Өрнектерді салыстыру. Екі амалды өрнектер. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 В бөлім: Өрнектермен танысу

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:3.03.2016 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Өрнектерді салыстыру. Екі амалды өрнектер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.7 Бірнеше амалы бар өрнектердің мәнін табу (жақшасыз)

 Сабақтың мақсаттары

Қосу мен азайту амалдарымен берілген математикалық өрнектегі амалдың орындалу ретін дұрыс түсінуді қалыптастыру.

 Жетістік критерийлері

Бірнеше амалы бар өрнектердің мәнін таба алады

 Сөздік қор

 

Амалдың орындалу реті, мысал, өрнек, текше, мерген атқыш.

 Құндылықтарды дарыту

Шапшаңдық, ұқыптылық қасиеттерін дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану. «Мерген атқыш» тапсырмасын орындату барысында

Алдыңғы меңгерілген білім

100-ге дейін сандар туралы түсініктері бар; қосу мен азайтудың нәтижесі; сандарды салыстыру тәжірибесі және теңдік пен теңсіздікті жазу кезінде белгілерді пайдалануды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу.

Сабақтың мақсатын қою.

Сабақтың ортасы

) Сабақтың басында оқушыларға 4 баладан тұратын топпен тапсырма орындауды ұсыну. Әр топқа үштен ойын сүйектерін тарату. Үш сүйекті бір уақытта кезекпен лақтыруын және сүйектің жоғарғы қырына түскен сандарымен арифметикалық амалды орындау керектігін түсіндіру. Түскен сандардан қосындыға өрнек, айырмаға өрнеку құруға (егер мүмкін болса) немесе амалдарды араластырып өрнек құрастыруды сұрау. Оқушыларға есептерді бірнеше амалмен шешкен кезде, амалды бірінен соң бірін бірізділікпен орындау қажет екенін ескерту. Амал кезегі солдан оңға қарай жалғасады. Алдыңғы сабақта қосу амалымен берілген өрнектерді қарастырып, онда амалдың орындалуының бірізділігі қосындының жалпы нәтижесіне әсер етпегенін байқағанымызды еске салу. Оқушыларға амалдың орындалу ретінің орнын ауыстыруды және нәтижесін есептеп көруді ұсыну.

Егер оқушылар 4, 6 және 5 сандарымен 6-5+4=5 теңдігін құрады. Амалдың орындалу ретін ауыстырса, онда теңдіктің мәнін табуға болмайды. Оқушылар амалдың нәтижесі алдындағы санмен бірдей болмағанын көрген соң, амалдың орындалу ретін кез келген жағдайда ауыстыруға болмайды деп қорытынды жасауға жетелеу. Өрнек қосу амалымен берілген кезінде ғана амалдың ретін ауыстыру мүмкін екенін түсінеді, ал өрнек азайтуға немесе аралас амалдарға берілсе, амалдың орындалу реті солдан оңға қарай қатаң түрде сақталатынын түсіндіре кету.

(ЖЖ) «Мерген атқыш» тапсырмасын жұпта орындауын ұсыну. Оқушылар кезекпен екі амалмен қосуға өрнек құрады және ұлдардың әрқайсысының алған ұпайының жалпы санын есептейді. Содан кейін нәтижелерін салыстырту (қосымшада үлестірмелі материал берілген).

Оқулықтағы «Шығарып көр» тапсырмасын да жұппен орындату. Оқушылар мысалдар тізбегін орындайды және амалдың орындалуының соңғы нәтижесін тексереді (қосымшада үлестірмелі материал берілген).

(Ұ) Оқушыларға екі амалды сандық өрнек құруға, амалдың орындалу ретін қоюға және нәтижесін шығаруды ұсыну.

Ламинатталған қағаз парағы, маркерлер, ойын текшелері.

Сабақтың соңы

(Ұ, Ө) Сабақты түсінгендерін қалыптастырушы бағалау арқылы анықтау үшін, оқушыларға сұрақтар қою:

  • Мысалды шығару үшін, қанша амал орындау керек? Мысалдағы амал ретін қойыңдар: 67-4+10
  • Бірінші амалдың нәтижесін ламинатталған қағазға жазып көрсетіңдер.
  • Екінші амалдың нәтижесін жазып көрсетіңдер.
  • Амалдардың ретін ауыстыруға бола ма?
  • Неге?
  • Қосу амалымен берілген үш компонентті мысалда амалдар қандай ретпен орындалады?

«Жетістік баспалдағы» бойынша өзін-өзі бағалауды өткізу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.

Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу