Топырақтың қандай қасиеттері бар? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау Жаратылыстану пәні 3 сынып 5 тарау 3 сабақ Сабақ тақырыбы: Топырақтың қандай қасиеттері бар? Ұйымдастыру.
2. Біліміңді тексер! Өткен тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап арқылы өз білімдерін тексереді. 1. a) 2.c) 3. c) 4. a) 5. a) Сабақтың ортасы: 1.Топырақтың түсі. Оқушыларды шағын топтарға бөлу. Әр топқа әртүрлі топырақ салынған үш пластикалық стақандар тарату (біреуінде саз көбірек, екіншісінде – құм, үшіншісінде – қарашірік). Топырақтардың түсі неге әртүрлі екенін, құрамында қандай заттың көбірек екенін топта талқылау және ойларын ортаға салуға қолайлы жағдай туғызу. (Түрлі мөлшердегі саз, құм және қарашірікке байланысты) 2. Топырақтың борпылдақтығы. Стақандардағы топырақпен эксперимент жүргізуге бағыт беріледі. - Саз бен қаратопырақ стақандарынан бір уыс топырақ алып, екі алақанға қысу талап етіледі. Алақанды ашып, не өзгергенін айтады (Қаратопырақ қаттырақ қысылды) - Қай жерде ауа көбірек екен? (Қаратопырақта) - Топырақтың ішінде ауа қай жерде болады? (Қатты бөлшектер арасындағы қуыстарда.) - Сазды топырақты қалай атауға болады? (Қатты) - Құрамында ауа көп топырақты қалай атайды? (Борпылдақ.) - Топырақта ауа не үшін керек? (Ол тірі ағзаларға тыныс алу үшін керек) Топтың ортақ шешімін кестеге толтырып, басқалармен ой бөлісу.
3.Топырақтың басты қасиеті. Тақтаға «құнарлылық» сөзі жазылады. - Жазылған сөзді сөз құрамына талдап, сипаттама беріледі. 4. Зертте. Топырақта су қалай қозғалады? Алдын-ала қажетті ресурстар: су құйылған стақандар, жұмсақ топырақ, ұсақ тастар, қағаздан жасалған гүлдер дайындалады. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық беріледі.
5. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен танысқан соң, жұпта борпылдақ және құнарлы, сазды және құмды топырақты ссалыстырып, Венн диаграммасы арқылы сипаттау. 6. Ойлан. Жерден басқа қандай ғаламшарлар, Жердің басқа ғаламшардан қандай айырмашылықтары бар екенін сұрау. (Жерде ауа бар, су және тірі ағзалар бар.) Басқа ғаламшарларда топырақтың бар не жоқ екенін қайдан білуге болатыны сұралады. (Басқа ғаламшарлар мен Айда топырақ болмайды, өйткені онда су, ауа және қарашіріктің қалыптасуы үшін тірі ағзалар жоқ) 7. Сен білесің бе? Оқушылардан бақшада көгөністен басқа не өсетінін атату. (Арамшөптер.) Арамшөптің сұрпы бойынша топыраққа ненің жетіспейтінін, оның құрамын қалай өзгерту керектігін анықтауға болатыны айтып жеткізіледі. Қосымша тапсырма Жұмыс дәптері: 63-жұмыс парағы. «Топырақтың қандай қасиеттері бар?», 7-б. Рефлексия
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?