандармен, ондықтармен тура және кері санай алуы; оқуы, жазуы, бір таңбалы сандарды қосуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7минут

  • Ұйымдастыру кезеңі

-Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын.

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Сабаққа дайындық

Ауызша есептеу:

9+5 5+4 20+30

9+2 6+5 50-40

8+3 7+4 60+10

2. Оқу мақсатын анықтау.

Уақыт өлшем бірліктерімен, циферблатпен, тәулік, апта күндерімен танысу және уақытты өлшеу.

Суреттер , сағат моделі, .

тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

30 минут

Уақыт өлшем бірліктері туралы түсіну

Оқушылар бір минут ішінде не істей алатынын анықтату. Мұғалім белгі беру арқылы уақыттың басталғанын білдіреді, ал оқушылар бір минуттың аяқталғанын дәл көрсету керек, бәрі көрсетіп болған соң мұғалім кімнің дәл көрсеткенін айтады.

Кино

Достар киноға барды. Фильм сағат 4-те басталды да, 1 сағатқа созылды. Достар кинозалдан сағат нешеде шықты? (сағат 5-те шықты)

Ойын қашан басталады?

Балалар аулада екі сағат ойнады. Олар 12- де ойынды аяқтап үйлеріне қайтты. Балалар ойынды сағат нешеде бастады? (Жауабы сағат 10-да)

Үй тапсырмасы

Маржан үй тапсырмасын 1 сағатта орындады. Айжан үй тапсырмасын 10 минут ерте орындап бітірді. Қыздардың әрқайсысы үй тапсырмасын неше минут орындады.

Сен мұны қалай білдің?

Жауабы: Маржан 60 минут орындады себебі,1 сағат 60 минутқа тең

Айжан 50 минут орындады себебі, ол 10 минутқа кем орныдады.

(Ж) Орындап көр

Сағат моделімен жұмыс (слайд)

Шығарып көр

Мирасқа ауылдан қалаға бару керек. Егер ол автобуспен баратын болса, жолға 2 сағат уақыт керек. Ал егер жеңіл машинамен барса, онда 60 минут кетеді. Қалаға жылдам жету үшін Мирастың қандай көлікпен барғаны дұрыс.

Жауабы: жеңіл машинамен

Ойлан

Кестедегі сұрақ белгісінің орнында қандай сурет болуы мүмкін?

(Ж,Т) Бір сағатта, бір аптада өтетін оқиғалардың өзгерістерін байқау үшін шағын топтағы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Көптеген оқушылар бір апта ішінде болатын оқиғалар мен өзгерістерді байқамауы мүмкін. Өсіп келе жатқан өсімдік тұқымының бір аптадан астам уақыт ішінде жарып шығатынын бақылауға болады.

Уақыт өлшем бірліктерін салыстыру. Қайсысының қозғалысы жылдам, баяу?

Елімізде 1 миутта:161 тоңазытқыш

13 кір машина

12 велосипед

18 радио

80 сағат жасалады екен!

Тәулік деген не?

Тәулік – тетелес бір күн мен бір түннің қосындысы.

1-6-ға дейін түнгі уақыт

7-12-ге дейін таңертеңгі уақыт

13-18-ге дейін күндізгі уақыт

19-24-ке дейін кешкі уақыт

Апта- жеті күннен тұратын уақыт аралығы. Апта күндері ретімен орналасады. (Слайд)

кеше – вчера

бүгін – сегодня

ертең – завтра

дүйсенбі – понедельник

сейсенбі – вторник

сәрсенбі – среда

бейсенбі – четверг

жұма – пятница

сенбі – суббота

жексенбі – воскесенье

Блиц-турнир

1.Апта күндерінің саны жұп па, әлде тақ па?

2.Сабақ кестесіне қара, дене шынықтыру сабақтары аптаның қай күндері болады?

Сергіту сәті

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық

(Ж)

3.Жұманың алдында аптаның қай күні келеді?

4.Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн өтеді?

5.Сейсенбіден неше күннен кейін сенбі болады?

Шығарып көр

Нұргүл дүйсенбі күні вокал үйірмесіне барды. Екі күннен соң, домбыра үйірмесіне барады. Домбыра үйірмесі аптаның қай күні болады?

Орындап көр

Нұсқаулыққа қарап, сүтті сатып алу кестесін құр.

Ойлан

Сейсенбіден бері үш күн өтті. Аптаның қай күні болды?

Сабақтың соңы

3 минут

Қорытынды

Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?

Сендер туғаннан бері қанша уақыт өтті?

Біз 1 минут күте тұршы деп айтамыз сендер қалай ойлайсыңдар ? Бұл көп пе? аз ба?

Сендер қалай ойлайсыңдар?

адам бір күнде 10 см-ге өсуі мүмкін бе?

Рефлексия

Дифференциация оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өлшем бірліктерді пайдалана отырып, шамаларды өлшеуде қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

Өлшем бірліктерді пайдалана отырып,уақытты өлшеу тәсілдерін үйренеді.

Сергіту сәті арқылы жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2: Жұптық жұмыс

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу