Металдардың белсенділік қатары. Практикалық жұмыс № 1 «Металдардың белсенділігін салыстыру». Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«МЕТАЛДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК ҚАТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1С Металдардың белсенділігін салыстыру

 Бұл тараудың барлық тақырыптары оқушылардың әртүрлі реакцияларды жүзеге асырып, зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар әртүрлі ерітінділерімен металдардың реакцияларын зерттейді, реакция нәтижелері негізінде өздері металдардың белсенділік қатарын құрады. Тараудың қортынды сабағында оқушылар жалпы белсенділік қатарын қорытып шығарады. Осы тәжірибелерді орындау арқылы практикадан теорияға принципі жүзеге асырылады. Ол үшін алдыңғы үш сабақтан жасаған қорытындыларын бір-бірімен сәйкестендіреді. Бұл тараудың негізгі оқу мақсаттары келесілер болып табылады:

 8.2.4.2 белсеңді металдардың салқын сумен, ыстық сумен және бумен әрекеттесу реакцияларын сипаттау;

 8.2.4.4 әртүрлі металдардың қышқыл ерітінділерімен реакцияларын зерттеу;

 8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен реакцияларын жоспарлау және зерттеу;

 8.2.4.7эксперимент нәтиежесі бойынша металдардың белсеңділік қатарын құру және оны анықтамалық мәліметпен салыстыру.

 Тапсырма. Металдардың белсеңділік қатарын құрастыру.​

 Арасындағы реакцияны жүзеге асыру: а) тұз қышқылымен, б) сумен, в) натрий хлориді ерітіндісімен натрий және алюминий кесегі, кальций түйіршігі, мыс жолағымен, темір үгінділері, қорғасын жолағы, литиймен, магний таспасымен, калий, натриймен, қалайы жолағымен. Бақылауларды кестеге жазыңыз. Металдардың белсеңділік қатарын шығарыңыз. ​

 Эксперимент жүргізгеннен кейін және бақылау кестесін толтырған соң, оқушы қорытынды шығарады. ​

 Металдардың белсеңділік қатарын құрастырады. Бақылау негізінде металдардың қолдану аймағын болжайды.

 Берілген тапсырманы оқушылар 3 сабақ ішінде орындайды. Бірінші су бойынша белсеңділік қатарын шығарады, содан кейін қышқыл және тұз бойынша. Содан кейін алынған нәтижелерін талдайды, қорытындылайды. 3 эксперимент бойынша металдардың белсеңділік қатарын құрастырады және кестедегі мәліметтермен салыстырады. Осылайша оқушылар жоғары ретті дағдыларын дамытады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?